Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 891
  • Week Visit: 10  682
  • Month Visit: 48  565
  • Years Visit: 538  096
  • Total Page Views: 8

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Азаматтарға арналған үкімет : бір терезеден – бір өтінішке

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-%d1%81%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d1%82-%d1%81Есіктен – есікке жүру, үйілген анықтама жинау,  көптеген құжаттар, бос жүрістерден шаршаған қазақстандықтар үшін, «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы құрылуымен келмеске кетті. Қазіргі танда көптеген мемлекеттік қызмет түрлерін ХҚКО-ның есігін аттамай ақ, өзіңің жеке  компьютеріңде отырып немесе ұялы телефон, смартфондар арқылы жеке кабинетіне кіріп алуға болады. Сіздер бұны жай қиял деп отырған шығарсыздар. Осыдан екі-үш жыл бұрын  «бұл мүмкін емес» деп айтқан шығарсыздар. Ал қазіргі таңда бұның бәрі уақытымызды үнемдейтін шындық. 2016 жылдың сәуір айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрт ведомстваны біріктірген болатын: ХҚКО, зейнетақы төлеу орталығы, жылжымайтын мүлік және жер кадастры орталығы.

Бүгінгі күні «ХҚКО»-ның көрсететін қызметі, артықшылықтары туралы «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Алматы облыстық филиалы ХҚКО департаментінің директоры  Самат Иманғалиев  айтып береді..

Мемлекеттік корпорациясына бірнеше қызметтердің бірігуі тосыннан  болған шаруа емес. «Біз қазақстандықтардың өмірге келген күнінен, өмірден өткенге дейінгі кезеңдерді қадағалап отырамыз» –деп Иманғалиев атап өтті.      

Біздің қызмет қазақстандықтардың өмірін жақсарту,  мемлекеттік  қызметтің барлық спектрін жедел алуға жағдай жасау. Барлығы қол жетімді және оңай, оған жету үшін оңай жол немесе тәсіл іздеудің қажеті жоқ.      

Біріктірілген мемлекеттік қызмет бірыңғай провайдерін азайтады, әкімшілік кедергілерді, құжаттар тізбесін, сұратылған мемлекеттік қызметтерді алуға, бұл процесті оларға көрсету анағұрлым ашық, ал мерзімі-аз. Біздің жұмыс бойынша зерттеу жүргізу барысында қоғамдық  пікірлерге қатты назар аударылып қалай және нені оңтайлауға болатынына баса қөңіл бөлінеді. Мәселен, жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтауды алайық, бұған дейін мұндай анықтаманы алу үшін  апталап қажетті қызметтерге жүгініп, табалдырығын тоздыратын, бағамдарын күтетін, оны бекітетін және уақыт созыла түсетін.

Біздің орталыққа берілгелі қызмет көрсету уақыты біршама қысқартылды. Қазір тұтынушы ХҚКО –ға бір-ақ рет келеді, яғни кадастрлық құнын анықтауға және жерге орналастыру жобаларын бекітуге екі құжатты бірден өткізеді. Содан он күннен соң дайын құжатын алуға келеді. Біз өтінішті қабылдап, бағалау құнын жасайтын мамандарға береміз,олар тексеріп және бақылау жүргізеді. Ары қарай процесс өз ағымымен ешқандай қызмет алушының қатысуынсыз-ақ жүргізіледі. Сондай-ақ зейнетақы тағайындау және жәрдемақыға құжаттар рәсімдеу үшін, бұрын ЗТМО түске дейін ғана құжаттарды қабылдап, түстен кейін оны рәсімдейтін.Тіпті аптаның арасында бір күн жұмыс істемейтін. Бұл әрине азаматтарға ыңғайсыз болатын. Қазіргі таңда мемлекетті корпорация  аптаның алты күнінде сағат таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін. Қазіргі танда облыс орталығы Талдықорған қаласының ХҚКО сағат 8ден  8ге дейін жұмыс жасайды. Алдын-ала келіп, кеңес алуға болады.

Иманғалиевтің айтуынша композиттік қызметтер екі немесе одан да  көп қызметті бір өтінішпен қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте  жаңа босанған әйелдерге жеңілдік туды. Сонымен  қатар жыл басынан бала тууға және 1 жасқа дейін бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау кезінде эксаумақтық қағидатты (облыс шегінде) қолдану бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Перзентханадан шықпай жатып – ақ олар төрт қызмет түріне өткізе алады, яғни туу туралы куәлік, баланың туылуына және оның күтімі үшін жәрдемақы тағайындау, мектепке дейінгі балаларды балабақша кезегіне қою .

