Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  134
  • Week Visit: 17  548
  • Month Visit: 56  648
  • Years Visit: 501  200
  • Total Page Views: 757

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Көктал ауылдық округі

Жалпы мәлімет

 Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылы, Ыбраймолдаев көшесі, № 56

Электрондық поштасы: koktal_panfilov@mail.ru

Байланыс телефондары: 8(72831) 37-7-45, факс: 8(72831)37-7-46.

Көктал ауылдық округінің жалпы көлемі – 2906,88 гектар. Ауылдық округтің құрамында 3 елді мекен бар: Көктал, Ақжазық және Аққұдық ауылдары. Округтің әкімшілік орталығы болып Көктал ауылы белгіленген. Көктал ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы – 16 км, Ақжазық ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы – 23 км, округ орталығының ара қашықтығы – 7 км, Аққұдық ауылы мен аудан ортағының ара қашықтығы – 22 км, округ орталығының ара қашықтығы – 6 км.

2016 жылдың 1 қаңтарына халық саны – 13782 адам, оның ішінде Көктал ауылында – 11607, Ақжазық ауылында – 1573, Аққұдық ауылында – 602 адам тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 84%, орыстар – 3%, ұйғырлар – 15%, басқа ұлттар – 1 %. Округ бойынша 1002 зейнеткер бар. Жалпы аула саны – 3070. 2015 жылы туылған бала саны – 254. Округке қоныс аударып келген адам саны – 100. 

Көктал округінде 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 1 пошта бөлімшесі, 4 мешіт, 1 балабақша, 2 мектепке дейінгі шағын орталық, 4 мектеп, 1  учаскелік аурухана және 1 Панфилов ауданы орталық ауруханасының психоневрологиялық  бөлімі, 2 ФАП тұрғындарға медициналық қызмет көрсетеді. Сондай-ақ  аудандық ішкі істер бөлімінің № 4 учаскелік полиция пункті  бар. Учаскелік полиция пунктінде 3 учаскелік инспектор жұмыс істейді.

Округте 308 шаруа қожалығы, жүгері зауыты, 3 ЖШС,  58 дүкен, 3 дүңгіршек, 315  шаруа қожалығы, 81 жеке кәсіпкер. 1 жол жөндеу  мекемесі, 1 диірмен, 1 сүтті қайта өңдеу цехы, 3 автокөлік доңғалағын жөндеу орны, 3 жанар-жағармай стансасы, 7  қоғамдық тамақтандыру орындары, 1 құс бордақылау цехы, 2 наубайхана, 1 жүгері зауыты бар.

Ауылдық округте бастауыш ардагерлер кеңесі мен әйелдер кеңесі құрылған.Округ тұрғындары арасынан жергілікті қоғамдастыққа 63 адам мүше болып сайланған. Қоғамдастық мүшелері жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді атсалысады.


 

 Көктал ауылдық округі әкімі  Бақыт Бәйкенұлы Нүрелов

 

       Нүрелов Бақыт Бәйкенұлы 8 қаңтар 1962  жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылында дүниеге келген.1979-1984 жылдары Алматы мал дәрігерлік институтын зоотехник мамандығы бойынша аяқтаған.1984-1985 жылдар Панфилов ауданы, Үшарал колхозында спорт методисі,1985-1988 жылдары Үшарал  колхозы бастауыш  комсомол  ұйымының хатшысы,1988-1993 жылдары Үшарал колхозы кәсіподақ  комитетінің  төрағасы, 1993-1996 жылдары Үшарал колхозы мал бордақылау алаңының зоотехнигі, меңгерушісі, 1996-1998 жылдары Панфилов аудандық  әлеуметтік және экономикалық даму басқармасы экологиялық постының  аға инспекторы,1988-1999 жылдары Үшарал ауылдық  округ әкімшілігінің аға инспекторы,1999-2005 жылдары Панфилов  ауданы әкімшілігі  ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2005-2007 жылдары Панфилов аудандық мәслихаты  аппаратының жетекшісі, 2007-2011 жылдары Үшарал ауылдық округінің әкімі, 2011-2014 жылдары Жаркент қаласының әкімі қызметтерінде болды.

      2014 жылдан бастап Көктал округінің әкімі қызметінде.

      Үйленген, үш баласы бар.

Округ әкімі аппаратының қызметкерлері

Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
Нурелов Бақыт Бәйкенұлы Ауыл әкімі 8(72831) 3 – 77 – 45
Қадырбаев Батырбек Рүстембайұлы Әкімнің орынбасары 8(72831) 3 – 77 – 46
Оспанов  Алман    Бекдайырұлы бас маман 8(72831) 3 – 72 – 79
Илямова  Мерванам  Алимқызы бас маман – іс жүргізуші 8(72831) 3 – 77 – 46
Сағымбекова Жанар Нұрахметқызы бас маман-салық агенті 8(72831) 3 – 77 – 46
Жанғазиев Талғат  Берлинұлы бас маман 8(72831) 3 – 77 – 21
Заманбекова Салтанат Қайратқызы бас маман – іс жүргізуші 8(72831) 3 – 77 – 21
Мустаханова Шынар Ердәулетқызы бас маман – бухгалтер 8(72831) 3 – 71 – 60
Жұмаков  Марат  Нуртайұлы бас маман 8(72831) 3 – 77 – 46
Мұқанова Маржан Әбілғалиқызы
жетекші маман 8(72831) 3 – 77 – 46
Ұзақбаев Ербол Ұзақбайұлы жетекші маман 8(72831) 3 – 77 – 21
Балтекеева Динара Батырбекқызы оператор 8(72831) 3 – 77 – 45
Темірбаева Қымбат Айдарханқызы спорт жөніндегі әдіскер 8(72831) 3 – 77 – 21
Нұрғали Алмас Бепікұлы спорт жөніндегі әдіскер 8(72831) 3 – 77 – 21

Халықпен жұмыс

               Құрметті азаматтар!

      Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабымен реттеледі.

Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Ауызша мәлімет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңызға болады:

Округ әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізуге жауапты маманы – Заманбекова Салтанат Кайратқызы, тел.: 8(72831)37-7-46.

Азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібі

Лауазымы Т.А.Ә.А Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
1 Округ әкімі Нурелов Бақыт Бәйкенұлы сейсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, бейсенбі 14.00-ден 18.00-ге дейін 13.00-ден 14.30-ға дейін
2 Округ әкімінің орынбасары Кадырбаев Батырбек Рүстембайұлы сәрсенбі 10.00-ден12.00-ге дейін, жұма 14.00-ден 18.00-ге дейін  

 

2016 жылдың І-жартыжылдығында ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2016  жылдың І-жартыжылдығында ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 59 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғадан – 58, заңды тұлғадан – 1.

Өтініштерде жер пайдалану және жер учаскелерін бөлу мәселелері жиі көтерілді, осы мәселе бойынша 56 өтініш түсті.

Округ әкімі жеке мәселелер бойынша 3 адам қабылдады, 3 мәселе де оң шешімін тапты, түсініктеме берілді. Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.

2015 жылдың 12 айында  округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2015  жылдың 12 айында округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 187 өтініш келіп түсті, оның ішінде 185-і жеке тұлғадан.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

– жер пайдалану және жер  учаскелерін бөлу – 176;

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 9;

– әлеуметтік қамтамасыз ету – 2.

Округ әкімі жеке мәселелері бойынша 14 адам қабылдады, оң шешімін тапты.

Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әр қайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.

 

Көктал ауылдық округінің жергілікті өзін – өзі басқару жұмысына қатысты материалдар