Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 590
  • Week Visit: 12  449
  • Month Visit: 46  032
  • Years Visit: 578  424
  • Total Page Views: 40

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру туралы

1Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 270 бұйрығымен «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, тамыз айында Алматы облысы әкімдігің № 376 қаулысымен регламенті бекітілген болатын. Осы нормативтік-құқықтық актілер негізінде ауданда қызметтің бұл түрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Панфилов аудандық бөлімі арқылы көрсетілуде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындау мақсатында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Панфилов аудандық бөлімі, аудандық жер-кадастр бөлімшесі, жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдері мен мамандарының қатысуымен семинар өтті. Семинардың жұмысына аудан прокурорының аға көмекшісі Е.Сұлтанқұлов қатысты.

2Семинарды аудан әкімінің орынбасары Ш.Курбанов ашып жүргізді. Семинар барысында аудан әкімі аппаратының басшысы А.Садыков, ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы С.Теткусизова, Халыққы қызмет көрсету орталығы аудандық бөлімінің аға кеңесшісі М.Кәрібаев, жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Саурықов, инспекторы С.Мұқажан, Үлкеншыған ауылдық округінің әкімі М.Оспанбеков, заңгері Г.Сүлейменова және т.б. сөз алып, жұмыс барысында жер мәселесі жөнінде кездескен проблемалармен пікір алмасты.

Аудан прокурорының аға көмекшісі Е.Сұлтанқұлов семинарға қатысушылардың жерге қатысты әртүрлі сұрақтарына жауап беріп, жер мәселесі – күнделікті өмірдегі күрделі мәселелердің бірі болғандықтан оған қатысты заңнамалық актілерді мүлтіксіз орындау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін беру өтініші арнайы есепке алынған тұлғаларға және алаңдар дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда ғана жүзеге асырылатындығын айтты.

3Семинардың қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары Ш.Курбанов жер қатынастары саласындағы көрсетілетін қызметтердің  мерзімін қатаң сақтау қажеттігін айта келе, семинарға қатысушылар жерге қатысты мәселерді шешу барысында басшылыққа алу үшін ұсынымдар қабылдады. Ұсынымда жер мәселесіне байланысты заңнама талаптарын және Қазақстан Республикасының Конситуциясын, Жер Кодексін, Азаматтық Кодексті, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Зңдарды, жер қатынастары саласындағы стандарттар мен регламенттерді мүлтіксіз орындап, сақтау көрсетілді.

Пікірлер қалдыруы жабылған.