Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?
© Kama

Ақпарат

Информация

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Telegram-bot арқылы ХҚО-ға кезекті қалай брондауға болады?

Достар, егер сіз телеграм қосымшасының пайдаланушысы болсаңыз, ХҚО-ға барарда кезекті egovkzbot2.0 арқылы брондап көріңіз!
Ол үшін:
– EgovKzBot2.0 ботын тауып, /start батырмасын басыңыз
– Қызметтер ішінен ХҚКО-ға кезекті брондауды таңдаңыз
– Елдімекен мен баратын ХҚО-ңызды көрсетіңіз
– Қызмет түрін таңдаңыз
– Баратын күніңіз бен уақытты таңдаңыз (Егер бронь жасалмаса, өзге уақытты таңдап көріңіз)
Брондау сәтті өтсе, сіздің телефоныңызға тиісті хабарлама келеді!
#oqy&toqy

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу бойынша міндеттемелер туындайды

 Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы  26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына сәйкес 2020 жылдың 1 шілдесіненбастап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарларды әкелу кезінде, сондай-ақ ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТIЖ) рәсімдеу бойынша міндеттемелер туындайды.

Бұл ретте ЕАЭО аумағынан тауарларды әкелу кезінде ТIЖ ҚР Мемлекеттік шекарасынан өткен күннің алдындағы күннен кешіктірмей импорттаушының ресімдеуіне жатады.

Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мемлекеттер-мүшелерінің аумағына тауарларды әкету кезінде жылжыту, іске асыру және (немесе) тауарларды тиеу күнінен кешіктірмей экспорттаушы ТIЖ ресімдейді.

ТIЖ-мен жұмыс істеу жөніндегі материалдар ҚР ҚМ МКК порталында келесі жолмен жаряланған:

ЭШФ АЖ-де СНТ-мен жұмыс істеу бойынша іске асылырған web-интерфейс тестілік стендеhttps://esf-test.kgd.gov.kz:9443/esf-web/login#!/қол жетімді.

Панфилов ауданы бойынша

Телеграм-ботта ХҚО-ға кезек брондау мүмкіндігі пайда болды

Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін ХҚО-ға кезекті брондау әдістерінің түрі көбейтілді. Енді қызмет алушылар ХҚО-ға кезекті тек egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығы арқылы ғана емес, сондай-ақ eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен де брондай алады.
Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильді азаматтар базасына egov.kz электронды үкімет порталындағы виртуалды ассистенттің көмегімен тіркелуге болады.
Сонымен, ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады.
Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms келеді. ХҚО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны көрсету арқылы кезекті алдын ала брондағаныңызды растайсыз.
Айта кетейік, қазіргі таңда eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы 28 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді. Олардың ішінде кең қолданысқа ие болғандары дәрігерді үйге шақыру, айыппұлдарды тексеру, медициналық мекемелерден алынған анықтамалар, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар және т. б.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясы жағдайында және азаматтардың бір жерге шоғырлануын болдырмау мақсатында ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетімсіз қағаз түріндегі мемлекеттік қызметтерді тек алдын ала брондау бойынша көрсетеді.
Egov.kz порталында онлайн брондау қызметі ХҚО-лар өз қызметін қайта бастаған өңірлер үшін ғана жарамды.

Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет

            Назар аударыңыз! Панфилов  ауданының  тұрғындарын “Азаматтық  бақылау”жобасына қатысуға  шақырамыз! Көлеңкелі экономиканың пайда болу себептері болып табылатын құқықбұзушылықтарға қатыстын өзіндік төзімділікті күшейтуді жоспарлап отыр.
Ағымдағы  жылдың  тамыз айынан  бастап  пилоттық  жоба – “Азаматтық  бақылау” жүргізуліде, оның мәні салықтөлеушілердің құқық бұзушылықтары туралы  МКК бейне және фотоматериалдарды беру арқылы хабарлаған тұлғаларға сыйақы беру болып табылады.
Жобаға сәйкес түбіртектің бермеу фактісі туралы ақпаратты хабарлаған тұлғаларға сыйақы төлеу (ұялытелефонбалансынтолтыру)  жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау – кассалық машиналарының фискалдық түбіртектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша пилоттық жобаға қатысты барлығы   6984  өтініш келіп түскенің хабарлайды.
2019 жылы акция өткізу барысында азаматтардың хабарламалары  бойынша  940 бұзушылық фактісі расталып,  940  мың теңгеге сыйақы төленді.
Оның ішінде Алматы облысы бойынша 55 факті.
Барлық келіп түскен өтініштер өңдеуге түседі: кәсіпкердің деректері, фискалдық түбіртектерді бермеу фактілері мен себептері тексеріледі.
Тартылатын адамның  түсініктемелері,  жәбірленушінің,  куәлардыңайғақтары, сарапшының,  маманның қорытындылары мен айғақтары, заттайд әлелдемелер, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы өзгеде құжаттар,  хаттамалар және ӘҚБтК-де көзделген іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары жауапкершілікке тарту үшін дәлелдеме болып табылады.
Сондықтан,  сатушының БКМ түбіртегін беруден бас тарту фактісі бойынша бейнесі түсірілген, дүкеннің мекен-жайы және атауы, сауда үйлері, базардың атауы көрсетілген  (сауда үйіндегі дүңгіршектің нөмірі, базардағы орнының нөмірі) және фискалдық түбіртекті бермеген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер бар болған жағдайда сыйақы төленеді.

