Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 28
  • Week Visit: 13  460
  • Month Visit: 54  887
  • Years Visit: 420  205
  • Total Page Views: 264

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргізуші куәліктерін алды

8-мартаБұл санжыл басынан жаңа жүргізуші куәліктерін алған жалпы автомобилистер санының 30%-ына жуығын құрайды. Барлығы 36 115 жүргізуші куәлігі, оның ішінде әйелдерге – 10 776 жүргізуші куәлігі берілді.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алған автомобиль әуесқойларының саны жыл сайын өсіп келеді. «2014 жылы, мысалы, қаңтар және ақпан айларында мамандандырылған ХҚКО-ларда 15 мыңнан астам қазақстандық жүргізуші куәлігін алды, олардың ішінде 4 мыңы – әйелдер. 2015 жылдың 2 айына – 27 мыңнан астам, олардың ішінде 8 мыңнан астамы – әйелдер. Осы жылы да біз сол сияқты жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтердің өсу динамикасын көрдік»,- деп айтып өтті ол.

Автокөлік құралдарын тіркеу бойынша алғашқы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Қарағанды қаласында пайда болғандығын, кейіннен мамандандырылған ХҚКО-лар Алматы, Астана, Ақтау және Тараз қалаларында жұмыс жасай бастағандығын атап өтеміз. Бүгінде Қазақстанда автокөлік иелеріне қызметтер көрсету бойынша 11 мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді.

Бизнес-процесстерді автоматтандырудың жәнемемлекеттік органдардың деректер қоры мен ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың арқасында жүргізуші куәліктерін алу уақыты 2 сағатқа дейін қысқарды. Бұдан басқа, мамандандырылған ХҚКО-лардың аумағында психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлер дәрігерлерінің кабинеттерін және медициналық комиссияларды орналастыру клиенттерге барлық ілеспе анықтамаларды бір жерде алуға мүмкіндік берді.

Мамандандырылған ХҚКО-ларда міндеттерді бөлісу қолданылатындығын атап өту керек: ХҚКО қызметкерлері құжаттарды қабылдаумен және дайын құжаттарды берумен айналысады, ал ТЕБ қызметкерлері жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу куәліктерін жасау процесіне қатыстырылады.

 «ХҚКО» РМК баспасөз қызметі

Пікірлер қалдыруы жабылған.