Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 23
  • Week Visit: 13  455
  • Month Visit: 54  882
  • Years Visit: 420  200
  • Total Page Views: 48

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Енді бала тууына байланысты жәрдемақыны тұрғылықты жеріне байланыстырмай-ақ рәсімдеуге болады

img_13723Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтардың уақытын үнемдейтін кезекті пилоттық жобаны іске қосты. Бүгіннен бастап, жас аналар бала тууына байланысты және  оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақыны бір облыс ішінде тіркеуіне қарамастан ресімдеуіне болады.

Естеріңізге түсіре кетсек, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы пилоттық жобаны іске қосқан болатын, оның шеңберінде корпорация қызметкерлері  перзентхана ғимараттарында бірден 4 бірдей қызмет көрсетуге өтініш қабылдай алатын. Бұл қызметтер: бала тууын тіркеу, бала тууына және оны бір жасқа дейін күтуге жәрдемақы тағайындау, әлеуметтік тәуекелдер жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау: бір жасқа толғанға дейінгі уақытта бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу, балалардымектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою. Бүгінгі күнде бұл жобаға  ҚР бойынша 206 перзентхана мен перинаталдық орталықтар жұмылдырылған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтің айтуынша бала тууымен байланысты перзентханаларда көрсетілетін композиттік қызметтер пилотын мемлекеттік корпорация өткен жылдың қыркүйек айынан бастап тестіледі. Бұл ретте, жәрдемақыларды тағайындауда құжаттарды қабылдау барысында ең проблемалық мәселе эксаумақтық қағидаттың болмауы болып шықты, яғни азаматтар жәрдемақы тағайындауға тек тұрақты тіркелген жерінен ғана өтініш берулеріне болатын болды.

«Басқаша айтқанда, бұрын, егер әйел Бурабайда тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген болып,  ал Көкшетау қаласының перинаталдық орталығында босанған болса, ол жәрдемақы тағайындау үшін тіркелген жері бойынша, яғни Бурабайдағы ХҚКО-ға жүгінуіне тура келетін. Біз бұл мәселені шештік және бала тууына байланысты және  оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақы тағайындауға өтініш қабылдауда эксаумақтық қағидатты қолдану механизмін әзірледік.  Бастапқыда пилоттық жоба тек облыс ішінде ғана жұмыс істейтін болады, ал жақын арада эксаумақтықты барлық Қазақстан бойынша іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деді Еренчинов.

Сондай-ақ Еренчиновтің айтуынша, балаларға жәрдемақы тағайындауды рәсімдеу үшін эксаумақтық қағидатты енгізу – мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетудің кезекті қадамы, себебі, бұл 4 бірдей қызметті алу үшін қазақстандықтарға құжаттардың минималды топтамасы қажет  – бұл  – ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат, неке қию туралы куәлік және оның көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан соң неке қиған азаматтар куәліктің көшірмесін бермейді), баланың тууы туралы медициналық куәлік (перзентханада беріледі), барлық балалардың тууы туралы куәліктері немесе ахуалдық жазбалардың көшірмесі, банктік шоттың нөмірі жайлы құжат.

Пилоттық жобаны іске қосқан сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы перзентханалар мен перинаталдық орталықтарды жүз мыңнан астам қызмет көрсеткендігінайта кету керек.

Пікірлер қалдыруы жабылған.