Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 909
  • Week Visit: 39  097
  • Month Visit: 111  660
  • Years Visit: 699  153
  • Total Page Views: 30

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Исполнение программ

Исполнение программ

_______________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________

2011 – 2014 жылдары «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 18 жоба іске асырылып, шаруашылық құрылымдарымен 307,1 млн. теңгеге 1447 бас ірі қара малы сатып алынып, фермерлік шаруашылықтар құрылды. 2015 жылға жоспар 655 бас.

Қазіргі уақытты ауданның үш шаруашылығы 1740 бас ірі қара малын алуды жүзеге асыруда.

«Ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін арттыру» бағдарламасын орындау барысында 2011-2014 жылдары барлығы 5709 бас, оның ішінде 2014 жылы шет елден 2791 бас асыл тұқымды «Ангус», «Герефорд» ірі қара малы сатып алынды. Репродуктор шаруашылығын құру тапсырмасы (2011-2014 жылға жоспар 1450 бас) 394 пайызға орындалды.

 «Құлан» бағдарламасы бойынша 2 жоба іске асырылып, шаруашылық құрылымдарымен 304,5 млн. теңгеге 870 бас асыл тұқымды жылқы малы сатып алынып, жоспар 5,7 есеге артық орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасын 2015 жылы 2100 бас көлемінде орындап шығуға жұмыстар атқарылуда.

2014 жылы 10051 бас ірі қара қолдан ұрықтандырылды.

2014-2015 жылдарға мал қыстату науқанына 184,6 мың тонна ірі сабақты жем-шөп; 7,5 мың тонна сүрлем дайындалды.

Барлық меншік түрлеріндегі 87 мың шартты мал басына шаққанда 1 басқа 11 центнер азықтық бірлік көлемін құрады. Жем-шөп қоры мал қыстату науқанына толығымен жеткілікті.