Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 483
  • Week Visit: 9  067
  • Month Visit: 47  065
  • Years Visit: 539  567
  • Total Page Views: 11

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Ауыл халқын жұмыспен қамту – бүгінігі күннің өзекті мәселесі

IMG_7834Тамыз айының 5 күні мәжіліс залында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Б.М. Ілиясов, Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Т. Бекішов, «Агралық несие корпорациясы»  АҚ-ның директоры  Қ.А. Абылов, «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры»  акционерлік қоғамының директоры М. И. Ибадуллаевтың қатысуымен «Ауыл халқын жұмыспен қамту мәселелері » бойынша семинар өтті. Семинардың жұмысына Панфилов, Райымбек, Ұйғыр аудандары әкімдерінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, қала, ауыл округ әкімдері, мамандар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері шақырылды.

IMG_7833Семинарды Панфилов ауданының әкімінің орынбасары Ш.Б. Курбанов ашып, жүргізді. Алғаш сөзді С. Бекішов алып, баяндама жасап, көпшілікке таныстырды. Семинарға қатысушылар ауыл шаруашылығы бойынша сұрақтар қойып, оған тұшымды жауаптар қайтарылды. Сонымен қатар М. Ибадуллаұлы сөз алып аудан, ауыл әкімдеріне және шаруа қожалықтарына жаңа бағдарламаны түсіндіріп, мақсаттарын және бағыттарын айтты.

Қорытынды сөзді Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сексембай Төлеубайұлы аяқтады.

Пікірлер қалдыруы жабылған.