Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 25
  • Week Visit: 13  457
  • Month Visit: 54  884
  • Years Visit: 420  202
  • Total Page Views: 13

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері сенбілік өткізді

- 280«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері еліміздің барлық облыстық орталықтарында және қалаларында сенбілікке шықты. Алматы облысы бойынша, қалаларды тазарту мен көгалдандыруға мемлекеттік корпорацияның 500 ден астам қызметкері қатысты.   

«Біз жаңа құрамда жалпы қалалық сенбілікке алғаш рет қатысып отырмыз, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚАлматы облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің директоры Иманғалиев Самат – Бүгін біз тазалық жұмыстарын  Қаратал өзенінің сол жақ жағалауында өткіздік.     

 Сенбілік барысында мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көшелерді, қалалалық бақтары мен саяжайларын тазартып, 100 астам көшет отырғызды, қоршау мен бордюрлерді ақтады. Бүгін барлығы да: инспекторлар, заңгерлер, экономистер және департаменттердің директорлары тең деңгейде жұмыс жасады. Өз қаласының таза болуына әрқайсысы да үлес қосқысы келді.

- 279«Бүгін Мемлекеттік корпорацияның ауқымын алғаш рет сезіндім», – деді  «Жер кадастры ғылыми-өндірістік-орталығы» департаментінің қызметкері Қайрат Айниязов. – Әрине, мен біріккеннен кейін штат қызметкерлерінің саны көбейгенін 20 мың адам болғанын естідім, алайда дәл осылай болады деп күтпеген едім. Бүгін алдағы болашақта орасан зор жұмыс атқарғалы тұрған өзіміздің жаңа әріптестерімізбен бетпе-бет танысу мүмкіндігі болды».

«Жер кадастры ғылыми-өндірістік-орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ларды қайта ұйымдастыру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы                       11 сәуірде өз қызметін бастап кеткендігін еске саламыз.

Мемлекеттік корпорацияны құруға барлық бизнес-процестерді оңтайландарып, автоматтандыру негіз болды, яғни: қызмет көрсету уақытын қысқарту және құжаттар тізімін азайту. Алғашқыда «Азаматтарға арналған үкімет» 522 қызмет көрсетсе, келесі этапта 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетпек.

Баспасөз қызметі

Тел. 87474628702

  «ХҚКО»департамент директорының орынбасары А.Асылбеков

Пікірлер қалдыруы жабылған.