Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Бірлік ауылдық округі

Жалпы мәлімет

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы,  Алматы облысы, Панфилов ауданы, Алтыүй ауылы, Желтоқсан көшесі, № 19

Электрондық поштасы: birlik14@mail.ru

Байланыс телефондары: 8(72831) 3-11-45, факс: 8(72831) 3-11-08.

Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты Панфилов ауданы әкімдігі және аудандық мәслихаттың шешімімен 2005 жылы құрылған. Бірлік ауылдық округінің жалпы көлемі 23757 гектар. Ауылдық округтің құрамын 3-елді мекен құрайды: Алтыүй, Нәдек және Шежін ауылдары. Округтің әкімшілік орталығы болып Алтыүй ауылы белгіленген. Алтыүй ауылы мен аудан орталығы арасындағы ара қашықтық 15 км, Нәдек ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы 23  км, округ орталығының ара қашықтығы 8 км, Шежін ауылы мен аудан ортағының ара қашықтығы 34 км, округ орталығының ара қашықтығы 19 км.

2017 жылдың 1 қаңтарындағы халық саны 6373 адамды  құрайды, оның ішінде Алтыүй ауылында – 4158, Нәдек ауылында – 1699, Шежін ауылында – 516 адам тұрады.Ұлттық құрамы:қазақтар –78,3%, орыстар – 0,02 %, ұйғырлар –21,6 %, басқа ұлттар – 0,1 %. Округ бойынша 500 зейнеткер бар. Жалпы аула саны – 1105. 2016 жылы туылған бала саны – 130. Округке қоныс аударып келген адам саны – 21. 

Округте 1 мәдениет үйі, 1 клуб, 2 кітапхана, 2 казпошта бөлімшесі, 1 дәрігерлік амбулатория,  2 фельдшерлік пункт, 3 мешіт, 3 орта мектеп, 2 мектепке дейінгі шағын орталық, 1 қысқа мерзімді топ, 1 балабақша, толығымен интернет желісімен қамтылған. Сондай-ақ  аудандық ішкі істер бөлімінің № 7 учаскелік полиция пункті  бар. Учаскелік полиция пунктінде 1 учаскелік инспектор және 3 қоғамдық көмекші жұмыс істейді. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (ірі мекемелер болса көрсету) орналасқан.

Округ аумағында 10 дүкен, 1 шаштараз, 394 шаруа қожалық бар. Ақсақалдар алқасы құрылған. Төрағасы –Бейсембаев А. Ақсақалдар алқасының мүшелері округтің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді атасалысады. Сондай-ақ округтегі ауылдардан, көшелерден жергілікті қоғамдастықтың 29 мүшесі сайланған. Қоғамдастық мүшелері жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді атсалысады.


Бірлік ауылдық округінің әкімі – Рахманқұл Ақанұлы Әуелбеков

img_1266

       Әуелбеков Рахманқұл Ақанұлы 1963 жылғы 23 қазанда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Шежін ауылында туылған. 1988 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың физкультура институтын жаттықтырушы мамандығы, 2012 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін заңгер мамандығы бойынша аяқтаған. 1988-1997 жылдары Алтыүй ауылы, Киров атындағы колхоздың жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, спорт кешенінің директоры, 2004-2012 жылдары Бірлік ауылдық округі әкімінің орынбасары.

       2012 жылдан бастап Бірлік ауылдық округінің әкімі.


Округ әкімінің орынбасары – Досымбеков Таңатар Досымбекұлы

 

       Досымбеков Таңатар Досымбекұлы 1956 жылғы 20 қазанда Талдықорған облысы, Пафилов ауданы Алтыүй ауылында туылған. 1973-1978 жылдары Талдықорған ауданындағы Көксу ауылшаруашылық техникумында оқып, техник-механик мамандығын алған. 1987 жылы Қазақ ауылшаруашылық  институтын  экономист-ұйымдастырушы  мамандығы бойынша аяқтаған. 1978-1995 жылдары Алтыүй ауылы, Киров атындағы колхоздың кассирі, есепшісі, есепші-экономисі, 2003-2012 жылдары Панфилов аудандық статистика басқармасының жетекші маманы қызметерінде болды.

       2012 жылдан бастап Бірлік ауылдық округ әкімінің орынбасары қызметінде.


Аппарат қызметкерлері

Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
Касбакова Нәзипа  Алтайқызы бас маман 8(72831) 3-11-08
Имяров Нұрмұхамед Тұрсынұлы бас маман 8(72831) 3-11-08
Рахымбай Динара Тұрсымбайқызы бас маман 8(72831) 3-11-08
Салпиев Тохан Игманұлы жетекші маман 8(72831) 3-11-08
Сатибаева Лаура Ғаббасқызы бас маман 8(72831) 5-86-37
Баратов Саят
жастар ісі жөніндегі әдіскер 8(72831) 3-11-08
Суанбаев Куаныш Даулеткелдіұлы спорт жөніндегі әдіскер 8(72831) 3-11-08
Раева Рауан Нұрдаулетқызы компьютер операторы 8(72831) 3-11-08

Халықпен жұмыс

Құрметті азаматтар!

  Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабымен реттеледі.

            Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

            Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Ауызша мәлімет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңызға болады:

 Жалпы сұрақтар

            Округ әкімі аппаратының азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібіне жауапты маманы –Салпиев Тохан Игманұлы 8/72831/31108

Лауазымы Т.А.Ә.А Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
1 Округ әкімі Әуелбеков Рахманқұл Ақанұлы Әр аптаның сәрсенбі, жұма күні сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін 13-00-ден 14-30 ға дейін
2 Округ әкімі орынбасары Досымбеков Таңатар

Досымбекұлы

Әр аптаның  сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін 13-00-ден 14-30 ға дейін

Бірлік ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу.

  2017 жылдың  І қазанына ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

  2017  жылдың І қазанына ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан – 115 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғадан – 114,заңды тұлғадан- 1.

            Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

– жер пайдалану  және жер  учаскелерін бөлу – 108;

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 2;

 – жұмыспен қамту – 4

            Округ әкімі жеке мәселелер бойынша 8 адам қабылдады, соның ішінде  2 мәселе оң шешімін тапты, 6-мәселе бойынша түсініктеме берілді. Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


2018 жылдың II тоқсанындағы Бірлік ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2018 жылдың II тоқсанындағы қала әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2018 жылдың II тоқсанындағы қала әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 93 өтініш келіп түсті, оның 93 жеке тұлғадан, заңды тұлғадан өтініш келіп түспеді.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

* жер пайдалану және жер учаскелерін бөлу – 93

* тұрғын үй коммуналдық шаруашылық – 0

* құрылыс – 0

* денсаулық сақтау, санитарлық тазалық – 0

Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.

Округ әкімі жеке мәселелері бойынша 10 адам қабылдады,1 мәселе оң шешімін тапты.

Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әр қайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


2016 жылдың 12 айында  округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

            2016  жылдың 12 айында округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан  136 өтініш келіп түсті, оның ішінде  134-і жеке тұлғадан, заңды тұлғадан-2

            Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

  – жер пайдалану  және жер  учаскелерін бөлу – 129;

 – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 1;

 – жұмыспен қамту – 4

            Округ әкімі Р.А.Әуелбеков  жеке мәселелері бойынша 14 адам қабылдады,барлығы оң шешімін тапты.

            Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әр қайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


Бірлік ауылдық округі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару

бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

МӘЛІМЕТ

Бірлік ауылдық округіне қарасты 3 ауыл бар. Жалпы тұрғындар саны 6396, оның ішінде еңбекке қабілетті 3122 адам бар. 2018 жылдың басынан мемлекеттік бюджеттің ІV деңгейі енгізілді. Бірлік ауылдық округі қоғамдастық жиналысында Жергілікті қоғамдастықты дамытудың жоспары, бекітіліп, аудан әкімінің ресми сайтына орналастырылды.

2017 жылы 26 желтоқсанда Панфилов аудандық мәслихатының № 6-28-182 шешімімен 2018 жылға 29958 мың теңге, 2019 жылға 31456 мың теңге, 2020 жылға 32556 мың теңге көлемдерде бюджет бекітілді, оның ішінде 2018 жылға Бірлік ауылдық округінің кірістері 29958 мың теңге, шығындары 29958 мың теңгені құрайды.

Округте жергілікті қоғамдастық жиыны өткізіліп, қоғамдастық жиналысына 29 мүшесі 4 жылға өкілеттік алған. 2017 жылы жергілікті қоғамдастықтың 4 жиналысы өтсе, 2018 жылдың 01 шілдесіне 2 жиналыс өтті. Жиналыстарда санитарлық тазалық, бюджетті бекіту, әкімді лауазымынан босатуды, кандидатураларын келісу, трансферттерді бекіту, ауыз су жүйесінің құрылысы, қайта жаңғырту, жер уачскесін бөлу, көше атауын өзгерту сияқты және т.б. мәселелер қаралды.

2017 жылы жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 304,9 мың теңге түсті. Оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдарынан – 79,0 мың теңге, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беруден – 213,9 мың теңге, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алатын айыппұлдардан – 12,0 мың теңге түсті.

2017 жылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін (көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалық, жарықтандыру және т.б.) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан 304,9 мың теңге жұмсалды.

2018 жылдың 5 айында Бірлік ауылдық округінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына салықтың 6 түрінен 1035,0 мың теңге жинау жоспарланса, 3165,0 мың теңге жиналды.

Округ әкімі Р.Аульбеков

 


НПА

Көшеге атау беру туралы


 Бірлік ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты 2018 жылға даму бағдарламасы