Көктал ауылдық округінің жергілікті өзін – өзі басқару жұмысына қатысты материалдар
Көктал ауылдық округінде жергілікті өзін-өзі басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы
2016 жылдың 1 тамызына қысқаша
МӘЛІМЕТ
Ауылдық округте 3 елді мекен бар. Жалпы халық саны – 13784, қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны – 63. Жергілікті өзін-өзі басқару жиындарына қатысуға өкілеттік берілген қоғамдастық мүшелерінің саны – 7.
Ақсақалдар алқасының төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 7, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі кеңестің төрағасы – 1, мүшелерінің саны – 11, көше комитеттері – 65.
2015 жылы өткізілген жиналыстардың саны – 12, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге берілген қаржыны немесе қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен ақшаға жүргізілген мониторинг саны – 2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 2371045 теңге және түрлері бойынша: ерікті салымдар есебінен 2111701 теңге.
2016 жылдың 1 тамызына өткізілген жиналыстардың саны – 2, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге берілген қаржыны немесе қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен ақшаға жүргізілген мониторинг саны – 1.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 427340 теңге.