Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Наубайхана жұмысын бастады

Жуырда Жаркент қаласының солтүстік шығысындағы «Жаңақұрылыс» мөлтек ауданында жаңа наубайхана ашылып, тұрғындарды сапалы нанмен қамтамасыз ете бастады. Бұрын да нан пісіріп сататын кәсіпкер келіншек Махинұр Аюпова мемлекеттік бағдарлама бойынша 9,5 миллион теңге жеңілдетілген несие алып, кәсіпорынның өнім өндіру қуатын ұлғайтты. Италиядан нан өнімін пісіретін құрылғылар алғызып, бұрын Жаркент тоқашы мен бөлке пісіріп саудалап келсе, енді 9 түрлі сапасы жоғары нан өнімін дайындауға қол жеткізді. Қазір бұл кәсіпорында жаңа жұмыс орындары пайда болып, еңбеккерлер саны онға жетті.

Махинұрдың көп көлемде несие алып, осындай батыл қарекетке баруына өңірдегі кәсіпкер әйелдер қауымдастығындағы серіктері рухани қолдау көрсетті. Ал кәсіпкер келіншектің жаңалығы өзгелерге де дем беріп, Жаркенттік әйелдер арасында өндіріс орнын құруға құлшынған жандар қатары көбеюде.

Наубайхананың ашылу салтанатына қала тұрғындары, кәсіпкер азаматтар қатысты. Жаңа наубайхана ғимаратының алды мерекедегідей безендіріліп, Жаркент гуманитарық-техникалық колледжінің өнерпаз студенттері әуезді ән айтып, күмбірлетіп күй шертіп шараның шырайын арттырды.

Наубайхананың лентасы қиылып, ақ тілектер ақтарылғаннан кейін Махинұр Аюпова көпшілікке бар байлықтың басы нан екенін айта жүріп, қуанышқа жиналған қауымға наубайхананың ішкі жұмыстарын, шетелдік құрылғылардың ерекшеліктерін таныстырды. Одан соң кәсіпорын ауласында жайылған дастарқанға Құран оқылып, келушілер пештен шыққан ыстық наннан дәм татты. Соңынан Жаркент қаласындағы «Ирада» мейрамханасында осы шараға қатысқан қауымға ас берілді.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Пікірлер қалдыруы жабылған.