Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз
©

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 17  339
  • Week Visit: 50  194
  • Month Visit: 119  013
  • Years Visit: 651  664
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу ерекшелігі

 Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға салық төлеуші ретінде тіркелу үшін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты мекеме орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:

1) құрылтай;

2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезидентті инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын;

3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.

 Қазақстан Республикасындағы көздерден, төлем көзінен салық салуға жатпайтын табыс алатын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде келген (тұратын) жері бойынша салық органына мынадай:

1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;

2) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын;

3) ондай құжат бар болған жағдайда Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстың сомасын растайтын құжатттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.

                                                                                Бас маман А. Қасымханова

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Меморандум

Халықтың қаржылық сауатын арттыру мәселесі бойынша өзара әрекет ету аясында, 2018 жылдың 20 Маусымда Жаркент  Қаласы әкімдігінің ғимаратында БАҚ және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен «БЖЗҚ» АҚ Алматы облыстық филиалының Жаркент қаласындағы Дербес қызмет көрсету орталығының қызметкерлері аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі көрсеткіштері айтылды. 2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,13 трлн теңгені құрады. Сөйтіп, бір жылдың ішінде (сәуір 2017ж. – сәуір 2018ж.) 1,21 трлн теңгеге артты. Яғни, өсім 17,5 пайызды құрады. Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 169,3 млрд теңге болды. Сөйтіп, бір жылдың ішіндегі табыстылығы (сәуір 2017ж. – сәуір 2018ж.) 8,8 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 6,5 пайыз болды.

БЖЗҚ қызметкерлері ресми статистикадан басқа, қазақстандық зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні, зейнетақы жинақтары қалай инвестицияланып, табыс қалай есептелетіні, БЖЗҚ, жұмыс беруші мен салымшы қандай құқықтар мен міндеттерді иеленетіні, неліктен жинақтау жүйесіне белсенді қатысып, тұрақты жарналар төлеу қажеттігі туралы айтып өтті.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындарға зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістерге қатысты кешенді мәселелер бойынша ақпарат беру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді.    

Шараға қатысушылар зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері мен алға қойылған мақсат-міндеттер жайында толыққанды мәліметтер алды. Қор қызметкерлері зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру кестесіне ауысу себептері, базалық зейнетақыны тағайындау тәртібінің өзгеруі және басқа да тақырыптар бойынша жан-жақты әңгімеледі.       

Бағдарлама аясында «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгізілген өзгерістер» атты көрнекі таныстырылым паш етілді. Онда зейнетақы заңнамасына енгізілген және болашақта енгізілетін өзгерістер: базалық зейнетақыны ұлғайту, шартты-жинақтаушы құрамдауыш туралы толыққанды мәлімет берілген.  

БЖЗҚ Алматы облыстық филиалының Жаркент қаласындағы Дербес қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қатысушыларға аталған өзгерістердің зейнетақы заңнамасына осы зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін нығайту, сондай-ақ мемлекеттік бюджет және жинақтаушы зейнетақы жүйесінен берілетін жиынтық зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру мақсатында енгізілгендігін атап көрсетті.       

«Зейнетақы жүйесінің құрылымы туралы білу, түсіну болашақ зейнеткерлерге зейнет жасына алдын ала дайындалуға септігін тигізеді. Бұл жәйт зейнеталды жасындағы азаматтарға да, еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан жастарға да тиесілі. Өйткені, болашақ туралы, зейнет жасында алатын зейнетақы туралы ерте бастан ойлау керек. Ал бұл болашақта алатын зейнетақыны арттыру жолдарын қазірден бастап ойластыруға мүмкіндік береді», – деді Алматы облыстық филиалының Жаркент қаласындағы «БЖЗҚ» АҚ өкілдері.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Панфилов ауданы әкімдігі хабарлайды!!!

IMG-20180619-WA0019

IMG-20180619-WA0018

Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөнінде

         Мемлекеттік кірістер басқармасы мерзімінде төленбеген айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 894 бабына сәйкес жүргізілетіндігін хабарлайлы.

         Сонымен қатар жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату үшін айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл ұстап қалу алты айдан аспайтын мерзiмде жүргізіледі. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

         Жауаптылыққа тартылған адам жұмыстан босатылған не оның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл өндіріп алу мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босатылған немесе өндіріп алуға мүмкiндік бермеуге әкеп соғатын оқиға басталған күннен бастап он күндік мерзiмде, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жауаптылыққа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), өндiрiп алуға мүмкіндік бермеген себептердi көрсетiп, сондай-ақ жүргiзiлген ұстап қалулар (егер мұндай жүргiзiлсе) туралы белгi соғып, қаулы шығарған сотқа, органға (лауазымды адамға) қайтарады. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс iстемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де кірістерінен өндiрiп алу мүмкiн болмаса, қаулы шығарған сот, уәкілетті орган айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы заңнамада көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн мемлекеттік сот орындаушысына жiбередi. Салық қызмет органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметі органдары орындайды.

         Сонымен қатар заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату шаралары ҚР ӘҚБтК-нің 895 бабында көзделген. Яғни, айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен заңды тұлғаның банктік шотынан оның келiсiмінсiз ақшаны алып қою үшiн сот орындаушысына жiбередi.Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды. Банк немесе банк операцияларының өзге түрлерін жүзеге асыратын ұйым айыппұл сомасын белгіленген тәртіппен бюджетке аударуға міндетті.Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда, сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борышкерге тиесілі басқа мүліктен өндіріп алуды қолданады.

Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

басқармасының бас маманы Е. Смаилов

Қоршаған ортаға эмиссия үшін декларация тапсыру мерзімі

Ластаудың жылжымалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластау объектiсiнiң орналасқан жеріндегі салық органдарына декларация тапсырады.

Декларация салық органдарына:

1) мемлекеттік тіркеуге жататын ластаудың жылжымалы көздерi бойынша – мұндай тіркеуді жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын жылжымалы көздерді тіркеу орны бойынша; 

2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластаудың жылжымалы көздері бойынша – салық төлеушінің тұрған жері бойынша тапсырылады.

  1. Салық Кодексінің 3-тармағы 579 бапта көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы төлеушiлер декларацияны тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей тапсырады.
  2. Жылдық жиынтық көлемдері 100 АЕК-ке дейiнгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есептi салықтық кезеңнiң
    20 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.

Рұқсат құжаты көрсетілген мерзiмнен кейiн ресiмделген жағдайда, төлеушiлер декларацияны рұқсат құжаты алынған айдан кейiнгi айдың
20-күнінен кешiктiрмей тапсырады.

                                                                                                     Панфилов ауданы бойынша МКБ

                                                                                                     Бөлім басшысы М.Сасазова

Мақсаттары мен міндеттері «сыбайлас Жемқорлыққа қарсы стратегиясының 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы»

Антикоррупционная стратегия Республики Казахстан на 2015-2025 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасы Президентінің 26 желтоқсандағы 2014 жылғы № 986. Осы Стратегияның мақсаты болып табылады тиімділігін арттыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, жемқорлыққа қарсы қозғалысқа жұмылдыру, бүкіл қоғамның ахуалын жасау арқылы «нөлдік» шыдамдылық кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.

Нысаналы индикаторлар қолданылатын Стратегиялар:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы;

қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімі;

халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейі арттыру елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделін жақсарту және тиісті халықаралық рейтингтерді, оның ішінде рейтинг сыбайлас жемқорлықты қабылдау Индексіндегі Қазақстанның «Transparency International».

Стратегияның Міндеттері:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет саласындағы мемлекеттік қызмет;

қоғамдық бақылау институтын енгізу;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет квазимемлекеттік және жеке сектордағы;

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу соттарында және құқық қорғау органдарында білдіруге;

қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін;

мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.

Мақсаты мен міндеттері Стратегияның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған Стратегия «Қазақстан-2050» стратегиясы, ережелерін ескереді бағдарламасы «Нұр Отан» Партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған, сондай-ақ ұсыныс-пікірлер басқа да қоғамдық бірлестіктердің.

Панфилов ауданы бойынша  МКБ

Бас маманы Г.Ниязахунова

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу

            Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 91-бабының 6,7-тармақтарына сәйкес жеке тұлғаның, дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді:

     1) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріліп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімін мемлекеттік кіріс органына ұсынбау;

     2) мемлекеттік кіріс органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған сомалары жөнiндегі есеп-қисаптарды Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзімдерде ұсынбауы;

     3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;

     4) салымшыларға есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде ұсынбауы;

     5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстап қалмауы (есепке жазбауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы);

     6) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкiмiмен касса бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасалған орындамауы не тиісінше орындамауы –

     ескерту жасауға әкеп соғады.

     Осы жоғарыда көрсетілген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –жеке тұлғаларға – мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) сомасының он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Панфилов ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

Е. Смаилов