Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 28
  • Week Visit: 13  460
  • Month Visit: 54  887
  • Years Visit: 420  205
  • Total Page Views: 19

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін мобильді топтардың үйлерге бару» қызметі

       Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі  шектеулі  азаматтарға қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінуде. Әрбір ХҚКО-да арнайы пандустар мен шақыру түймелері  орнатылып, олардың құжаттарын қабылдау үшін арнайы орындар  белгіленген.

      Сондай-ақ, ендігі жерде мүмкіндігі шектеулі жандар, (1, 2- топтағы мүгедектер)  үйлерінде отырып-ақ қажетті мемлекеттік қызметтерді ала алады. Ол үшін  1414 нөмірі бойынша  Бірыңғай байланыс-орталығына  телефон шалып, өз өтініштерін беру керек.

Бірыңғай байланыс-орталығының кеңесшілері  өтінім келіп түскен бойда, 10-20 минуттың ішінде өтінімді (өтініш берушінің аты-жөнін, байланыс мәліметтерін) ХҚКО қызметкеріне жолдайды.

      Өтінішті алған ХҚКО қызметкері өтініш иесімен хабарласып, мемлекеттік қызметті алу үшін қандай  құжаттар қажет  екенін және өтініш иесінің үйіне  бару  уақытын анықтайды.

    Жұмыс уақыты бойынша 72 сағаттың ішінде мобильді ХҚКО өтініш берушінің үйіне  келіп, қажетті  құжаттарды  алып кетеді. Құжаттар дайын болған кезде, үйге  әкеп береді. Бұған қоса, ХҚКО қызметкерлері электронды- цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беріп, болашақта анықтамаларды өздері электрондық нұсқада алулары үшін «электрондық үкімет» порталымен жұмыс істеуге  де  үйретеді.       

 ХҚКО Алматы облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер қалдыруы жабылған.