Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 889
  • Week Visit: 10  680
  • Month Visit: 48  563
  • Years Visit: 538  094
  • Total Page Views: 11

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62
 Аудан әкімдігінде терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті
DSCF1011          11 маусым күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия жұмысына аудан әкімі Б.Абдулдаев басшылық жасады. Комиссия отырысына комиссия мүшелері ретінде ҰҚК, әскери бөлімдер, «Қорғас» кедені бекеті, аудандық ІІБ, жастар ұйымдары өкілдері, дәрігерлер, сондай-ақ қосымша шақырылған БАҚ өкілдері мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Діни ұйымдардан аудандық орталық мешіттің бас имамы Құндызбек Медетбеков, ауылдық округ имамдары, отец Вионор қатысты.

          Комиссия отырысын аудан әкімі Б.Абдулдаев ашып, жүргізді. Күн тәртібінде екі мәеле қаралды: «Жастарды радикалды діни идеологиядан қорғау мәселелері және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарлама аясында оларды жұмыспен қамту туралы» және «Панфилов ауданында діни ахуал және оның өзара түсіністік деңгейі. Туындап жатқан мәслелер туралы». Бірінші мәселе бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы А.Жақыбай, білім бөлімінің басшысы Т.Қастеев, аудандық ІІБ бастығының орынбасары Қ.Құттығұлов, Жаркент қаласының әкімі Е.Шоқпаров, Басқұншы ауылдық округінің әкімі Т.Батырқұлов, екінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Р.Магрупова хабарлама жасады.

          DSCF1002Комиссия отырысында сондай-ақ аудандағы ұлтаралық қарым-қатынас, діни ахуал туралы мәселелер көтерілді.

          Комиссия өз жұмысын қорытындылай келе қала және ауылдық округ әкімдеріне, бөлімдерге және мүдделі мекемелерге терроризмге қарсы күресті жандандыруды, халықтың дәстүрлі дін және экстремистік идеологияны насихаттайтын жалған діни ағымдар туралы дұры бағыт беруді, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, экстремистік пиғылдағы діни ағымдардың алдын алу жұмыстарын жандандыруды ұсынды.

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.