Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 590
  • Week Visit: 12  449
  • Month Visit: 46  032
  • Years Visit: 578  424
  • Total Page Views: 51

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Біз қазақ тілінде сөйлейміз»

     Әр  халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау – өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайды қарау деген сөз.      Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршаңызға белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Ендігі мақсат – тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету.

      Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» – деп қадап айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс.

      Ата заңымыздың 7-бабында: «1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» деп көрсетілген.

       Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда анық айқындалған. Елбасымыз да «Қазақстанның болашағы – қазақ тілі. Ендеше, Президентіміздің салиқалы саясатымен еліміздің болашағы да, тіліміздің болшағы да өркендей береді деп сенеміз.

      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  Алматы облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің Панфилов аудандық бөлімінде іс-қағаздар және мемлекеттік қызмет түрлеріне құжаттарды қабылдау мемлекеттік тілде жүргізіледі.

      Бөлім қызметкерлері мемлекеттік тіл – қазақ тілін құрметтеп және оның мәртебесін көтеруді азаматтық парызымыз деп есептейді.

      Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да – тіл. Ол – қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда.

З.Акбасова

 «ХҚКО» департаментінің Панфилов аудандық бөлімінің инспекторы

Пікірлер қалдыруы жабылған.