Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 884
  • Week Visit: 10  675
  • Month Visit: 48  558
  • Years Visit: 538  089
  • Total Page Views: 9

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Алматы облысы бойынша 1, 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттік қызметтерді үй жағдайында алу мүмкіндігіне ие

Жылдың басынан Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 325 рет сапарға шығып,  400 астам мемлекеттік қызмет түрі үйге барып көрсетілді.

Облыстағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз мемлекеттік қызметтерді ешқандай тосқауылсыз алуына барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. «ХҚКО» департаментінде «кедергісіз» кіру үшін пандустар мен шақыру бастырмалары орнатылған. Сонымен қатар 1, 2 – топтағы мүгедектердің үйлеріне барып қызмет көрсетумен қатар компьютерлік сауатын ашып, көрсетілетін қызметті өз ыңғайына қарай пайдалана алуы үшін электронды үкімет порталымен жұмыс істеуді үйретудеміз.

 «Көрсетілетін қызметтердің ішінде мекенжай анықтамалары, жылжымайтын мүлкінің жоқ/бар екендігі туралы анықтама, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар көп сұранымға ие. Сол сияқты мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке алу және кезекке қою, төлқұжаттар мен жеке куәліктер ресімдеу және тұрғылықты жері бойынша тіркеу сияқты қызметтерге де сұраныстар түседі», – дейді «ХҚКО» департаментінің директоры Самат Иманғалиев.

«ХҚКО» департаментінің ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтерін үйінен шықпай-ақ алу үшін «1414»  бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалсаңыз болады. Осылайша сіз қажетті мемлекеттік қызметтер туралы кеңес алып, өзіңізге керекті мемлекеттік қызметке тапсырыс бере аласыз. Осыдан кейін «ХҚКО» департамент қызметкерлері Сізге хабарласып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады және бару үшін қолайлы уақытты белгілейді. Бұл үдеріс 72 жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.  

 Алматы облысы бойынша «ХҚКО» департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер қалдыруы жабылған.