Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 481
  • Week Visit: 9  065
  • Month Visit: 47  063
  • Years Visit: 539  565
  • Total Page Views: 98

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Енді бала тууына байланысты жәрдемақыны тұрғылықты жеріне байланыстырмай-ақ рәсімдеуге болады

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтардың уақытын үнемдейтін кезекті пилоттық жобаны іске қосты. Енді жас аналар бала тууына байланысты және  оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақыны бір облыс ішінде тіркеуіне қарамастан ресімдеуіне болады.

Естеріңізге түсіре кетсек, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы пилоттық жобаны іске қосқан болатын, оның шеңберінде корпорация қызметкерлері  перзентхана ғимараттарында бірден 4 бірдей қызмет көрсетуге өтініш қабылдай алатын. Бұл қызметтер: бала тууын тіркеу, бала тууына және оны бір жасқа дейін күтуге жәрдемақы тағайындау, әлеуметтік тәуекелдер жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау: бір жасқа толғанға дейінгі уақытта бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу, балалардымектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою. Бүгінгі күнде бұл жобаға  облысы бойынша Алакөл, Енбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қапшағай, Панфилов, Райымбек, Талғар, Талдықорған қаласының  перзентханасы мен перинаталдық орталықтар жұмылдырылған.

Бала  тууымен байланысты перзентханаларда көрсетілетін композиттік қызметтер пилотын мемлекеттік корпорация өткен жылдың қыркүйек айынан бастап тестіледі. Бұл ретте, жәрдемақыларды тағайындауда құжаттарды қабылдау барысында ең проблемалық мәселе эксаумақтық қағидаттың болмауы болып шықты, яғни азаматтар жәрдемақы тағайындауға тек тұрақты тіркелген жерінен ғана өтініш берулеріне болатын болды.

«Басқаша айтқанда, бұрын, егер әйел Қапшағай қаласында тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген болып,  ал Талдықорған қаласының перинаталдық орталығында босанған болса, ол жәрдемақы тағайындау үшін тіркелген жері бойынша, яғни Қапшағайдағы ХҚКО-ға жүгінуіне тура келетін. Бүгінгі күні бұл мәселе шешілді  және бала тууына байланысты және  оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақы тағайындауға өтініш қабылдауда эксаумақтық қағидатты қолдану механизмін әзірленді.  Бастапқыда пилоттық жоба тек облыс ішінде ғана жұмыс істейтін болады, ал жақын арада эксаумақтықты барлық Қазақстан бойынша іске қосуы жоспарланып отыр.

Сондай-ақ балаларға жәрдемақы тағайындауды рәсімдеу үшін эксаумақтық қағидатты енгізу – мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетудің кезекті қадамы, себебі, бұл 4 бірдей қызметті алу үшін  құжаттардың минималды топтамасы қажет  – бұл  – ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат, неке қию туралы куәлік және оның көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан соң неке қиған азаматтар куәліктің көшірмесін бермейді), баланың тууы туралы медициналық куәлік (перзентханада беріледі), барлық балалардың тууы туралы куәліктері немесе ахуалдық жазбалардың көшірмесі, банктік шоттың нөмірі жайлы құжат.

Пікірлер қалдыруы жабылған.