Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 17  333
  • Week Visit: 50  188
  • Month Visit: 119  007
  • Years Visit: 651  658
  • Total Page Views: 2  296

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жаркент қаласы

Жалпы мәлімет

Мекен жайы: инд: 041300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Розыбакиев көшесі, №22

Электрондық поштасы: zharkent_akimat2017@mail.ru

Байланыс телефондары: 8(72831)5-34-50, 5-38-69,  факс: 8(72831) 5-22-31.

Жаркент  қаласының жалпы көлемі  47,25 шаршы километр. Жаркент  қаласы – Алматы облысындағы Панфилов ауданының орталығы, Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында Жоңғар Алатауының жазық бөлігінде орналасқан, қала арқылы республикалық маңызы бар автожол өтеді, осы жол қаланы облыс орталығы Талдықорған қаласымен, оңтүстік астана Алматы қаласымен және сыртқы әлеммен байланыстырады. Облыс орталығынан қашықтығы -290 шм, Алматыдан -345 шм және ең жақын теміржол станциясы Құндызды -20 шм, Алтынкөл- 30 шм. 2014 жылдың 1 қаңтарынан халық саны – 43119 адам, ұлттық құрамы: қазақтар – 33%, орыстар – 0,7 %, ұйғырлар – 52 %, басқа ұлттар – 0,8 %. Қала бойынша 6115 зейнеткер бар. Жалпы аула саны – 10000-ға жуық. 2014 жылы туылған бала саны – 1252.

Қалада 2 мәдениет үйі,  1 кинотеатр, 3 кітапхана, 4 Қазпошта бөлімшесі, 1 Қазақтелеком АҚ, 1 аудандық аурухана, 1 балалар емханасы, 1 туберкулез емханасы,1 перзентхана, 7 мешіт, 1 православиялық шіркеу,  9 орта мектеп, 3 колледж,3 мектепке дейінгі шағын орталық, 1 қысқа мерзімді топ, 9 бала бақша, 2 мұражай, 1 сурет галериясы, 2 саябақ, 22 спорт алаңы,16 спорт зал, 1 стадион, 1 грек-рим күресінен «Дәулет-Жаркент» жекеменшік кәсіби клуб, 1 ойлау қабілеті жетіспеген  балаларға арналған көмекші мектеп-интернаты, Жүйке ауруымен ауыратындарға арналған «Мейірім» интернат үйі, 2 музыкалық мектеп бар. Сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімінің № 3 учаскелік полиция пункті бар. Учаскелік полиция пунктінде 13 учаскелік инспектор жұмыс істейді.

Қала аумағында 260 дүкен, 50 дүңгіршек, 7  сауда үйі, 1- әлеуметтік дүкен, 112 қоғамдық тамақтандыру объектісі, 12- мейрамхана, 44 кафе, 60 буфет, 5 наубайхана, 85 тұрмыстық  және сервистік қызмет көрсету объектісі, 33 шаштараз бен сән салоны, 22 киім тігу және жөндеу цехы, 3 қоғамдық монша, 15 аяқ киім жөндеу орталығы, 5- сурет түсіру салоны, видео салоны, 4- ломбард, 20 жанар май, бензин станциялары, 25- СТО, 17- қонақ үй, 309 – шаруа қожалығы, 10 ЖШС, 1 «Қайырма» су пайдаланушылар кооперативі,1- «Жаркент крахмал сірне» зауыты, 1 полипропилин қап шығаратын зауыты, 2 отын-көмір сататын база, 36 дәріхана, қалалық ветеринарлық емдеу орны және 2 ветеринарлық дәріхана бар.

Ақсақалдар алқасы құрылған. Төрағасы – Сабденбеков Ерғали Қайрамұлы. Ақсақалдар алқасының мүшелері қаланың әлеуметтік-экономикалық өміріне белсеңді атасалысады.Қала тұрғындары арасынан жергілікті қоғамдастыққа 230 адам мүше болып сайланған. Қоғамдастық мүшелері жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді атсалысады.


Жаркент қаласы әкімі –


Қала әкімінің орынбасары – Ибраимова Мөлдір Қасенқызы

IMG-20180307-WA0003

Ибрагимова Мөлдір Қасенқызы 1973 жылы 13 қыркүйекте  Алматы облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Талдықорған қаласындағы №3 Кәсіптік техникалық училищенің іс-жүргізуші хатшы-машинист, 2006 жылы Қазақстан-Ресей университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша аяқтаған.

        1992 жылдыің қыркүйек айынан бастап Сарыбел селолық Қеңесіне іс-жүргізуші, референт хатшы. 1996-2007 жылдары Сарыбел ауылдық округінің бас маманы.

        2008-2012 жылдары Талдықорған қаласы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» Панфилов аудандық филиалының инспекторы.

        2014 жылдың қаңтар айынан бастап «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-не жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы.

        2015 жылдың мамыр айынан бастап «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-не уақытша бөлімше басшысы лауазымына қабылданып, 2015 жылдың тамыз айынан бастап Жаркент қаласы әкімі аппаратының бөлімше басшысы.

2017 жылдың 16 қарашадан бастап Жаркент қаласы әкімінің орынбасары қызметінде.