–  «Жүкті  әйелдерге беретін кеңесім, босанар алдында  жүкті әйелдер жеке шот ашып, перзентханаға өзімен бірге банктегі нөмірін және неке қию туралы куәлігінің, жеке куәлігінің  көшірмесін  және басқа  балалары болса олардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін ала барған жөн»,-дейді Самат Сайлаубекұлы.  Біздің мамандар күнделікті перзетханаға барып, әйелдерге кеңес беріп, және құжаттарды рәсімдейді.        

«ХҚКО» -ның әр бөлімінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс жасайды, онда азаматтар өздері электронды анықтамалар, баланы бала-бақшаға кезекке қоюға, айыппұлдарды төлей алады. Бұл үшін ЭЦҚ  (электронды цифрлық қолтаңба) болғаны.

Мәселен  жылдың басынан  103204 азаматтар өзіне –өзі қызмет көрсету секторы «Connection Point» арқылы  қызметтер алды. Бұл қызметті үйінде  компьютер алдында отырып  алуға болады-дейді Иманғалиев

Уақытты үнемдеу үшін барынша қолайлылық жасалуда, жаңа технологиялар жүзеге асырылуда. Қажет болған жағдайда «ХҚКО»-ға келмей-ақ өз кезегіңізді брондауға болады. Жеке кабинетке кіріп, электронды үкімет порталы арқылы кезекке келу уақытын белгілейді. Жұмыс басты адамдарға өте қолайлы қызмет, бір сөзбен айтқанда халықтың мүмкіншілігін арттыруға тырысамыз.

Алдыңғы апталарда демалыссыз жұмыс жасадық, азаматтар уақытша тіркеуге отырып алсын деп. Бұл біздің тарапымыздан көрсеткен көмегіміз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де қолжетімді. 1 және 2 топтағы  мүгедектер «ХҚКО» мобильді группасын үйлеріне шақыра алады, қызмет тегін көрсетіледі. Одан бөлек барлық бөлімдерде пандус бар және қоңырау түймесін басу арқылы қызметкерлерді шақырта алады.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға композитті қызмет түрі

Коммисиядан өтіп, мүгедектік алған азаматтарға енді, «ХҚКО»-ға келіп мемлекеттік жәрдемақы рәсімдеу керек емес. Өйткені құжаттар олардың қатысуынсыз –ақ  «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан беріледі, ол жерде жәрдем ақы төлеу ұйымдастырылады.

Бұл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің интерграциялы ақпаратты жүйесінің базасымен мүгедеттердің орталықтанған мәлімет базасының арқасында қолжетімді болып отыр. Қабылдау барысында қағаз бастылық құжаттар толығымен жойылды.

Оның ішінде құжат туралы мәлімет: жеке куәлік, мекен-жай туралы анықтаманы ақпараттық жүйе базасы және электронды үкімет арқылы алуға болады.

Оқырмандарға берілетін кеңестер:

– Егерде жұмыс жайлы арыз-шағымдарыңыз болса «Азаматтарға арналған үкімет»  1414 номеріне кез келген телефон арқылы, тегін хабарласа аласыздар.

– Есіңізде болсын, азаматтарға қызымет көрсету орталығы аптасына 6 күн, таңғы 9-дан, кешкі 8-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, келушілер күнделікті көрсетілген уақытта келе алады.

– Мүмкіндіктеріңізге қарай, егде жастағы ата-аналарынызға,туған- туыстарынызға,  бір анықтама үшін «ХҚКО»-ға келмей Egov.kz сайты арқылы  ұялы телефонға мобильді қосымшаны жүктеп, жеке кабинеті арқылы электронды анықтама алуға болатындығын көрсетіңіздер.  Бұл өте қолжетімді және ыңғайлы

Сонымен қатар автокөлік жүргізушілері Талдықорған қаласының мамандандырылған ХҚКО-да  автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін алуға қатысты барлық мемлекеттік қызметтерді бір мезетте  алады. Мамандандырылған ХҚКО-да теориялық және тәжірибелік емтихандарды тапсыру процестерін автоматтандыру адами факторларды толықтай жойып, оны барынша айқын етуге мүмкіндік береді. Бұл орталықта автокөлікті бір сағаттың ішінде тіркеп, ал жүргізуші куәлігін теориялық және тәжірибелік емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда екі сағаттың ішінде алуға болады.

Пікірлер қалдыруы жабылған.