Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 2  822
  • Week Visit: 14  129
  • Month Visit: 55  711
  • Years Visit: 421  815
  • Total Page Views: 910

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Жер заңды негізде – Земля по закону»

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Прокуратура ескертеді:  жермен байланысты алаяқтық  бар

Жерді сатып алмай тұрып келесідей жағдайға назар  аударыңыз:

Сатушының қолында оның меншік иесі екендігін растайтын 3 құжат болуы керек:

  • Жерге меншік құқығын мемлекеттік тіркеу куәлігі;
  • Меншік құқығын тіркеуге негіз болған құжаттың түпнұсқасы (мысалы, сатып алу – сату шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік және т.с.с.);
  • Кадастрлық жоспардың түпнұсқасы, онда жер учаскесінің кадастрлық номері, алаңы және нақты мекенжайы көрсетілуі  тиіс.

Аталған құжаттардың барлығында да меншік иесі туралы мәлімет бірдей болуы керек.

Меншік иесі жеке тұлға болса, онда Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың болуын, ал заңды тұлғада оны тіркеу, салық органында есеп тұру куәлігін тексерген және Заңды тұлғалардың бірыңғай тізілімінен анықтаманы  алған  жөн.

Сатып алушыдан көбірек ақша алу мақсатында алаңы үлкенірек және іс жүзінде басқа жерде орналасқан жер көрсетілуі  мүмкін.

Сондықтан, құжаттарды тексерген соң, жер алаңының кадастрлық жоспарға, координаттарына сәйкестігін мұқият тексеру  керек.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда Бас прокуратураның Call-орталығына 115 номері арқылы хабарласа  аласыз.


Алаяқтыққа қарсы жадынама

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған