Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 25
  • Week Visit: 13  457
  • Month Visit: 54  884
  • Years Visit: 420  202
  • Total Page Views: 276

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жергілікті өзін-өзі басқаруға дербес бюджет беріледі

1Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізуді тапсырылған болатын. Өткен 2016 жылдың 13 қырқүйегінде мәжілісте «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылды, бүгінгі күнде талқылануда.

2016 жылдың 02 желтоқсанындағы аудан әкімінің № 68 ө өкімімен жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізуді ақпараттық түсіндіру мақсатында жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының аудандық маңыздағы қала, ауылдық округ әкімдерімен, мамандарымен семинар өткізу кестесі бекітілді. Өкімді жүзеге асыру мақсатында 9 қаңтар күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейі 2ретінде енгізу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды аудан әкімі аппаратының басшысы А.Садықов ашып, жүргізді. Семинарда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы С.Рамазанова баяндама жасап, жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджеттік процесс пен коммуналдық меншікті басқарудағы өкілеттіктерін кеңейту көздейтіндігін атап өтті. Заң жобасымен Бюджет, Салық және Азаматтық кодекстерге, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр. Қазіргі таңда еліміздің бюджет жүйесі 3 деңгейден тұрады. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде дербес бюджет жоқ. Сөз шамамен 2,5 мың әкімшілік бірлік жөнінде болып отыр.

img_9882Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан астам әкімшілік аумақтық бірлікте мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі ретінде, яғни біздің аудандағы 1 қалалық және 13 ауылдық округ толығымен енеді, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде енгізіледі.

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кірістері үш бөлімнен тұрады. Салықтық түсімдерден, салықтық емес түсімдер және аудандық бюджеттен берілетін трансферттер. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің салықтық түсімдерден төменгі кіріс көздері айқындалды. Олар: төлем көздерінен салық салынбайтын кірістерден алынатын жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салық, жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы, елді мекендердің жерлеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын жер салығы, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.

4Салықтық емес түсімдер есебіне мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беруден түсетін кірістер, жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алынатын айыппұлдар, коммуналдық мүлікті сатудан түскен кірістер жатады. Және аудандық бюджеттен берілетін трансферттер. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін жергілікті қоғамдастық жиналысында талқыланғаннан кейін аудан мәслихаты бекітетін болады, ал жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін атқару ауыл әкімінің аппаратына жүктеледі. Осылайша, жергілікті қоғамдастықтың мүдделері ескеріле отырып, бюджет шығыстарын жоспарлауға мүмкіндік беретін тетіктер көзделген.

Шығыстар ауыл әкімі шығыстарының Бюджет кодексінде қолданылатын 19 бағыты деңгейінде айқындалған: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау; елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру және тағы басқалар.

«Заң жобасын қабылдау жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық дербестігін және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешiмдер қабылдау процесiне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. 

Семинар барысында сұрақтар қойылып, сұрақтарға нақты жасаптар берілді.

Аппарат басшысы А.Садықов семинар жұмысын қорытндылай келе заңнама қолданысқа енгізілген жағдайда мамандарды арнайы курстарға білімдерін жетілдіруге жіберу, яғни, жергілікті қоғамдастық жұмысына заңгер, экономист, бухгалтерлік білімі бар мамандарды бекітіп, бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігін, осындай оқыту семинарларының әлі де жалғасын табатындығын айтып өтті.

Пікірлер қалдыруы жабылған.