Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 387
  • Week Visit: 5  798
  • Month Visit: 29  112
  • Years Visit: 428  764
  • Total Page Views: 586

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Мақалалар

«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»  мемлекеттік көрсетілген қызметі бойынша мәлімет

«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»  мемлекеттік көрсетілген қызметі бойынша жалпы білім беру қоры есебінен 800 000 теңге бөлінді. Қөрсетілген қаражат бойынша 46 орта мектептен аз қамтылған отбасылардағы балаларға 46 жолдама берілді.

2017 жылдың 23 мамыр күні мемлекеттік тапсырыс Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу баға ұсынысы тәсілмен порталға қойылды.

2017 жылдың 30 мамыр күні порталдын қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметінің орындалуын Панфилов ауданында орналасқан «Қарлығаш» спорттық-сауықтыру лагері женіп алды. Қорытындысы бойынша 46 жолдамаға  12 900 теңгеден, барлығы 593 400 теңге қойылды.

 Артылған 206 600 теңге  келісім бойынша «Көктал-Арасан» шипажайына бөлінді. Ауданның 5 мектебінен 5 тұлдыр жетім оқушы жіберілді.

Мектеп Лагерьге  бөлінген жолдама саны

Шипажайға бөлінген жолдама саны

1.
Алтынсарин атындағы ОМ

1

2. Жамбыл атындағы ОМ

1

3. Уәлиханов атындағы ОМ

1

4. № 6 ОМ

1

1

5. Еңбекші ОМ

1

6. Хамраев  атындағы ОМ

1

7. Б.Назым атындағы ОМ

1

8. Крупская атындағы ОМ

1

9. Луначарский атындағы ОМ

1

10. Көктал ОМ

1

11. Абай атындағы ОМ

1

12. Жамбыл /Ақжазық/ атындағы ОМ

1

13. Байбатшаев атындағы ОМ

1

14. Розыбакиев атындағы ОМ

1

15. Төменгі Пенжім ОМ

1

16. Пенжім ОМ «Нұркент»

1

17. Қорғас ОМ

1

18. Ават ОМ

1

19. Үлкеншыған ОМ

1

1

20. Кішішыған ОМ

1

21. Жаркент ОМ

1

1

22. Сатай батыр атындағы ОМ

1

23. Көбіков атындағы ОМ

1

24. Садыр ОМ

1

25. Қожбанбет би атындағы ОМ

1

26. Соцжол ОМ

1

27. Аманбайұлы атындағы ОМ

1

28. Сарытөбе ОМ

1

29. Кермеағаш-Арасан ОМ

1

30. Қастеев атындағы ОМ

1

31. Надек ОМ

1

32. Шежін ОМ

1

33. Рақышев атындағы ОМ

1

34. Сыпатаев атындағы ОМ

1

35. Нағарашы ОМ

1

36. Босақов атындағы ОМ

1

37. Диханқайрат ОМ

1

38. Елтінді батыр атындағы ОМ

1

1

39. Крылов атындағы ОМ

1

40. Головацкий атындағы ОМ

1

1

41. Сұптай ОМ

1

42. Әулиеағаш ОМ

1

43. Көктал-Арасан ОМ

1

44. Айдарлы ОМ

1

45. Дарбазақұм ОМ

1

46. Үшарал ОМ

1

Барлығы

46

5

19.06.2017ж.


Білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

             Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамызда №1119 қаулысыменен «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қорғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамаларын беру » мемлекеттік қызмет стандарты бойынша аудан тұрғындарына қызмет көрсетіліп келеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамызда №1119 қаулысына 2015 жылы 7 қарашада өзгерістер енгізілді. Панфилов аудандық білім бөлімі «Халыққа қызмет көрсету» департаментімен бірлесіп жұмыстар жүргізіліп келеді. Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қорғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін 28 тұлғаға қызмет көрсетілді. Тұрғын үй мәселе бүгінгі таңда ең өзекті мәселе. Сондықтан тұрғын үй жөнінде мәмілелер жасау ккезінде міндетті түрде к»мелетке толмағандардың мүдделері қорғалады. Яғни, жеке тұлға арыз жазған кезде кәмелетке толмаған бала 10 жастан асса, ол өз қолымен «келісім» жазады. Ал, кәмелетке толмағандардың 10 жасқа толмаған балалардың мүддесін қорғау үшін аудандық білім бөлімінің өкілі нотариалды кеңселерге барып, іспен танысқан соң «келісемін» деп қол қояды. Бүгінгі күні көптеген азаматтар несие алу тұрғын үйлерін кепілдікке қойып, кәмелетке толмаған бала мүдделері ескерілмей жатады. Кәмелетке толмаған балалардың ата – аналары банк шарттарын бұзып, төлемдерді уақытысында төлемей қарызға батады. Мұндай кезде банк жеке тұлғаның кепілге қойған үйлерін электронды сатылымға шығаруға мәжбүр болады. Біздің тарапымыздан көрсетіліп отырған қызметте мұндай олқылықтар орын алған жоқ. Сонымен бірге несие алған жеке тұлғалар кәмелетке толмаған балалардың мүддесін қорғау үшін аудандық білім бөлімі рұқсат береді.

                          Р.Ыстай   

                                                                           аудандық білім бөлімінің бас маманы

12.06.2017ж.


    Панфилов ауданының білім бөлімі «Мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін тіркеу»мемлекеттік қызметін көрсету стандарты

   Елбасының  «Қазақстан  – 2050 Стратегиясы  қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында  балаларды мектепке дейінгі  білім беру және тәрбиемен  100% қамтуға  қол жеткізу міндетін  қойды. Аталған жоспарды іске асыру үшін әр елді мекендердегі  мектепке дейінгі жастағы балалардың  санын, демографиялық өсу, туу  көрсеткішін ескере келе  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын ашып, бүлдіршіндерді мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша барлық мүмкіндіктерді пайдалану  қажеттілігі  туралы  тапсырма  берілген.

    Ауданда  66 мектепке дейінгі ұйым  жұмыс істейді, олардың     13-і мемлекеттік балабақшалар, 19-ы жеке меншік, 18-і  шағын орталық (тамақпен),  16-ы қысқа мерзімді топтар (3 сағаттық) ,

  Балабақшаларда-2750,оның ішінде мемлекеттік  балабақшаларда -1550, ал жекеменшік балабақшаларда -1200,шағын орталықтарда-1320 бала тәрбиеленуде. Барлығы -4070 бала.

       Аудан бойынша 0-7 жас аралығындағы балалар саны-19569.Оның ішінде 3-6 жас аралығындағы балалар саны-4350 бала,

Мектепке дейінгі мекемелермен қамтылған балалар саны-4070 бала қамту  93 пайызды құрады .

    Кезекте -840 бала тұр.Қала бойынша 0-7 жас аралығындағы  қалада377 ,ауылда-463. Кезекте тұрған бүлдіршіндерді балабақшаларға орналастыру мәселесі де басты назарымызда. Балабақшаға кезекке қою  халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы онлайн электрондық үкімет www.egov.kz немесе iOS және Android үшін қол жетімді egov.kz мобильдік қосымша арқылы қоюға болады. Жас аналар мен әкелер үшін кезекке онлайн қою тәсілі қолайлы, себебі бұл үйден шықпай-ақ жүзеге асырылады. Кезек келгенде білім бөлімінің қызметкерлері ата-аналарға балабақшадағы орынның босағаны туралы хабарлайды.Балабақшадағы  балалар мамырдың аяғында балабақшамаен қоштасу кеші өткізіледі.Сол кезден бастап меңгеруші білім бөліміне  сұраныс береді,сол сұраныс арқылы журналға тіркелген 3-5 жастағы балалар балабақшаға жіберіледі.

Қарабалаева Райкул Ахметқалиқызы- аудандық білім бөлімінің әдіскері

06.06.2017


ЖАС МАМАНДАР НАЗАРЫНА !!!

АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ ТҰРУ ҮШІН КЕЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫНА ҰСЫНЫЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫН АЛУ ТӘРТІБІ

І. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ТҮРЛЕРІ

  1. Бір жолғы көтерме жәрдемақы:

(70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде )  2017 жылға  158 830 тенге

  • Бір жолғы көтерме жәрдемақыны алатын маман ауылдық елді мекемеде 3 жылдан кем емес уақыт жұмыс жасауы қажет;
  1. Тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит:

– (1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; ) 15 жылға, сыйақы мөлшері кредиттің жылдық сомасынан -0,01%.  2017 жылға    3 403 500 тенге

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫНА

ИЕ БОЛУ ҮШІН

  1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешен саласындағы мамандарына жұмысқа орналасу;
  2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне қажетті құжаттарды тапсыру.

III. АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНЕ  (жұмысшы органына) әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн маман әкiмшiге мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Бір жолғы көтерме жәрдемақы алу үшін:
  2. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
  4. жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
  5. бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
  6. көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
  7. тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;

2.Көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде;

  • осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
  • жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
  • бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
  • сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
  • көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
  • тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы ;
  • неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
  • аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама.

АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІ

02.05.2017ж.


Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуіріндегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініштерді қабылдау:

  1. Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі немесе медициналық ұйым қолдаухат берген кезде) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не село/ауыл әкiмдерінiң анықтамасы);

      3) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;

      5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы үзіндісінің көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

      6) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;

      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмелері;

       8) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.

       Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

        2017 жылдың 3 айында үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарын ресімдеу үшін 11 адам өтініш білдіріп, құжаттары ресімделді.

Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,

мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

бөлімшесінің меңгерушісі Л. Бейсембекова

18.04.2017ж.


Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуіріндегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініштерді қабылдау:

  1. Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

       Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

       Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

       Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі немесе медициналық ұйым қолдаухат берген кезде) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады:

       1) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;

       2) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

       3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;

       4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

       5) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесі (болған кезде);

       6) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;

     7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәлігінің көшірмелері.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

      Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 2017 жылдың 3 айында 2 адамның құжаттары ресімделді.

Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,

жалғызілікті қарттарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

бөлімшесінің меңгерушісі Т.Кулманбетов

18.04.2017ж.


Тұрғын үй көмегін тағайындау

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуіріндегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініштерді қабылдау:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);;
2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы);
отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
2) порталда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттардың электрондық көшірмесі;
коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттардың электрондық көшірмесі;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың электрондық көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.
Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін тұпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

2017 жылдың 3 айында тұрғын үй көмегін тағайындау үшін 19 адамның құжаттары ресімделді.

Әсет Рахымгельдіұлы

Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,

Әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі

17.04.2017ж.


Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуіріндегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініштерді қабылдау:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);;

3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін жүгінген кезде еркін нысанда жазылған өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетілетін қызметті берушіге, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне не Мемлекеттік корпорацияға:

1) жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тіркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);

3) жұмыс орнынан анықтама;

4) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.

Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Әсет Рахымгельдіұлы

Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,

Әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі

17.04.2017ж.


Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуіріндегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініштерді қабылдау:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);
3) мүгедектер мен әлеуметтік маңызды аурулары бар адамдар – www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.     

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісетіні көрсетілген еркін нысандағы өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
 Порталға:
мемлекеттік қызметті көрсету үшін –  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш;
мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, мүгедектікті растайтын құжаттың, адамда әлеуметтік маңызды аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Әсет Рахымгельдіұлы

Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,

Әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі

17.04.2017ж.


Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуіріндегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініштерді қабылдау:     

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);

3) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он сегіз жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет), оралмандар үшін – оралман куәлігі;

2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы акті жазбасынан үзінді көшірме;

3) балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін немесе бала асырап алғанын растайтын құжат;

4) құжаттардың түпнұсқалары негізінде толтырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес отбасы құрамы туралы мәліметтер;

5) отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысанда өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер және 4-қосымшаға сәйкес нысанда жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер;

6) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

«Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы 2017 жылдың 3 айында он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін 762 отбасының құжаттары ресімделіп, оларға  20747,0 мың теңге көлемінде аталған көмек тағайындалып, төленді.

Әсет Рахымгельдіұлы

Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,

Әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі

17.04.2017ж.


Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау

        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуіріндегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініштерді қабылдау:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);

3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде..

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетілген қызметті берушіге, ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың бар-жоғы туралы мәліметтер;

5) көрсетілетін қызметті алушының (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

Әсет Рахымгельдіұлы

Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,

Әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі

17.04.2017ж.


Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуіріндегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініштерді қабылдау:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);

3) кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);

4) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетілетін қызметті берушіге, ауылдық округ әкіміне не Мемлекеттік корпорацияға:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.

Көрсетілген құжатта қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйе растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну талап етілмейді.

Порталда:

көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Сұрау салуда көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Әсет Рахымгельдіұлы

Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,

Әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі

17.04.2017ж.


Дене шынықтыру және спорт

Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 35-бабының спорттық разрядтар мен санаттарын беру» туралы 2), 4), тармақшаларына сәйкес, «екінші, разрядтар және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтар мен санаттарын беру» қызметі бойынша,  ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінде спорттық разрядтар беру қызметтері көрсетіледі. Бұл мемлекеттік қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүргізіледі. Спорттық санаттар алу үшін төмендегідей құжаттарды жинап, халыққа қызмет көрсету орталығына өткізу қажет.

