Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз
©

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 97
  • Week Visit: 4  313
  • Month Visit: 44  247
  • Years Visit: 314  216
  • Total Page Views: 7  960

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Негізгі

 Панфилов ауданы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

аким района 3

     Кең-байтақ еліміздің оңтүстік–шығыс шебіне қоныс тепкен жазиралы Жаркент өңірінің жері көркем, тарихы терең. Мұнда қазақ халқымен бірге 46 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір атаның балаларындай тату-тәтті ғұмыр кешіп, еңбек етіп келеді. Олардың арасынан Х.Көбіков, Қ.Тышқанбаев, С.Лутфуллин, А.П.Пащенко, П.Ф.Поросенков, М. Хмылев, Н.В.Иванов, И.В.Каратаев сияқты сегіз Кеңес Одағының Батыры, Б.Сайназаров, А.Абданова, Ш.Сәпиев, М.Ниязова, К.Айтжанова, А.Зайнаудинова, Ә.Қасымбеков, Ә.Бақтаев сынды Социалистік Еңбек Ерлері шыққан. Ал Н.Н.Головацкий бұл жоғары атақты екі мәрте алған. Сондай-ақ, жаркенттіктер «Дала академиктері» атанған Ы.Қожахметов, И.Белалов, Н.Сауранбаев, сонымен қатар Ғ.Тұрғанбаев, Ә.Ыбыраймолдаев, А.Машуров сынды ірі-ірі ауыл шаруашылығы өндірісі ұйымдастырушыларының есімдерін де мақтан тұтады.
      Бұл өлке-бүкіл елімізге, тіпті одан да тыс жерлерге аты мәлім өнер адамдары мен қайраткерлер туған топырақ. Олардың көшбасында қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы, Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеев пен көзі тірісінде-ақ «Жетісудің бұлбұлы» атанған Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышев тұр. Тағы басқа да қайраткерлігімен, қаламгерлігімен, теңіздей терең білімімен көпшіліктің көңілінен шыққан Қ.Сұлтанов, Р.Нұрпейісов, Б.Нұржекеұлы, С.Дәуіт, Т.Исабеков, З.Сәмади, Т.Тохтамов, Ұ.Ибрагимов, Б.Өмірбеков, А.Тасымбеков, Ж.Қорғасбек, Ш.Алжанбай сынды абзал жандар көптеп саналады. Шығысында Басқұншыдан-Басшиге дейін, солтүстігінде Арқас Алатауынан-Іле өзеніне дейін созылып жатқан бұл өңірде табиғаттың талай талай тамаша туындылары бар. Хайуанаттар әлемі де сан алуан. «Жері байдың-елі бай» демекші, аудан тұрғындарының әл-ауқаты да жоғары. Рухани-мәдени өмірі де өте қызықты.
      Сіздер біздің ресми сайтымызға ену арқылы ауданның барлық тыныс-тіршілігі, мемлекеттік органдардың қызметі, қоғамдық ұйымдардың жұмысы, күнделікті болып жатқан жаңалықтар жайлы ақпарат ала аласыздар. Аудан әкіміне өздеріңізді толғандырып жүрген сұрақтарды қоюларыңызға болады.

Құрметпен, Панфилов ауданының әкімі Абдулдаев Бердәулет Ешенұлы


Мемлекеттік рәміздерGos Президенттің Жолдауы 111 Әкімнің блогы

аким района 3