Қала әкімінің орынбасары – Ахметов Хасан Турсунұлы

img_2656

         Ахметов Хасан Турсунұлы 1957 жылы 1 қаңтарда  Қытай Халық Республикасында дүниеге келген. 1979 жылы Алматы қаласы, Қазақ политехникалық институтының Тау-кен инженер мамандығы бойынша аяқтаған. 1979-1983 жылдары Семей облысы,Чарск ауданы, Әуезов поселкасында «Алтайзолото» комибинатының «Бақыршық» рудингі, жер асты шахтасының шебері, бастығының орынбасары, ашық тау–кен жұмыстары жөніндегі учаскесінің бастығы, 1983-1992 жылдары Панфилов аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, 1992-1997 жылдары Панфилов аудандық халық депутаттары кеңесінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы, ұйымдастыру бөлімінің іс басқармасының басшысы, Панфилов аудан әкімшілігінің референті, Панфилов аудан әкімшілігінің іс басқармасының басшысы, 1997-1998 жылдары Көктал ауылдық округінің әкімі, 1998-2002 жылдары Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, туризм және спорт мәселелері жөніндегі бас маман, Аудан әкімі аппаратының бас маманы, 2002-2015 жылдары Жаркент қаласы әкімі аппаратының бөлімше басшысы.

        2015 жылдың  сәуір айынан  бастап  Жаркент қаласы әкімінің орынбасары қызметінде.

        Үйленген, 3 баласы бар.


Жаркент қаласы әкімі аппараты қызметкерлер

Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
 Ибрагимов Тельман Усупжанұлы бөлімше басшысы 8(72831)5-37-25
бас маман 8(72831)5-37-25
 Масимов Касимжан Ашимахунұлы бас маман 8(72831)5-37-25
 Тлеген Сания Тлегенқызы бас маман 8(72831)5-38-70
 Кадырова Санам Хакимжанқызы бас маман 8(72831)5-38-70
 Джарилкасинова Райхан Құралбайқызы жетекші маман 8(72831)5-22-30
 Юсупов Арман Турсунұлы жетекші маман 8(72831)5-22-30
 Кабылбекова Алма Бейсеновна инспектор 8(72831)5-22-30
 Бексейтов Медет Арманұлы жастар ісі жөніндегі әдіскер 8(72831)5-38-70
 Бекен Бекжан Бекежанұлы спорт жөніндегі әдіскер 8(72831)5-22-30

Халықпен жұмыс

Құрметті азаматтар!

       Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабымен реттеледі.

      Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

      Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

       Ауызша мәлімет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңызға болады:

       Жалпы сұрақтар

       Азаматтарды қабылдауына жауапты бөлім басшысы – Ибрагимов Тельман Усупжанұлы,тел 8(72831) 5-37-25


Азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібі

Лауазымы Т.А.Ә.А Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
1 Қала әкімі  Нұрахметов Ермек Еркінұлы Әр аптаның сәрсенбі, бейсенбі күні

сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін

Сағ.13.00 ден 14.30-ға дейін
2. Қала әкімінің орынбасары Ибраимова Мөлдір Қасенқызы Әр аптаның сейсенбі күні

сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін

Сағ.13.00 ден 14.30-ға дейін
3. Қала әкімінің орынбасары Ахметов Хасан Турсунұлы Әр аптаның сәрсенбі күні

Сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін

Сағ.13.00 ден 14.30-ға дейін

2018 жылдың 1 тоқсанындағы қала әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2018 жылдың 1 тоқсанындағы қала әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2018 жылдың 1 тоқсанындағы  қала әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 62 өтініш келіп түсті, оның  62  жеке тұлғадан, заңды тұлғадан өтініш келіп түспеді.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

  • жер пайдалану және жер учаскелерін бөлу – 34
  • тұрғын үй коммуналдық шаруашылық- 2
  • құрылыс – 5
  • денсаулықсақтау , санитарлық тазалық – 21

Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.

            Қала әкімі жеке мәселелері бойынша 36 адам қабылдады,10 мәселе оң шешімін тапты.

            Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әр қайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


Жаркент қаласында  жергілікті өзін-өзі басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

2018 жылдың 1 сәуіріндегі қысқаша

МӘЛІМЕТ

           Жалпы халық саны – 42 607, қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны – 230. Жергілікті өзін-өзі басқару жиналысына қатысуға өкілеттік берілген қоғамдастық мүшелерінің саны – 230.

           Ақсақалдар алқасының төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 25, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі кеңестің төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 10, жастар ісі жөніндегі кеңестің төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 9, көше комитеттері – 32.

             2017 жылы өткізілген жиындардың саны – 4. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 936357 теңге және түрлері  бойынша: жарнама  есебінен 758100 теңге  және  айыппұл есебінен 58608 теңге.

           2018 жылдың 1 сәуіріндегі өткізілген жиналыстардың саны – 3, Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы  және түрлері бойынша: 14430 теңге айыппұл есебінен,  52724,46 теңге жалға алудан, 23778 теңге жарнама есебінен.

           Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 25078,74 теңге.


Панфилов ауданы Жаркент қаласы 2018 жылға даму бағдарламасы