Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  130
  • Week Visit: 17  544
  • Month Visit: 56  644
  • Years Visit: 501  196
  • Total Page Views: 446

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Мемлекеттiк қызмет көрсетуге шағым беру тәртiбi

%d0%be%d0%b1%d0%b6%d0%b0%d0%bb%d0%be%d0%b2%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d0%b5-%d0%ba%d0%b0%d0%b710112016191847


Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауға көмек көрсету Панфилов ауданы әкімдігінің интернет ресурсында көрсетілген «Аудан бөлімдері» бөлімінде электрондық мекенжайы бойынша орналасқан қызмет берушінің мамандары жүзеге асырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген немесе дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет алушының таңдауы бойынша: қызмет берушінің басшысының атына немесе Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129  мекенжайы бойынша орналасқан, телефон: 8 (72831) 5-15-09, Панфилов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесіне беріледі, «Электрондық үкімет» мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығына 8-800-080-7777 (1414) телефондарына хабарласуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Шағым онда көтерілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда), қызмет алушының пошталық мекенжайы, шағымды берген күні көрсетіліп, қызмет алушының қолы қойылады.

Шағым беру кезінде әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым беріліп отырған лауазымды тұлғаларының лауазымы, аты-жөні, шағым беру себептері және талаптары көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде мемлекеттік қызмет алушыға шағымның қыбылданғандығын растайтын шағымды қабылдап алған лауазымды тұлғаның аты-жөні, қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген талон беріледі. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты тиісті қызмет берушінің кеңсе қызметкерлерінен алуға болады.

Шағымды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында қарастырылған тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуге шағым беру тәртiбi туралы қосымша ақпаратты 8(72831) 5-15-09 телефоны бойынша Панфилов ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінен алуға болады.