  1. Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік көшірмелері
  2. Жарыс хаттамалары көшірмесі
  3. Бас төрешінің қолдау хаты (ходотайство)
  4. Өтініш

17.04.2017ж.


Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуіріндегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініштерді қабылдау:

  1. Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

       Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

       Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

       1) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

       2) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;

       3) мүгедектігі туралы анықтама.

      Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады..

        2015 жылдың 9 айында жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін 1 өтініш қабылданып, құжаттары ресімделді.

        

Әсет Рахымгельдіұлы

Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,

Әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі

29.03.2017ж.


24.03.2017ж. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы


Мемлекеттік қызмет алушылар – назарына!

Аудан тұрғындарының әлеуметтік және экономикалық өсіуінің негізгі көрсеткіштерінің бірі ауылшаруашылық жануарларын өсірумен оның өнімдерін пайдаланудың сапасын арттыру екені белгілі. Аталған шараны атқару барысында ауылшаруашылық жануарларының бірдейлендірілуі, паспорталуы және компьпютерлік дерекқорға енгізілуі өзекті мәселе. Жануарларды және олардан алынған өнімдерді базар нарқында өткізу барысында олардың сапалылығына және қауіпсіздігіне негіз болатын, ҚР заңнамалар талаптарына орай оларға берілетін ветеринариялық анықтамалар, ауылшаруашылық  жануарларын  бағып  өсірумен  айналысатын  орындарға (обьектілерге) берілетін есептік нөмірлер берудің яғни мемлекеттік қызмет көрсетудің жолдары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына және «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы  № 7-1/418 бұйрығы.

Ауылшаруашылық малдарынан алынған төлге бірдейлендіру жүргізе отырып ветеринариялық паспортталынып компьютерлік дерекқорға еңгізіледі. Тірідей  мал базарларында сатылатын немесе арнайы мал сою алаңдарында сойылып ет сататын  орындарда сатылатын ауылшаруашылық  жануарларына мал иелері өздерінің  тұратын  жерлеріндегі қала, ауылдық округ пункттерінің  меңгерушілерінен №Ф-1, №Ф-2, №Ф-3 үлгідегі ветеринариялық  анықтамалар алады. Аталған үлгідегі ветеринариялық анықтамалары жоқ болған жағдайда жануарлар  сатылмайды және сойылмайды. Мұндай әрекетке барған мал иелері ӘҚБ Кодексінің талаптарына орай әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ветеринариялық  анықтамалар ауыл шаруашылық  жануарларының  денінің сау, сатуға және сойып сатуға болатындығын дәлелдейтін  бірден- бір заңды құжат болып  табылады. Жануарлардың денінің  саулығының негізгі көрсеткіштерінің бірі- олардың заң талаптарына  сай салынып, жасалған қора жайларда (объектілерде) бағылып өсірілуі болады. Аталған объектілердің ветеринариялық- санитариялық  қортындылары және осының  негізінде  берілген есептік  нөмірлері болуы керек.

Жоғарыда көрсетілген бірдейлендіру жүргізе отырып ветеринариялық паспортталынуы, ветеринариялық  анықтамалар, объектілердің ветеринариялық- санитариялық  қортындылары және олардың  есептік  нөмірлер –  осы көрсетілетін қызметті алушының яғни мал иесінің немесе объект иесінің құзырлы мекеменің басшысының не жауапты маманының атына жазылған жазбаша түрде ӨТІНІШ негізінде беріледі.

Құрметті аудан тұрғындары жануарларды сату, сатып алу т.б. өз қажеттіліктеріңізге керек іс- шараларды атқару барысында ветеринариялық- санитариялық  заңдылықтың сақталуына жіте мән  беріп, өз денсаулықтарыңыздың кепілі бола біліңіздер!

«Панфилов ауданының ветеринария» бөлімі ММ-сі

16.03.2017ж.


07.03.2017ж. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы


25.01.2016ж. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау


25.01.2016ж. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру


25.01.2016ж. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру


25.01.2016ж. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу


25.01.2016ж. Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету


27.01.2016ж. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау


28.01.2016ж. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


06.04.2016ж. Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты


15.08.2016ж. Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл


11.10.2016ж. Мүгедектің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы


01.11.2016ж. Қайтыс болуды тіркеу туралы


Мақалалар 20.12.2016