Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 888
  • Week Visit: 10  679
  • Month Visit: 48  562
  • Years Visit: 538  093
  • Total Page Views: 17

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Абылайхан Оспанов: «Азаматтарға арналған үкімет» азамат-мемлекет қарым-қатынастарын өзгертудің негізгі драйвері болуы тиіс

Мемлекеттік корпорация төрағасы Абылайхан Оспанов ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында:«Азаматтарға арналған үкімет» дамуының перспективалары туралы, заманауи ХҚКО-лар құру, үйге барып қызмет көрсету және мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа орындарының ашылуы туралы айтты.

Оспановтың айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік корпорация трансформациялау жоспарын пысықтап жетілдіруде. «Азаматтарға арналған үкімет» азамат-мемлекет қарым-қатынастарын өзгертудің негізгі драйвері болуы тиіс. Ол үшін корпорация азаматтармен өзара қарым-қатынас кезінде тиімді және ең үздік, сандық тәжірибені ендіріп,іштен өзгеруі тиіс- деді  Абылайхан Оспанов.

Аталған жетістіктерге жету үшін мемлекеттік корпорацияның 2017 жылы үш негізгі даму бағыты анықталды. Бұл мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сервистің артуы, қызметтерді көрсету процесінде жаңа технологияларды ендіру және қызмет көрсету спектрін кеңейту. Осылайша, жақын арада қызметті үйге жеткізіп алуды қосу, Астана және Алматы қалаларында заманауи ХҚКО-ларды ашу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік корпорация басқармасының төрағасы кейбір қызметтерді алу кезінде тіркелген мекенжайына байланыстыруға, қызметті берушілердің ақпараттық жүйеде кездесетінқұжаттардыталап етуге қатысты және т.б.бірқатар проблемалық сұрақтарды көтерді. «Біз мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі қиыншылықтарды шешу жолдарымен жұмыс істеудеміз. Қаңтар айында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіпбосанған әйелдерге бала тууға және балабір жасқа толғанға дейін оның күтіміне жәрдемақы тағайындауды тіркелген орнына байланыстырмай, яғни облыс шеңберінде ресімдеуге жол беретін пилоттық жоба іске қосылды. Қазір бұл қызметтің эксаумақтылығын Қазақстан бойынша енгізу мәселелері пысықталуда»- деді Оспанов.

Пікірлер қалдыруы жабылған.