Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 397
  • Week Visit: 35  601
  • Month Visit: 160  245
  • Years Visit: 809  142
  • Total Page Views: 1  069

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Айдарлы ауылдық округі

Жалпы мәлімет

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Айдарлы ауылы, Жеңіс көшесі, № 2

Электрондық поштасы: aidarly@bkl.ru

Байланыс телефондары: 8(72831) 39-3-46, факс: 8(72831)39-3-75.

Айдарлы ауылдық округінің жалпы жер көлемі – 1472 гектар. Ауылдық округтің құрамында 3 елдімекен бар: Айдарлы, Дарбазақұм және Сарпылдақ ауылдары. Округтің әкімшілік орталығы болып Айдарлы ауылы белгіленген. Айдарлы ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы – 58 км, Дарбазақұмауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы – 46 км, округ орталығының ара қашықтығы – 12 км, Сарпылдақ ауылы мен аудан ортағының ара қашықтығы – 38 км, округ орталығының ара қашықтығы – 22 км.

2016 жылдың 1 қаңтарына халық саны – 2507 адам, оның ішінде Айдарлы ауылында – 1625, Дарбазақұм ауылында – 604, Сарпылдақ ауылында – 278 адам тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 96%, орыстар – 0,3 %, ұйғырлар – 2,7 %, басқа ұлттар – 1 %. 

Округ бойынша 179 зейнеткер бар. Жалпы аула саны – 372. 2016 жылы туылған бала саны – 43. Округке қоныс аударып  келген адам саны – 12. 

Округте 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 1 пошта бөлімшесі, 1 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік пункт, 1 мешіт, 2 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 1 мектепке дейінг ішағын орталық бар, толығымен интернет желісімен қамтылған. Сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімінің № 8 учаскелік полиция пункті  бар. Учаскелік полиция пунктінде 1 учаскелік инспектор жұмыс істейді. Округ аумағында 1 дүкен, 3 дүңгіршек, 108 шаруа қожалығы,  1 ЖШС, «КИБАН АГРО» жылыжайы бар. Округте ақсақалдар алқасы құрылған, төрағасы – Ж.Бижанов. Ақсақалдар алқасының мүшелері округтің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді атсалысады.

Округ тұрғындары арасынан жергілікті қоғамдастыққа 11 адам мүше болып сайланған.Қоғамдастық мүшелері жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді ат салысады.


Айдарлы ауылдық округінің әкімі – Оспанбаев Ерлан Өмірғалиұлы

img_1271

          Оспанбаев  Ерлан Өмірғалиұлы 1973 жылғы 10 мамырда Панфилов ауданының Қоңырөлең ауылында дүниеге келген. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің механика факультетін инженер-педагог мамандығы бойынша бітірген.

1995-2012 жылдары Панфилов ауданы Дарбазақұм ауылындағы Дарбазақұм орта мектебінде мұғалім, директордың оқу, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2012-2013 жылдары Пенжім орта мектебінде мұғалім, директордың оқу, тәрбиеісі жөніндегі орынбасары қызметтерінде болды.

2013 жылдың 8 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін Айдарлы ауылдық округінің әкімі қызметінде.

Үйленген, 5  баласыбар.


 Округ әкімі аппаратының қызметкерлері

Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
Кадирова Райкүл Сарсенбайқызы бас маман 8(72831)3-93-85
Ажибекова Жадыра Ержанқызы
бас маман 8(72831)3-93-51
Тышқанбаева Аңса Шапанқызы бас маман 8(72831)3-93-24
Қуат Дәурен Қуатұлы бас маман (бухгалтер) 8(72831)3-93-27
жастар ісі жөніндегі нұсқаушы 8(72831)3-93-24
Тұрлыбаев Ерлан Тұрарұлы спорт жөніндегі нұсқаушы 8(72831)3-93-27
компьютер операторы 8(72831)3-93-27

Халықпен жұмыс

Құрметті азаматтар!

        Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына электрондық өтініштерін Электрондық үкімет порталы «Азаматтар және үкімет» бөлігінде жүзеге асыруға болады.

        Бұл сервис арқылы сіздер кез келген мемлекеттік органға хат жаза және жібере аласыз. Бұл жерде хаттың жеткізілуіне кепілдік береміз, оның мәртебесін бақылай аласыз әрі жауап хатты да алуға болады.

Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабымен реттеледі.

Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Жалпы сұрақтар

Округ әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізуге жауапты маманы – Кадирова Райкуль Сарсенбайқызы, тел.: 8(72831)39-3-46.


Азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібі

Лауазымы Т.А.Ә.А Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
1 Округ әкімі Оспанбаев Ерлан Өмірғалиұлы Әр аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері

сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін

13-00-ден 14-30ға дейін

Айдарлы ауылдық округ әкімінің аппаратына

жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу.

2018 жылдың 2 тоқсанындағыауылдық округ әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу: 

2018 жылдың 2 тоқсанындағы  ауылдық округ әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 19 өтініш келіп түсті, оның  19  жеке тұлғадан, заңды тұлғадан өтініш келіп түспеді. 

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді: 

  • жер пайдалану және жер учаскелерін бөлу – 14; 
  • тұрғын үй коммуналдық шаруашылық- 2; 
  • құрылыс – 1; 
  • денсаулық сақтау, санитарлық тазалық – 2; 

Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді. 

           Ауыл әкімі жеке мәселелері бойынша 4 адам қабылдады,4 мәселе оң шешімін тапты. 

            Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


Айдарлы ауылдық округ әкімінің аппаратына

жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу.

  2017 жылдың  І жартыжылдығында ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

           2017  жылдың І жартыжылдығында ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 14 – өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғадан – 13, заңды тұлға – 1

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

– жер пайдалану  және жер  учаскелерін бөлу – 10

– жер телімдерін заңдастыру – 4

     Округ әкімі Е.Ө.Оспанбаев жеке мәселелер бойынша 9 адам қабылдады, соның ішінде  7 мәселе оң шешімін тапты, 2-мәселе бойынша түсініктеме берілді. Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.

            2016 жылдың 12 айында  округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

            2016  жылдың 12 айында округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан  32  өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғадан – 31, заңды тұлға – 1

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

 – жер пайдалану  және жер  учаскелерін бөлу – 25

– жер телімдерін заңдастыру – 4

– жер телімдерінен бас тарту – 3

      Округ әкімі Е.Ө.Оспанбаев жеке мәселелер бойынша 10 адам қабылдады, соның ішінде  8 мәселе оң шешімін тапты, 2-мәселе бойынша түсініктеме берілді. Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


Айдарлы ауылдық окргі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

МӘЛІМЕТ

 

Айдарлы ауылдық округінде 3 ауыл бар. 2018 жылдың басынан мемлекеттік бюджеттің ІV деңгейі енгізілді. Айдарлы ауылдық округі қоғамдастық жиналысында Жергілікті қоғамдастықты дамытудың жоспары, бекітіліп, аудан әкімінің ресми сайтына орналастырылды.

2017 жылы 26 желтоқсанда Панфилов аудандық мәслихатының № 6-28-182 шешімімен 2018 жылға 30204 мың теңге, 2019 жылға 32016 мың теңге, 2020 жылға 33937 мың теңге көлемдерде бюджет бекітілді, оның ішінде 2018 жылға Айдарлы ауылдық округінің кірістері 12978,0 мың теңге, шығындары 10949,0 мың теңгені құрайды.

Округте жергілікті қоғамдастық жиыны өткізіліп, қоғамдастық жиналысына 11 мүшесі 4 жылға өкілеттік алған. 2017 жылы жергілікті қоғамдастықтың 4 жиналысы, 5 жиыны өтсе, 2018 жылдың 01 шілдесіне 1 жиын, 1 жиналыс өтті. Жиналыстар мен жиындарда санитарлық тазалық, бюджетті бекіту, әкімді лауазымынан босатуды, кандидатураларын келісу, трансферттерді бекіту, ауыз су жүйесінің құрылысы, қайта жаңғырту, жер уачскесін бөлу, көше атауын өзгерту сияқты және т.б. мәселелер қаралды.

2017 жылы жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 173,2 мың теңге түсті. Оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдарынана – 51,5 мың теңге, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беруден –120,5 мың теңге, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алатын айыппұлдардан – 1,2 мың теңге, аудан бюджетінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттерден – 20084 мың теңге түсті.

2017 жылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін (көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалық, жарықтандыру және т.б.) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынана 2036 мың теңге жұмсалды.

2018 жылдың 5 айында аудандық маңызы бар Жаркент қаласы мен 13 ауылдық округтің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына салықтың 6 түрінен 1811,0 мың теңге жинау жоспарланса 1635,0 мың теңге жиналды.

Округ әкімі Е.Оспанбаев

 


Панфилов ауданы Айдарлы ауылдық округінің 2018 жылға даму бағдарламасы