УГД Панфилов ауданы

Egov.kz порталында кеңестерді видео арқылы алу мүмкіндігі жасалды

Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының операторлары бейнеқоңырау шалған қазақстандықтарға электрондық үкімет порталында видео арқылы кеңес бере алады. Egov.kz порталы экранындағы әрекетті бөлісу сервисін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары жасап шығарды.
Видео арқылы кеңес беруші маманның көмегін алу үшін пайдаланушы басты беттің оң жақ төменгі бұрышындағы «Виртуалды ассистент» түймесін басуы керек. Ашылған терезеде бейнекамера белгісін таңдау қажет. Жүйе пайдаланушыдан бейнекамера мен микрофонның қосылуына рұқсат сұрайды. Бірнеше секунд ішінде ХҚО операторы клиентпен байланысқа шығады. Экрандағы әрекетті көрсету үшін қызмет алушы «Экран демонстрациясы» түймесін, содан кейін «Бөлісу» батырмасын басуы керек.
Осылайша, ХҚО операторы абоненттің мониторын көре алады және оған egov.kz порталында кез келген қызметті, оның ішінде ЭЦҚ-ны қашықтан рәсімдеуге көмектесіп, мобильді азаматтар базасына тіркей алады.
Экранды «бөлісу» сервисі оператор мен клиенттің арасындағы байланысты айтарлықтай жеңілдетті, өйткені қызметтерді ұсыну процесінде 1414 телефоны арқылы кеңес беру тиімді болғанымен, қашанда ыңғайлы бола бермейді. Бұрын біздің операторлар клиенттен қай сілтемені, қай бөлім мен қызметті ашқанын үнемі сұрап отыратын. Енді біз экранда болып жатқан барлық әрекетті көре аламыз және клиентті қандайда бір қызметті алу жолдары бойынша бірден бағыттай аламыз. Бұл сервис азаматтарымыздың цифрлық сауатын қашықтан арттыруға да мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус инфекциясының таралу қауіпінің сақталуына байланысты, ХҚО арқылы тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтерді алуға болады. Egov.kz порталы арқылы қолжетімді қызметтерді үйден немесе әкімдіктерде, білім беру және медицина ұйымдарында т.с.с. жерлерде орналасатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында алу керек. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша egov.kz порталындағы виртуалды ассистент кеңесшілері және 1414 бірыңғай байланыс орталығының мамандары көмектесе алады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 80% -дан астамы электронды форматта қолжетімді.

Алматы облысының мамандандырылған ХҚО-лары арқылы 5000 жуық автокөлік тіркеліп, 1600 жүргізуші куәлігі берілді.

13-ші мамырдан бастап Алматы облысының автоәуесқойлары үшін Талдықорған қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа форматта іске қосылды..
Енді мамандандырылған ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы және Telegram-бот арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.
Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді.
Сонымен қатар, облыс бойынша Қарасай ауданындағы мамандандырылған ХҚО және Қапшағай қаласы, Панфилов, Сарқан, Енбекшіқазақ аудандарында орналасқан секторлары еш өзгеріссіз жұмыс жасайды.
Дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін мамандандырылған ХҚО ғимаратында көлік құралын тіркеуге және қайта тіркеуден өткізуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады. Жүргізуші куәлігіне қосымша категориялар бойынша практикалық емтихан тапсыру және медициналық тексерістен өту жұмыстары Талдықорған қаласында орналасқан мамандандырылған ХҚО-да ғана жүзеге асырылады.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында автоХҚО-ға кезектің уақытын брондау үшін egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілуге болады. автоХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз, медициналық маскалардың болуы міндетті.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтар, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырып, автокөлігін қайта тіркей алады.

Алматы облысының ХҚО-лары жұмысын қайта бастады

         Алматы облысы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штаб шешімімен бүгіннен бастап аймақта ХҚО-лар қайтадан жұмыс істей бастады. Алайда вирустың таралу қаупі сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды. Енді Талдыкорган қаласының ХҚО-лары жаңа форматта жұмыс істейтін болады, яғни азаматтар ХҚО-дан тек электронды форматта қолжетімсіз «қағаз жүзіндегі» қызметтерді ала алады және ХҚО-ға бару үшін кезек уақытын 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы алдына ала брондау қажет болады.
          Алдын ала жазылусыз ХҚО-ларда ешқандай қызмет көрсетілмейді.
Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.
«Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі әлі жойылған жоқ, бұл шаралардың барлығы талдықорғандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған. Өзгерістер Талдыкорган қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты. Текелі және Қапшағай қалаларында, аудан орталықтарында және ауылдық жерлерде орналасқан ХҚО-лар өзгеріссіз жұмыс істейтін болады.
         Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, кітапханаларда, ауылдық округ әкімдіктерінде, Қазпошта бөлімдерінде орналастырылған өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады.