Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 28
  • Week Visit: 13  460
  • Month Visit: 54  887
  • Years Visit: 420  205
  • Total Page Views: 81

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Ответ2

Жеке тұлға

Бектұрғанова

Толқын Ержанқызына

 

 

 Панфилов ауданы әкімінің жеке блогына Сізден келіп түскен сауалынызға  төмендегідей жауап жолдаймыз. Сіз ауылдық елдi мекенде жұмыс iстеу және тұру үшiн өз бетімен жұмысқа орналасуыныз керек. Содан кейін, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің   2014 жылғы «6» қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» қағидалары негізінде уәкілетті орган комиссиясының жұмыс органы болып табылатын (Әкімші) Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн құжаттарынызды тапсырып, төменде көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларын ала аласыз.

  1. Бір жолғы көтерме жәрдемақы:

(70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ) 2016 жылға 148 470 теңге.

  • Бір жолғы көтерме жәрдемақыны алатын маман ауылдық елді мекемеде 3 жылдан кем емес уақыт жұмыс жасауы қажет.
  1. Тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит:

–        (1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде) 15 жылға, сыйақы мөлшері кредиттің жылдық сомасынан -0,01%. 2016 жылға 3 181  500 теңге.

Ақпарат алу үшін  Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі № 129 үй, мына  көрсетілген телефонға хабарласуынызға болады 8(72831), тел:5-38-78.