Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  141
  • Week Visit: 17  555
  • Month Visit: 56  655
  • Years Visit: 501  207
  • Total Page Views: 1  342

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Аппарат басшылығы

 Панфилов ауданының әкімі – Бердәулет Ешенұлы Абдулдаев,

тел. 8(72831)5-13-62, 5-01-43.

Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау күндері: әр айдың бірінші және үшінші сейсенбісі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін.

 


IMG_3823Шухрат Бурхандинұлы Курбанов – аудан әкімінің орынбасары,

тел. 8(72831)5-35-60

 

Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау күндері: жұма сайын сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін.

 

Әлеуметтік-экономикалық даму, қаржы, несие, бюджет, салық, туризм, жер ресурстарын пайдалану, жерге орналастыру, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, статистика, өнеркәсіп, қоршаған ортаны және биологиялық ресурстарды қорғау, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау, сертификаттау, стандарттау және метеорология, коммуналдық меншік, төтенше жағдайлар, аумақтық және азаматтық қорғаныс, терроризмен күрес мәселелерін басқарады.

  1. Төмендегі мекемелердің жұмысына тікелей жетекшілік етеді:

– Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі;

– Кәсіпкерлік бөлімі;

– Ауыл шаруашылығы бөлімі;

– Ветеринария бөлімі;

– Жер қатынастары бөлімі;

– Қаржы бөлімі;

– Жұмыспен қамту орталығы.

  1. Республикалық, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын төмендегі мекемелермен лауазымдық міндеттері шегінде өзара қарым-қатынас жасайды:

– кірістер басқармасы;

– қазынашылық басқармасы;

– статистика басқармасы;

– «Қорғас» кеден бекетімен;

– «Қорғас» ШМЫХО-мен;

– Жаркент орман шаруашылығы мекемесі;

– АШМ аумақтық инспекциясы;

-АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясы;

– «Қазсушар» су шаруашылығы мекемесі;

– су шаруашылығы мекемелері;

– «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК-ның облыстық филиалының Панфилов аудандық жер кадастр бөлімшесі;

– Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім;

– өрт сөндіру бөлімі;

– селден қорғау мекемесі;

– аудандағы екінші деңгейдегі банктер;

– сақтандыру компанияларының өкілдері.

  1. Төмендегі комиссияларға төрағалық етеді:

– Жер учаскесіне меншік немесе жер пайдалану құқығын беру туралы конкурстық комиссия;

– Ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру бойынша аудандық ведомствоаралық комиссия;

– Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарын субсидиялау бойынша ведоствоаралық комиссия;

– Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтерді, биоагенттерді, биопрепараттарды және минаралды тыңайтқыштарды субсидиялау бойынша аудандық ведомствоаралық комиссия;

– тәртіптік комиссия;

– Бағаны тұрақтандыру жөніндегі тұрақты штаб;

– Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс істері жөніндегі комиссия;

– Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі комиссия;

– Үйлестіру кеңесі;

– «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» бойынша комиссиялар;

 


DSCF8440Думан Әдепханұлы Төреханов – аудан әкімінің орынбасары,

тел. 8(72831)5-13-61

Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау күндері: жұма сайын сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін.

 

Сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, санитарлық тазалық, абаттандыру, су құбыры, жолаушыларды тасымалдау, автомобиль жолдары, жылжымайтын мүлікті тіркеу, энергетика, телекоммуникация, ақпараттандыру, газ шаруашылығы мәселелері.

 

  1. Төмендегі мекемелердің жұмысына тікелей жетекшілік етеді:

– «Панфилов ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі»;

– «Панфилов ауданының құрылыс бөлімі»;

– «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы»;

– «Панфилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»;

– «Жаркент су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

– «Жаркент көркейту» ЖШС;

  1. Республикалық, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын төмендегі мекемелермен лауазымдық міндеттері шегінде өзара қарым-қатынас жасайды:

– аудандық ІІБ;

– әділет басқармасы;

– сот орындаушылар учаскесі;

– нотариустар;

– телекоммуникациялар бөлімшесі;

– жылжымайтын мүлік орталығы мекемесінің аудандық филиалы;

– ХҚКО аудандық бөлімшесі;

– Жаркент электр желісін тарату мекемесі;

– Талдықорған жолдары Көктал өндірістік учаскесі.

