Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 218
  • Week Visit: 8  802
  • Month Visit: 46  800
  • Years Visit: 539  302
  • Total Page Views: 522

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жедел респираторлық вирустық инфекция және тұмау

centro_medicina_internaКүз,қыс мезгілінде тұмау ауруының күшейетіні белгілі.  Жедел респираторлық вирустық инфекция ауа-тамшылы жолмен таралады. Респираторлық аурулар мерзімдігімен сипатталады, әсіресе көктем, күз және қыс айларының қолайсыз күндерінде көбірек байқалады.
ЖРВИ-жұқпалы ауру. ЖРВИ белгілері: мазасыздық, дене қызуы-ның жоғарылауы, тамақтың ауыруы немесе жыбырлауы, мұрын бітелуі, жөтел, бас ауыруы. ЖРВИ (Жедел респираторлық вирустық инфекция),вирусный инфекция-бұл  тұмау алды ауру.                                                                          
Тұмау – вирустардың әсерінен пай­­да болатын ты­ныс алу мүше­ле­рінің кең тараған ауруы. Қыста және ер­те көктем­де тұмаудың эпидемиясы өте кең тарай­ды. Тұ­мау түшкірген не­месе жө­тел­ген кез­де жұғады. Ең жиі ауы­ратын­дар: ба­лалар, қарт адам­дар, жүкті әйел­дер, им­­мунитеті тө­мен адамдар.
Аурудың негізгі белгілері – дене қы­зуы 38 градустан жоғары көте­рі­луі, бас­тың ауруы, әлсіздік, танаудың б­ітуі, түш­кіру, Бұлшық еттер  мен сүйектердің сырқырауы,бас ауруы, әлсіздік,тез шаршағыштық,түшкіру және құрғақ  жөтел,көздің қызаруы,балаларда  құсу мен іш өту,жұмыс қабілетінің тө­мен­деуі т.б белгілер пай­­­да болады. Бұл белгілер пайда бол­ған кезде дереу ме­дици­на­лық кө­мекке жүгіну қажет.
Тұмаудың қауіптілігі – бұл аурудың асқынуы ағ­заның қор­ға­ныш қызме­тін әлсіретеді жә­не бронхтың, жо­ғарғы жақ­сүйек қой­науы­ның, құлақ­тың, өкпенің қа­быну­ларын т.б ау­рулардың даму мүмкіншілігін арт­тырады.
Індеттің алдын алу іс-шаралары:  Әрбір  2 сағат сайын мұрынның шырышты қабаттарын оксолин майымен майлаңыз.  Медициналық бетперде тағып жүріңіз.Әрбір  2 сағат сайын  ауыстыру үшін әр адамда кем дегенде 3 маска болуы керек.Бетперделерді (маска) күнделікті ауыстыру керек. Үй бөлмелерін  кем дегенде 2 рет желдетіп, бөлме іші мен еденді жуу керек. Ауырған адам мүмкіндігінше бөлек бөлмеде жату керек. Пияз,сарымсақ,қызыл бұрыш, С витаминіне бай (орамжапырақ, қарақат,бүлдірген,лимон,апельсин, итмұрын) тағам өнімдерін   пайдаланыңыз. Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған кезде үйде қалып,дәрігер шақыртыңыз. Сондай-ақ ағзаның иммундық жү­йе­сінің жұ­мысын көтеретін дәрілерді ішу ке­рек. Күнделікті таңғы жаттығулар, де­не шынықтырумен шұғылдану ағ­за­н­ың жұқпаға қарсы күресуіне кө­мек­те­седі.
Қоғамдық орындарда медици­на­лық бетперделерді киіп жүруді ұмыт­паған дұрыс.
Тұмаудың алдын алудың тағы бір жолы – екпе алу (вакцинация). Екпе  жұ­­мысына ең жақсы кезең – қазан неме­­се қараша айлары.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын келесі топтағы адамдарға: жүктіліктің  20-36 апта  кезеңіндегі жүкті әйелдерге,6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларға,денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне вакцинация жасауды  ұсынады. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану,спортпен шұғылдану,серуендеу,толыққанды уақтылы  дұрыс тамақтану,қоршаған ортаны сақтау,зиянды әдеттен арылу, ауа-райының құбылмалығын естен шығармай, жылы киініп жүру де тұмаудан  сақтанудың бір жолы. Ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын іздейік!.

Панфилов ауданы салауатты өмір салтын қалыптастыру

бөлімінің валеологы  Оразбақова  Гүлмира Сабазқызы

Пікірлер қалдыруы жабылған.