Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62
 Ардақты ардагерлер!
Қадірменді қауым!

1336214556_9-mamyr        9-мамыр жер шарындағы миллиондаған адамдардың есінде қалған ең қуанышты күн! Осыдан 70 жыл бұрын фашистік Германия өз жеңілісін мойындап, Кеңестер Одағы алдында тізе бүкті.

         Әлем халықтарының 80 пайызы қатысқан бұл екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор қайғы-қасірет әкелді. 40 елдің жері соғыс өртіне шалынды.

       Соғысқа Қазақстаннан аттанған 1 млн.200 мың жауынгердің 600 мыңы майдан даласынан қайтпай қалды. Ал Жаркент өңірінен он екі жарым мың ер-азамат аттанған еді. Олардың төрт жарым мыңы елге оралмады.

         Сұрапыл соғыс жылдары от кешіп, мұз жастанған жауынгерлер арасында көптеген жерлестеріміз ерекше ерлік істермен көзге түсіп, орден-медальдармен марапатталды. Ал Хамит Көбіков, Қожахмет Тышқанбаев, Илья Васильевич Каратаев, Николай Семенович Иванов, Павел Федорович Поросенков, Сульхи Лутфуллин, Анисим Павлович Пащенко, Павел Васильевич Хмылев сынды қаһармандарымыз Кеңес Одағының Батыры атанды.

         Майданға аттанған әкелердің, ерлері мен ағаларының өндірістегі орындарын жасөспірімдер, әйелдер мен қарттар ауыстырды. Ел басына күн туған ауыр кезеңде өздері аш-жалаңаш жүріп, барлық күш-жігерін сарп ете, «Бәрі де майдан үшін! Бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен егіс алқаптарында, фермаларда еңбек етті.         Соғыс жылдары Жаркент жері жау басып алған Украинадан көшірілген 200-ге жуық отбасын қабылдады. Кейіннен олардың көбі осы жерде тұрақтап қалды. 1942-1944 жылдары Мәскеуден эвакуацияланған Фрунзе атындағы әскери академияның балалар комбинаты Жаркентке келіп қоныстанды. Панфилов ауданының мұғалімдер қауымы балалар қажетіне 100 мың сом жинап берді. Сол жылдары бауырлас елдерден жарымжан,  мүгедек балалар Сарыөзекке жеткізіліп, осы жерден ауылдарға бөлінді. Әр отбасы бір-бір баладан өз қамқорлығына алып, туған баласынан кем көрмей тәрбиеледі. Соғыс аяқталғаннан кейін туған-туыстары табылып, бұл балалар өз Отандарына қайта оралды.

        Ұлы Отан соғысындағы қанды қырғын кезінде бүкіл жарты әлемді жаулап алуды көздеген арам пиғылды неміс-фашистеріне қарсы қаһармандықпен шайқасып, тыныштық үшін, бейбітшілік үшін жанқиярлық қимыл танытқан аға ұрпақтың ерен ерлік істерін біз тарихтан білеміз. Сол кезде тепсе темір үзердей жас болған, бүгінде ақ самайлы ақсақал атанған кейбіріңізбен қазіргі бейбіт заманда, тәуелсіз еліміздің төрінде қатар жүру құрметіне ие болғанымызға қатты қуанамыз. Бір жағынан, біздің бүгінгі бейбіт өміріміз үшін қан кешкен қаһарман аталарымыздың қатары күннен-күнге сиреп бара жатқаны да қабырғамызды қайыстырады. Бүгінгі күнге олардың 11-і ғана аман жетіп отыр. Жарқын болашақ үшін шайқасқан қаһарлы күндер алыстаған сайын біздің аға буын қаһармандарымыздың ерліктері келер ұрпақтың жадында қайта жаңғырып, мәңгі сақталатын болады. Олардың есімдерін ұлықтап, қамқорлық жасау – бүгінгі ұрпақтың басты борышы екені ешқашан естен кетпек емес.

         Сіздерді қариялылықтың құрметіне бөлеп, қамқорлыққа алу осы тұрған баршамыздың ең қасиетті борышымыз, парызымыз деп білеміз.

         Егемендіктің алғашқы жылдары қиыншылықтар көп болса да, соңғы жылдары жағдайымыздың жақсарып, көптеген әлеуметтік мәселелердің дұрыс шешіліп келе жатқанына өздеріңіз нақты куә болып жүрсіздер. Бұл жөнінде Президенттің Қазақстан халқына арнаған биылғы дәстүрлі Жолдауында да айқын атап көрсетілді.

         Біз үшін, біздің жарқын болашағымыз үшін бойындағы қанын, маңдайдағы терін аямаған ардагерлер үшін біз де қолдан келген көмегімізді, қамқорлығымыз бен қолдауымызды аямауымыз қажет деп түсінеміз. Осы тұрғыдан таразылағанда Сіздерге қамқорлық жасауды қашан да бірінші кезектегі басты міндеттердің бірі деп санаймыз.

         Сіздердің ел басына күн туғанда көрсеткен ерліктеріңіз бүгінгі ұрпақ үшін сан ғасырлық мақтаныш болып қала бермек. Бүгін біз Сіздердің алдарыңызда салтанатты жағдайда тағзым етіп, алғысымызды білдіреміз. Сіздерге деген құрметіміз бен қамқорлығымыз ешқашан сарқылмайды. Соғыстан кейін қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру, тың игеру жолындағы қажырлы еңбектеріңіз де біз үшін өшпес өнеге, асыл мұра.

   Сіздер қазір өмірлік бай іс-тәжірибелеріңізді үйрету барысында бүгінгі жас ұрпаққа Отанды, елді сүюдің үздік үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Сіздердің тұғырлы тұлғаларыңыз – жастарды Отаншылдыққа, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің нақты да өнегелі құралы екенін ешқашан естен шығармаймыз.

         Бүгінгідей бейбіт күнде, тәуелсіз жерімізде қуаныш-жақсылықтарымыз мол болсын! Көк байрағымыз биік желбіреп, әрқашан да біздің төбемізде ашық аспан көгілдір күмбез тартып, күн сәулесі жарқырай берсін!

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.