  1. Төмендегі комиссияларға төрағалық етеді:

– Құрылысы салынып біткен объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясы;

– Құрылысы салынып біткен объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссиясы;

– Әртүрлі мақсаттарға қызмет көрсететін ғимараттарды жобалау, салу мақсатында жер учаскелерін зерттеп, таңдап беру жұмыстарын жүргізетін тұрақты комиссия;

– Тұрғын үй комиссиясы;

– Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды ынталандыру жөніндегі комиссия;

– Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссиясы.

 


%d1%84%d0%be%d1%82%d0%beРоза Азаматқызы Магрупова – аудан әкімінің орынбасары

тел. 8(72831)5-13-63

 

Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау күндері: бейсенбі сайын сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін.

 

Жалпы идеология саласы, ішкі саясат, мемлекеттік рәміздер, білім, денсаулық сақтау, БАҚ, әлеуметтік қорғау, мәдениет, көші-қон және демография, сайлау, гендерлік саясат, спорт, жастарды әскерге шақыру, жастар ісі жөніндегі жұмыстарды, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіптік одақтармен, діни бірлестіктермен жұмысты үйлестіреді.

  1. Төмендегі мекемелердің жұмысына тікелей жетекшілік етеді:

– Ішкі саясат бөлімі;

– Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі;

– Білім бөлімі;

– Дене шынықтыру және спорт бөлімі;

– Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;

  1. Республикалық, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын төмендегі мекемелермен лауазымдық міндеттері шегінде өзара қарым-қатынас жасайды:

– Аудандық орталық аурухана;

– Туберкулез ауруханасы;

– Перзентхана;

– тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы;

– Пошта байланыс торабы;

– Зейнетақы төлеу орталығының аудандық бөлімшесі;

– Әскери бөлімдер;

– Обаға қарсы күрес бөлімшесі;

– Дезинфекциялық станция;

– «Жаркент өңірі» газетінің редакциясы;

– Қорғаныс істер жөніндегі бөлімше;

– №3 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация;

– Облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған көмекші мектеп-интернаты;

– «Мейірім» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;

– аудан аумағындағы колледждер, лицейлер;

– мұражайлар, галереялар.

  1. Төмендегі комиссияларға төрағалық етеді:

– Наградалар жөніндегі комиссия;

– Аудан халқының денсаулығын сақтау жөніндегі комиссия;

– Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету, оларды оңалту мәселесі жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;

– Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия;

– Отбасы істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия;

– Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия;

– Ақпараттық-насихат тобы;

– Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік комиссия;

– Жастар ісі жөніндегі кеңес;

– Суицид және суицидалды мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі жұмыс тобы;

– Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық үйлестіру кеңесі;

-Аудандағы әлеуметтік және рекриациялық инфрақұрылым нысандарына құжаттау жүргізу жөнінде ведомствоаралық комиссия;

– Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген білім, денсаулық, спорт және агроөнеркәсіп кешен саласы мамандарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия;

– Эвакуциялық комиссия;

– Жәрдемақы төлеу;

– Жастарды әскерге шақыру.

 


img_1616Асқар Жұмаханұлы Садыков – аудан әкімі аппаратының басшысы,

тел. 8(72831)5-13-64

 

Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау күндері: сәрсенбі сайын сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін.

 

Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді.

Аудан әкімі аппаратының, әкімдіктің жұмыс жоспарын жасап, әкімдік отырыстарын өткізеді. Аудан бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жұмысты үйлестіреді. Сайлау комиссияларын материалдық-техникалық қамтамасыз етеді.

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын бөлімдердің, Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімі аппараттарының жұмысын үйлестіреді.

  1. Аудан әкімінің аппаратының жұмысына тікелей жетекшілік етеді.
  2. Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты аудандық бөлімшесімен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады.

3.Азаматтық хал-актілерін тіркеу қызметінің жұмысын үйлестіру.

4.»Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау жөніндегі комиссия төрағасы:

5.«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарға конкурс өткізу жөніндегі бірыңғай комиссия төрағасы:

6.Мемлекеттік қызметшілердің және азаматтық қызметшілердің еңбек өтілін есептеу комиссиясының жұмысына басшылық етеді.