Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 891
  • Week Visit: 10  682
  • Month Visit: 48  565
  • Years Visit: 538  096
  • Total Page Views: 59

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Баланы бала-бақшаға кезекке қою

Бүгінгі тіршілік жәрменкесі қызу қайнап, адам баласы өмірдің барлық саласына бірдей үлгеруге тырысқан қоғамда бала тәрбиесінін де маңызы аса ерекше. Дана ойшыл Ж.Баласагұн «Өнер-білім берем десен басынан, оқуға бер баланды жасынан» дегендей,- жас өскінге қазіргі заман талабына сай тәрбие беріп, мектепке даярлау барысында балабақшаның айырықша рөл атқаратындығын баса айтқымыз келеді.  Бала дүниеге келгеннен кейін, туу туралы куәлігін рәсімдеген сәттен бастап, баланы мемлекеттік бала-бақшаға кезекке қоямыз. Олай болса, ата-аналар назарына балаларды балабақшаға қою кезегі туралы мәліметтерді ұсынбақпыз.

Балабақшаға тіркелуге өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталығына барып өзіне-өзі қызмет көрсету секторы немесе Мобильді қосымша eGov.kz, www.egov.kz порталы арқылы беруге болады. Жас аналар мен әкелер үшін кезекке онлайн қою тәсілі қолайлы, себебі бұл үйден шықпай-ақ жүзеге асырылады.

Балабақшаға бірінші кезекті алу құқығына:

мүгедектердің балалары;

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

жетім балалар;

көпбалалы отбасының балалары;

жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың балалары ие болады.

Ескере кететін жайт, портал арқылы қызметті алу уақытында тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.

Ал, ХҚКО арқылы қызметті алу үшін:

белгіленген нысандағы өтініш;

ата-аналардың бірінің немесе заңды өкілдерінің жеке басты куәландыратын құжаты;

баланың мекенжай парағы немесе қызметті алушының тұрғылықты жерін растайтын өзге де құжат ұсынуы қажет. Құжаттар тексеру үшін көшірмелерде және түпнұсқаларда ұсынылады, осыдан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.

Баланы балабақшаға кезекке қою барысында түсінбеушіліктер туындаған жағдайда бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефонына қоңырау шалуға болады. Қоңырау шалу тегін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған