Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 887
  • Week Visit: 10  678
  • Month Visit: 48  561
  • Years Visit: 538  092
  • Total Page Views: 15

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Жетісудың бұлбұлы, саз өнерінің дүлдүлі»

img_9152Қазақтың жезтаңдай әншісі, сазгер, Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтің 90 жылдық мерейтойы аясында аудандық Мәдениет үйінде «Жетісудың бұлбұлы, саз өнерінің дүлдүлі» атты еске алу кеші өтті. Бабалардан қалған асыл мұраны насихаттауға зор үлес қосқан, Жетісудің ән өнерін қалыптастырған, мақпал дауысты ақберен әнші Дәнеш Рақышевтің өнерде алар орны ерекше. Табиғатынан біртуар ерекше дауыс иесі болып саналатын Дәнеш Рақышевтің әндерін айрықша үн ырғағына, тембр-дауыс әуезіне ие әншілер ғана орындауының өзі оның қазақ өнері мен мәдениетінің қайталанбас тұлғасы екендігінің дәлелі.

Еске алу кешінің шымылдығын театрландырылған көрініспен Д.Рақышев  атындағы халық театрының әртістері ашты. Аудан әкімі Б.Абдулдаев әншінің өмірі жайлы мазмұнды баяндама жасап, кешке келген қонақтарға аудан халқы атынан алғыс білдірді.

img_9157Еске алу кешіне Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Абдуалиев, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Б.Нұржекеев, Алматы облысы, Панфилов, Кербұлақ, Ақсу аудандарының Құрметті азаматы Ғ.Тұрғанбаев, әншінің қызы Г.Рақышева, сондай-ақ Д.Рақышевтің шәкірттері ҚР Еңбек сіңірген әртіс, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі М.Мұқаманов, ҚР Мәдениет қайраткері, әнші, күйші, сазгер Б.Асқарбеков, ҚР Мәдениет қайраткері, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі А.Қармысов, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР Мәдениет қайраткері Н.Жанпеисов қатысты.

img_9147Кешке жиналған көрермендер Д.Рақышевтің репертуарындағы «Аңшының әні”, “Ардақ”, «Бұлбұл», “Саясында алманың” және басқа да әндерді Жетісу өңірінің дәстүрлі әншілік өнеріндегі Дәнеш мектебінің жарқын өкілдері Н.Жанпеисовтің, А.Қармысовтың, А.Ысқақовтың, Ж.Молдахметованың, Н.Батбақбаевтың, Е.Қонашовтың әуелетіп орныдауында тамашалады.

Кеш соңында қызы Г.Рақышева сөз алып, жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіре отырып, еске алу кешін ұйымдастыруға мұрындық болған аудан әкімі Б.Абдулдаевқа бастаған ұымдастыру алқасына шексіз алғысын білдірді.

Пікірлер қалдыруы жабылған.