Жалпы ақпарат
Мекенжайы:
БСН |
инд.: 041300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 050640005744 |
E-mail: |
panfilov.akimat@zhetysu.gov.kz |
Байланыс телефоны: | +7 (72831) 51362,+7(72831) 50143 (қабылдау бөлмесі) |
Факс: | +7 (72831) 51187 |
Ресми сайт | http://www.panfilov-akimat.gov.kz |
Аудан әкімі аппаратының жауапты кезекшісі |
+7 (72831) 51362, вертушка 247
|
Жалпы бөлімшенің төтенше жағдайлар жөніндегі жауапты маманы | +7 (72831) 51703
|
Пост кезекшісі | +7 (72831) 50992 |
Миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары | Аудан әкімінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
Функциялары: 1) аудан әкімдігінің тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын дайындау; 2) аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу; 3) аудан әкімдігінің отырысына материалдарды дайындау; 4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру; 5) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі мен Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімдік қаулылары мен хаттамалық тапсырмаларының, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы облыс, аудан әкімін жүйелі түрде хабардар етіп отыру, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; 6) аудан әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін әкімдік отырыстарын, сондай-ақ басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 7) аудан әкімі және оның орынбасарлары үшін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайын сипаттайтын материалдар дайындау; 8) аудан әкімдігі және әкіммен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің есебін, мониторингін, жүйеленуін және бақылау даналарын жүргізу; 9) кәсiптiк даярлық деңгейiн айқындау мақсатында аудан әкімі тағайындайтын лауазымдар тізбесіне кіретін кадр құрамына талдау жүргізу; 10) кадрларды оқытуды ұйымдастыру; 11) қызметтік құжаттарды қарау; 12) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру; 13) іс-жүргізу, әкімдікке келіп түскен хат-хабарларды өңдеу; 14) атқарушы органдармен бірлесе отырып, әкімдік отырыстарында қарау үшін мәселелер дайындау; 15) ауданның жергілікті атқарушы органдарының және аудандық маңызы бар қала мен ауылдық округтер әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметкерлерінің қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жұмыстарды үйлестіру; 16) мемлекеттік сатып алуды жүргізу және ұйымдастыру; 17) азаматтық хал актілерін тіркеумен байланысты жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру; 18) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; 19) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және ақпараттық технологиялар саласында: – өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; – мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және қолжетімділігін жоғарлатуды қамтамасыз ету; – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу; – өз құзыреті шегінде ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу. 20) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру. |