Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 35
  • Week Visit: 16  449
  • Month Visit: 55  549
  • Years Visit: 500  101
  • Total Page Views: 702

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Басқұншы ауылдық округі

Жалпы мәлімет

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Алмалы ауылы, К.Сембаев көшесі, № 30

Электрондық поштасы: baskynchinski_01_13@mail.ru

Байланыс телефондары: 8(72831) 45-1-01, факс: 8(72831)45-0-41.

Басқұншы ауылдық округінің жалпы көлемі – 1190 гектар. Ауылдық округтің құрамында 2 елді мекен бар:  Алмалы және Басқұншы ауылдары. Округтің әкімшілік орталығы болып Алмалы ауылы белгіленген. Алмалы ауылымен аудан орталығының ара қашықтығы – 37 км, Басқұншы ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы 45 км, округ орталығының ара қашықтығы – 8 км. 2017 жылдың 1 қаңтарына халық саны – 5779 адам, оның ішінде Алмалы ауылында – 3555, Басқұншы ауылында – 2274 адам тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 98,48%, орыстар – 0,57 %, басқа ұлттар – 0,95 %. Округ бойынша 274 зейнеткер бар. Жалпы аула саны – 1044. 2016 жылы туылған бала саны – 120. Округке қоныс аударып келген адам саны – 49. 

Округте 1 мәдениет үйі, 1клуб, 2 кітапхана, 2 пошта бөлімшесі, 2 дәрігерлік амбулатория,  2 мешіт, 2 орта мектеп, 3 балабақша, 1 мектепке дейінгі шағын орталығы,   интернет желісімен округ әкім аппараты мемлекеттік мекемесі қамтылған. Сондай-ақ  аудандық ішкі істер бөлімінің № 12 учаскелік полиция пункті  бар. Учаскелік полиция пунктінде 1 учаскелік инспектор жұмыс істейді. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің грек-рим түрінен 2 секциясы бар.

Округ аумағында 4 дүкен, 14 дүңгіршек, 344 шаруа қожалығы, 5 кооператив  2 ЖШС бар. Округте «Қоғамдастық жиыны» құрылды. Құрамында 24 мүшесі бар, төрағасы-Қ.Сембаев. Ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі  жұмыс жасайды.  Қоғамдастық жиын мүшелері жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі мәселелерді шешуге және округтің әлеуметтік-экономикалық даму жұмыстарына белсенді атсалысады.


Басқұншы ауылдық округінің әкімі – Медетбек Серік Ильясұлы

20170913_113333

Медетбек Серік Ильясұлы 1695 жылы 4 шілдеде, Талдықорған қаласында дүниеге келді.1972-1982 жылдары Басқұншы ауылындағы Крылов атындағы орта мектебінде  оқып, бітірдім.1982-1988 жылдары І.Жансүгіров атындағы Талдықорқорған педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп, орыс тілі және әдебиет мұғалімі мамандығын алып шықтым.1988-1989 жылдары Жаркент қаласындағы Крупская атындағы орта мектебінде орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. 1989-1995 жылдары Панфилов аудандық атқару комитетінің азаматтық қорғаныс штабының бастығы.1995-1996 жылдары  Жаркент еркін экономикалық аймақ кеден басқармасының инспекторы.1996-1997 жылдары Панфилов аудандық әкімшілігі төтенше жағдайлар бастығы.1997-1999 Талдықорған аумақтық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының тұрғындарды және аумақты қорғау секторының меңгерушісі.1999-2008 жылдары Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ескерту және зардаптарды жою бөлімінің бас маманы.2008-2012 жылдары Панфилов ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бас маманы.2012-2014 жылдары Панфилов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтың  және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы.2014 жылы 6 қантардан осы уақытқа дейін аудан әкімі  аппараты мемлекеттік  мекемесі жалпы бөлімшесінің бас маманы.2017 жылдың 11 тамызынан Басқұншы ауылдық округ әкімінің у.м.а болып сайланды.


Округ әкімінің орынбасары – Бурханбеков Сабыр Садықұлы

20170913_143229

             Сабыр Садықұлы Бұрқанбеков 1964 жылы 1 маусымда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Алмалы ауылында дүниеге келген.

