Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 481
  • Week Visit: 9  065
  • Month Visit: 47  063
  • Years Visit: 539  565
  • Total Page Views: 4

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Депутаттар ел арасында

         2016 жылғы тамыз айының 10-29 күндері аралығында  мәслихат депутаттары көшпелі қоғамдық қабылдау өткізуді жоспарлаған. Жоспарға сай Басқұншы ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге округ аумағында орналасқан мекеме, ұйым, жеке шаруа қожалық мүшелері, мәдениет қызметкерлері, ауыл тұрғындары және округ әкімі аппараты қызметкерлері шақырылды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша округ әкімі Т. Батырқұлов кіріспе сөз алып, жиналысты жүргізіп отырды. Аудандық маслихат хатшысы Е.Нұрахметов сөз алып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша тоқталып өтті. Келесі сөзді ардагерлер кеңесінің орынбасары Н.Рахымбаев алып, отбасы мәселесі, отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі туралы тоқталып өтті.      

         Жиналыс барысында мәдениет үйін жылыту жүйесі және мектептегі бала санының артуына байланысты мектептің қасына жаңадан қосымша класстар кеңейтіліп салынса деп ұсыныс айтып, округ тұрғындары көкейде жүрген сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауаптар қайтарылды.

Пікірлер қалдыруы жабылған.