Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  137
  • Week Visit: 17  551
  • Month Visit: 56  651
  • Years Visit: 501  203
  • Total Page Views: 737

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

Жалпы мәлімет

Мекен-жайы: индексі: 041300, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Розыбакиев  көшесі, 22

Электронды поштасы: panfilov_osh@mail.ru

Байланыс телефондары: 8(72831) 5-13-04, факс: 8(72831) 5-48-96

Бөлім басшының азаматтарды қабылдау кестесі

Апта күндері Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
бейсенбі 10.00 – 13.00 13.00 – 14.30

 Бөлім басшысы –  Наймантаев Жұмағазы Нұрахметұлы

img_2650

    Наймантаев Жұмағазы Нұрахметұлы 1960 жылы 23-ші қаңтарда Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Талды ауылында дүниеге келген.1988 жылы Еңбек Қызыл Ту Орденді ауылшаруашылық институтын ғалым –агроном.Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiн  20 жыл- 2011ж. және «Құтқару операцияларына белсене қатысқаны үшін» мерекелік медальдарымен марапатталған Еңбек жолын 1976 жылы Жамбыл ұжымшарының мүшесі болып бастаған. 1978-1980 жылдары Кеңес Әскері қатарындағы әскери қызметті болды. 1980-1984 жылдары «Октябрьдың 40 жылдығы» ұжымшары №8 бөлімшесінің механизаторы, 1984-1990 жылдары «Октябрьдың 40 жылдығы» ұжымшарының инженер-гидротехнигі, 1990-1997 жылдары «Октябрьдың 40 жылдығы» ұжымшары №9 бөлімшесінің бригада меңгерушісі, 1997-2001 жылдары «Нағарашы» өндірістік кооперативінің төрағасы, 2001-2013 жылдары Талды ауылдық округінің әкімі, 2013-2016 жылдары Талды ауылдық округінің әкімі.

    2017 жылы  9 қаңтарда Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 

    Үйленген,   баласы бар.


Бөлім қызметкерлері

Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
Қасымбаев Бауыржан Қожақанұлы Сектор менгерушісі 8(72831) 5-00-51
Кегенбаева Айгерім Еркімбекқызы Бас маман 8(72831) 5-05-52
Өмірбаев Айдос Шындаулетұлы Жетекші маман 8(72831) 5-09-66
Кішкенебаев Тургангали Төреқанұлы Бас маман 8(72831) 5-09-66
Шабеков Тоқтарғали Болатұлы Бас маман 8(72831) 5-05-52


Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

Бөлімнің миссиясы: Ауыл шаруашылық саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Міндеттері:

1) ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

2) агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамытуды қамтамасыз ету;

3) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін және оның қайта өңдеу өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасау.

Функциялары:

1) Агроөнеркәсіптік кешен субьектілерін Қазақстан Республикасының Заңнамасына және осы саладағы басқада нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру ;

2)  Ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;

3) Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына беру;

4) Ауданда азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына есептілік ұсыну;

5) Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу;

6) Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы іс-шараларды қаржыландырудың қажетті көлемдерін көздей отырып,тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік тапсырыс беру;

7) Қазақстан Республикасының Заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

2)  жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

3) бөлімнің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;

5) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.