1979-1983 жылдары Көксу ауыл шаруашылық техникумында білім алды. 1983-1985 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеді. 1986-1986 жылдары Панфилов ауданы, «Красный-Восток» колхозында әртүрлі жұмыстар атқарды, 1986-1993 жылдары Белоруссия ауыл шаруашылық академиясында білім алды. 1993-1998 жылдары Қорғас өсімдік карантині шекаралық пунктінде бас маман, 1998-2005 жылдары «Бұрханбеков Е.» жеке шаруа қожалығында әртүрлі жұмыстар атқарды. 2005 жылдың сәуір айында Басқұншы ауылдық округі әкімі аппаратына бас маман-жер инспекторы болып жұмысқа қабылданды. 2005 жылдың қараша айынан бастап Басқұншы ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметінде

           Үйленген, 5 баласы бар.


Округ әкімі аппаратының қызметкерлері

Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
Наймантаев Давлетхан Замзахунұлы бас маман 8(72831) 4-31-99
Әлдибеков Асан Ниязахынұлы бас маман 8(72831) 4-87-60
Сарпекова Нұргүл Кожаханқызы бас маман 8(72831)4-2-1-26
Самыкжанов Жарас Бюджейканұлы бас маман 8(72831) 43-1-12
Жұрынова Әсел Абайқызы бас маман 8(72831) 4-51-74
Жолдасова Майра Досжанқызы жетекші маман 87772113666
Ракманбекова Фазиля Қтымерқызы Жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы 8(72831)48-2-05
Нұрмұқаев Төлеген Тұрғанбекұлы Спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушы 8(72831)4-50-06
Дүкембаева Ранигүл Кенжахұнқызы Оператор 8(72831)4-83-52

 Халықпен жұмыс

 Құрметті азаматтар!

Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабымен реттеледі.

Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Ауызша мәлімет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңызға болады:

Жалпы сұрақтар

Округ әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізуге жауапты маманы – Журынова Асел Абаевна, тел.: 8(72831) 45-0-41.


Азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібі

Лауазымы Т.А.Ә.А Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
1 Округ әкімі Медетбек Серік

Ільясұлы

 

Әр сейсенбі

сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін

13.00-ден 14.30-ға дейін
2 Округ әкімінің орынбасары Бұрханбеков Сабыр Садықұлы Әр дүйсенбі

сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін

13.00-ден 14.30-ға дейін

Басқұншы ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан

келіп түскен өтініштерге шолу.

2017 жылдың І жартыжылында ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2017  жылдың І жартыжылында ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 60 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғадан – 60.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

– жер пайдалану және жер  учаскелерін бөлу – 58;

– Су ресурстары –1.

-Басқа да өтініш-1

Округ әкімі С.Медетбек және әкім орынбасары С.Бұрқанбеков  жеке мәселелер бойынша 6 адам қабылдады, ол мәселелер оң шешімін тапты. Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.

2016 жылдың 12 айында  округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2016  жылдың 12 айында округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан  127 өтініш келіп түсті, оның ішінде 125-і жеке тұлғадан.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

 – жер пайдалану және жер  учаскелерін бөлу –126;

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 1;

Округ әкімі Т.Б.Батырқұлов 7 адам қабылдап, округ әкімінің орынбасары С.С.Бұрқанбеков жеке мәселелері бойынша 8 адам қабылдады, көтерілген мәселелер оң шешімін тапты. Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әр қайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


Басқұншы ауылдық округінде жергілікті өзін-өзі басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

2017 жылдың 1 тамызына қысқаша

МӘЛІМЕТ

            Ауылдық округте 2 елді мекен бар. Жалпы халық саны – 5779, қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны – 24. Жергілікті өзін-өзі басқару жиындарына қатысуға өкілеттік берілген қоғамдастық мүшелерінің саны – 24.

           Ақсақалдар алқасының төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 4, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі кеңестің төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 5, жастар ісі жөніндегі кеңестің төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 4, көше комитеттері – 48.

             2016 жылы өткізілген жиналыстардың саны – 12, жиындардың саны – 2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 125100 теңге және түрлері бойынша: ерікті салымдар есебінен 125100 теңге.

            2017 жылдың 1 тамызына өткізілген жиналыстардың саны – 6, жиындардың саны – 2, Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 153000 теңге және түрлері бойынша: ерікті салымдар есебінен 125100 теңге.