Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  406
  • Week Visit: 9  412
  • Month Visit: 43  094
  • Years Visit: 560  536
  • Total Page Views: 36

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62
IMG_3437Біз жеңдік!
             
    Панфилов ауданы, Жаркент қаласының орталық алаңында 27 сәуір күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы қоғамдық штабының ұйымдастыруымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезектен тыс сайлауда жеңіске жетуіне орай «Біз жеңдік!» атты тақырыпта митинг өтті. Митингке аудан тұрғындары: ақсақалдар, ардагерлер, оқу және еңбек ұжымдары, аудан колледждерінің студенттері қатысты.

     Алғашқы сөзді аудан әкімі Бердәулет Ешенұлы Абдулдаев алып, өз сөзінде: «26-сәуірде өткен Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауында халқымыз өзінің тарихи еш қателеспей, өте дұрыс жасады. Біз Нұрсұлтан Әбішұлына шексіз сенеміз. Өйткені Ол Тәуелсіздік таңы атқалы бері Қазақ үшін, Қазақстан үшін талай-талай тауқыметті бастан кешсе де, еңсемізді түсірмей Туымызды желбіретіп келеді!» деп атап өтті.

     IMG_3458Сондай-ақ Социалистік Еңбек Ері Күлғайша Бердіғұлова, аудандық сайлауалды қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Құрбанбуви Нұрахметұлы Ашимова, облыстық мәслихаттың депутаты, аудандық аурухананың бас дәрігері Төлеу Құмарбекұлы Сарпеков, Панфилов ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Галина Павловна Молчанова, Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжің студенті Гүлдана Самалбекова сөз алып, «Нұр Отан» партиясының айқын жетістікпен жеңіске жеткенін айтып, алаңға жиналған аудан халқын жеңіспен құттықтады.
     Митингте мінбеге шыққан сөйлеушілердің сөзінен кейін патриоттық әндер шырқалып, Жаркент гуманитарлық-техникалық колледждің бір топ студенттері жеңістің құрметіне флешмоб биледі.

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.