Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 483
  • Week Visit: 9  067
  • Month Visit: 47  065
  • Years Visit: 539  567
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға қолжетімділігін арттыруға ерекше назар бөлінеді. Атап айтсақ корпорацияның фронт- офистерінде арбада отырған мүгедектерге арналған пандустар мен шақыру тетігі, Брайль мәтінімен ақпараттық тақтайшалар, зағип жандарға арналған тактиль жолдары орналастырылған.

Бұдан басқа 1 және 2 топ мүгедектері мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне келмей- ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» қызметтерін ала алады. Азамат мобилдік топты үйге шақыру үшін Біріңғай байланыс орталағының 1414 нөміріне телофон шалуы қажет және Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері оған 72 сағат ішінде барады. Үйде көрсетілген қызметтердің ішіндегі ең танымалдары ақпараттық қызметтер: мекенжай  анықтамалары, жылжымайтын мүліктің бар/жоғы туралы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама беру. Жыл басынан бері мелекеттік корпорацияның қызметкерлері үйлерге барып 1242 қызмет  көрсетті.

Сонымен қатар  мүгедектердің композиттік қызметтерді алу мүмкіндігі көзделген. Мысалы, азамат мүгедектік тобын алу үшін комиссиядан өткенде, оның басқа еш жерге баруының қажеті жоқ. Оның құжаттарын он-лайн режимінде мемлекеттік корпорацияға беріледі, мұнда барлық жәрдемақы түрлерінің төлемі тағайындалып, оның төленуі де ұйымдастырылады. Бұл Әділет министірлігінің ақпараттық жүйесі мен орталықтандырылған мүгедектік деректер қорын ықпалдастырудың нәтижесінде мүмкін болып отыр, өйткені өтініш қабылдау кезінде қағаз жүзіндегі құжат айналымы толық алып тасталған, ал жеке басын куәландыратын құжат жөніндегі, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтерді электрондық үкімет шлюзі арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесінен алады.

2017 жылдың наурыз айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы есту және сөйлеу қабілеті нашар азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жаңа қызмет түрімен толықты. Енді бұл адамдарға ым-ишарат тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан нақты уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп іске асырылды.

Сонымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әр түрлі позицияларда 22 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыс істейді.

Пікірлер қалдыруы жабылған.