Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

     Аудан тұрғындары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

     IMG-20150601-WA001631 мамыр күні Ұлы Жібек жолы арқылы өтетін Алматы-Қорғас автокөлік жолы бойындағы ескерткіш маңында аудан жұртшылығы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Митингке мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың басшылары, қуғын-сүргін құрбандарының туыстары мен балалары, жастар ұйымының өкілдері, студенттер қатысты. Ескерткіш маңына жиналған халық қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. 

     Митингті Жаркент қаласының әкімі Ерғали Шоқпаров ашып, жүргізді. Әнұран орындалғаннан кейін бірінші болып сөз алған аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев өз сөзінде «1937-1938 жылдардағы қанды оқиға жаңғырығы мәңгі ел жадында. Ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарына «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетті. Көптеген отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды. Осы қанқұйлы жылдары жазықсыз құрбан болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат ету – бүгінгі ұрпақ парызы» деп атап өтті. Шара барысында жас жеткіншектер тоталитарлық жүйенің құрбаны болғандарға арнап өлең оқып, аудан имамы олардың рухына Құран бағыштады.
     Қазақстан Республикасы президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі №3443 Жарлығымен жыл сайын 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып ресми бекітілген болатын.

Пікірлер қалдыруы жабылған.