Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 28
  • Week Visit: 13  460
  • Month Visit: 54  887
  • Years Visit: 420  205
  • Total Page Views: 400

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Бақыт гүлі»

IMG_5534Жүрегімнің ақ төрінен орын алған мекенім,

Жеркент жерім, жарқын болсын болашағың, ертеңің.

Қасиетті Ұлы дала – Алтын бесік тербеткен,

Рухы биік ел-жұртымды сүйіп, тағзым етемін! – деп жыр маржанын төгілдірген ақын, «Ерен еңбегі үшін» және «ТҮРКСОЙ»-дың «Қорқыт» ескерткіш-медальдарының иегері, ІІІ республикалық «Мағжан көктемі» өнер фестивалінің ІІ орын жүлдегері Жаркент өңірінде дүниеге келген Гүлбақыт Тоқтанқызы Қасеннің «Бақыт гүлі» атты жыр кеші 28 қараша күні аудандық Мәдениет үйінде ерекше тартымды өтті.

         IMG_5536Кешті Қазақстан Рес­пуб­ликасының Мәдениет қайрат­кері, белгілі ақын, облыстық «Же­тісу» га­зетінің бас редакторы Әміре Әрін қызықты әрі әсерлі жүргізді. Кешке қонақ ретінде «Же­тісу» га­зеті бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым, айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов, ақын Ерғазы Манапұлы, Қажет Андас, «Қазақ әдебиеті» газетінің қызметкері Қаракөз Смәділ қатысып отырды.
  Кеш басында ауданның жас өнерпаздары ақынның балалық шағы, бойжеткен кезі, жалпы сыршыл жан-дүниесін бейнелейтін туындыларын оқыды. «Же­тісу» га­зеті бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым баяндама жасап, Гүлбақыт Тоқтанқызының өмірбаянына, шығармашылығына, қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып өтсе, айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов жыр кешінде беташар ретінде Гүлбақыт Тоқтанқызына арнау айтып, көрермендерді бір серпілтіп тастады.

         IMG_5543Ел-жұртына деген ыстық ілтипаты ретінде кеш басталмас бұрын Жаркент қаласындағы мамандандырылған арнайы көмекші мектеп-интернаты тәрбиеленушілеріне естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ көрермен залындағы көп балалы бірқатар ардақты аналардың иығына ақ жаулық жауып, бірқатар медицина, білім беру саласы қызметкерлеріне, өзіне алғаш қалам ұстатқан, жан дүниесін байытып, білгенін үйретіп, көкірек көзін ашуға себепші болған алғашқы ұстазы Гүлсім Умироваға сый-сияпат жасады.

         Кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Думан Төреханов аудан әкімінің атынан жүрекжарды лебіздерін бідіріп, Гүлбақыт Тоқтанқызына ақ жол тіледі. Ақын қыздың кешіне келген аудандық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исламғали Үркімбайұлы, Алматы облысының Құрметті азаматы Әдепхан Жақыбаев, Базархан Жақыбаев ақ тілектерін білдіріп, сый-құрметтерін көрсетті.

Өлең өлкесінде шарықтаған Гүлбақыт Тоқтанқызы жаркенттіктерге туған елге, мөлдір сезімдерге, туған жері – Айдарлы ауылына арналған сүбелі жырларын тарту етіп, Жаркент жұртшылығына «Бақыт гүлі» атты жыр жинағын таратса, әнші Дәурен Оқапов, Эльмира Дәуренбекова әннен шашу шашты.

IMG_5563 IMG_5573 IMG_5554 

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.