Мемлекеттен жеке тұрғын үй құрылысына тегін жер учаскесін алу
Хабарландыру
Пенжім ауылдық округіндегі Қорғас елді-мекеннің дамуына қосылған жеке тұрғын үй салуға белгіленген және инфрақұрылымы тартылған, жалпы көлемі 90 га жер учаскесінде алаңдар дайындалды.
Арнайы кезекке алынған азаматтарға кезегі бойынша жер учаскелерін бөліп беру жоспарлануда. Осыған байланысты Қорғас ауылынан жеке тұрғын үй салуға жер бөліп беру бойынша өтініш беріп, арнайы есепке алынған азаматтар Пенжім ауылдық округі әкімі аппаратына жүгіну қажет.
«Панфилов ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Дуйсенов
2016 жылдың 1 қазанына
Жеке тұрғын үй құрылысын салуға мемлекеттен тегін жер учаскесін алу, кезекті тексеру, кезекке қою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларына сәйкес “Панфилов ауданының жер қатынастары бөлім” мемлекеттік мекемесіне немесе Жаркент қаласы, ауылдық округ әкімдеріне хабарласуға болады.
“Панфилов ауданының жер қатынастары бөлім” мемлекеттік мекемесінің басшысы – Дүйсенов Болатбек Өскенбаевич.
Мекен жайы: Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 131, 1-қабат. Байланыс телефондары: 8(72831) 51136 (руководитель отдела), 8(72831)50919. Бөлімнің жауапты бас маманы Ақынов Заңғар Мұхтарович.