Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  141
  • Week Visit: 17  555
  • Month Visit: 56  655
  • Years Visit: 501  207
  • Total Page Views: 625

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жаскент ауылдық округі

Жалпы мәлімет

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Головацкий ауылы, Тен Ин Гер көшесі, № 24

Электрондық поштасы: zhaskent_akimat@mail.ru

Байланыс телефондары: 8(72831) 36-2-71, факс: 8(72831)36-2-09, 36-3-06.

Жаскент ауылдық округінің жалпы көлемі–4493,0 гектар. Ауылдық округтің құрамында 2 елді мекен бар: Головацкий және Сүптай ауылдары. Округтің әкімшілік орталығы болып Головацкий ауылы белгіленген. Головацкий ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы–5 км, Сүптай ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы–20 км, округ орталығының ара қашықтығы–15 км.

2016 жылдың 1 қаңтарына халық саны–3215 адам, оның ішінде Головацкий ауылында–2411, Сүптай ауылында–804 адам тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар–90,3%, орыстар–1,08 %, ұйғырлар–8,08 %, басқа ұлттар–0,4 %. Округ бойынша 145 зейнеткер бар. Жалпы аула саны–470. 2016 жылы туылған бала саны–14. Округке қоныс аударып келген адам саны–7. 

Округте 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 2 пошта бөлімшесі, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт, 2 орта мектеп, 1 мектепке дейінгі шағын орталық бар, толығымен интернет желісімен қамтылған. Сондай-ақ  аудандық  ішкі  істер  бөлімінің №13 учаскелік полиция пункті бар. Учаскелік полиция пунктінде 1 учаскелік инспектор жұмыс істейді.

Округ аумағында 12 дүкен, 115 шаруа қожалығы, 12 жеке кәсіпкер бар. Округте ақсақалдар алқасы құрылған, төрағасы–Ж.Ақтанов. Ақсақалдар алқасының мүшелері округтің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді атсалысады.Округ тұрғындары арасынан жергілікті қоғамдастыққа 12 адам мүше болып сайланған. Қоғамдастық мүшелері жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді атсалысады.


 Жаскент ауылдық округінің әкімі – Бакетов Советхан Таубалдыұлы

img_1275

          Бакетов Советхан Таубалдыұлы 1956 жылғы 1 қаңтарда Панфилов ауданының Қоңырөлең ауылында дүниеге келген. Алматы қаласы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.1976-1979 жылдары Октябрь Асыл тұқымды қой совхозында шаруашылықтың  механикаландыру саласының инженері, 1979-1980 жылдары трактор шеберханасының меңгерушісі, 1980-1985 жылдары Панфилов колхозстрой тресі жылжымалы механикаландырылған колонна бас механигі, 1985-1988 жылдары Октябрь Асыл тұқымды қой совхозының автокөлік паркінің колонна басшысы, 1988-1989 жылдары совхоз экономисі, 1989-1991 жылдары Октябрь Асыл тұқымды қой совхозының бас гидротехнигі, 1991-1995 жылдары Октябрь Асыл тұқымды қой совхозында директордың шаруашылық-өндіріс саласы бойынша орынбасары, 1995-1998 жылдары Ақмола Бастауыш кооперативінің төрағасы, 1998-2014 жылдары шаруа қожалығы жетекшісі, 2014-2016 жылдары Панфилов ауданы әкімдігі Кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерінде болды.

        2016 жылдың 14 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін Жаскент ауылдық округінің әкімі қызметінде.

        Үйленген, 3 баласы бар.


Бөлім қызметкерлері  

Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
Тохтаров Мақсат Дәулетұлы бас маман 8(72831)3-63-06
Қалдаубаева Бибігүл Жұмахметқызы бас маман 8(72831)3-62-09
Галиева Айжан Бауыржанқызы бас маман 8(72831)3-63-06
Нурлан Дінмұхамедұлы бас маман 8(72831)3-62-09
Тохтарова Назира Қасенқызы бас маман (бухгалтер) 8(72831)3-63-06
Тулепбергенов Нұрсұлтан Нұрбекұлы жетекші маман 8(72831)3-62-09
Турсынов Эльдар Турсынович жастар ісі жөніндегі әдіскер 8(72831)3-63-06
Мустапаев Нұрбақыт Анварұлы спорт жөніндегі әдіскер 8(72831)3-63-06
Жунусбекова Мадина Дәулеткелдіқызы оператор 8(72831)3-63-06

Халықпен жұмыс 

Құрметті азаматтар!

           Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабымен реттеледі.

       Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

        Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Ауызша мәлімет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңызға болады:

Жалпы сұрақтар

Округ әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізуге жауапты маманы – Галиева Айжан Бауыржанқызы, тел.: 8(72831)36-2-09.


Азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібі

Лауазымы Т.А.Ә.А Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
1 Округ әкімі Бакетов Советхан Таубалдыұлы Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін 13-00-ден 14-30-ға дейін

2017 жылдың І-жартыжылдығында ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2017  жылдың І-жартыжылдығында ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 104 өтініш келіп түсті, оның ішінде 104-і жеке тұлғадан.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

– жер пайдалану және жер  учаскелерін бөлу–102;

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы–2.

Округ әкімі С.Т.Бакетов жеке мәселелер бойынша 5  адам қабылдады, соның ішінде 5 мәселе де оң шешімін тапты. Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді. 

2016 жылдың 12 айында  округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2016 жылдың 12 айында округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 240 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғадан–240.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді: – жер пайдалану және жер  учаскелерін бөлу–218;

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы–12;

– әлеуметтік қамтамасыз ету–10.

Округ әкімі С.Бакетов жеке мәселелері бойынша 31 адам қабылдады, барлығы оң шешімін тапты.

Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әр қайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.


Жаскент ауылдық округінің жергіліті өзін-өзі басқару жұмысына қатысты материалдар

Жаскент ауылдық округінде жергілікті өзін-өзі басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

2017 жылдың 1 тамызына қысқаша

МӘЛІМЕТ

            Ауылдық округте 2 елді мекен бар. Жалпы халық саны – 3215, қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны – 12. Жергілікті өзін-өзі басқару жиындарына қатысуға өкілеттік берілген қоғамдастық мүшелерінің саны – 12.

           Ақсақалдар алқасының төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 11, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі кеңестің төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 5, жастар ісі жөніндегі кеңестің төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 130, көше комитеттері – 20.

             2016 жылы өткізілген жиналыстардың саны – 1, жиындардың саны – 2, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге берілген қаржыны немесе қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен ақшаға жүргізілген мониторинг саны – 1. Жергілікті өзін-өзі басқаруға ерікті салымдар есебінен 45000 теңге.

            2017 жылдың 1 тамызына өткізілген жиналыстардың саны – 2.

             Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 5400 теңге.