Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  144
  • Week Visit: 17  558
  • Month Visit: 56  658
  • Years Visit: 501  210
  • Total Page Views: 659

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Панфилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

 Жалпы мәлімет

Мемлекеттік органның атауы: «Панфилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Пошталық мекенжайы: индексі: 041300, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы,Головацкий көшесі, 129

Электронды поштасы: arman.tazabekov@bk.ru.

Байланыс телефондары: 8(72831) 5-09-50

 


 

Азаматтарды қабылдау кестесі

 

Апта күндері Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
Cәрсенбі 10.00 – 12.00 13.00 – 14.30

 


Бөлім басшысы –  Сембаев Серік Қазалиұлы

 sam_6296

 Сембаев Серік Қазалиұлы Қазақстан Республикасының азаматы, қазақ 1965 жылы 14 шілдеде Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Панфилов ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 1 сыныбына барып, 1982 жылы бітірді. 1982 жылы №6 қалалық кәсіптік техникалық училищеге түсіп, оны 1983 жылы  тәмәмдап құрылысшы мамандығын алды. 1983 жылы Өскемен құрылыс жол институтына түсіп, 1992 жылы «Алматы автомомбиль жол институтын» Автомобиль жолдары инженер құрылысшы» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1989-1991 жылдары Панфилов ауданында «Октябрдің 40 ж» атындағы Агрофирмада «Агрофирмастрой» трестінде құрылысшы болып бастаған. 1991-2015 жылдары Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінде жұмыс істеді. 1984-1986 жылдары Кеңес Әскері қатарындағы әскери қызметті болды.

2016 жылы 14 қыркүйекте Панфилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.Үйленген, 2  баласы бар.


Бөлім қызметкерлері

Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
Тажиев Маулетакын Баратұлы Бас маманы 8(72831) 5-09-50
Айтмолда Даулет Даниярұлы статис,әдіскер 8(72831) 5-09-50
Хабитаева Айдана Болатқызы іс-қағаздар жүргізуші инспектор 8(72831) 5-09-50

Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Бөлімнің миссиясы: Панфилов ауданының аумағында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік басқарудың функцияларын іске асыру
  2. Міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде автомобиль жолдарын мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру;

2) автомобиль жолдарын салуды, пайдалануды және дамытуды ұйымдастыру;

3) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік  және саяси зерттеулерді жүргізу.

  1. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль  жолдары желісін, елді мекендердің көшелерін басқару;

3)аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, Панфилов ауданының шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

4) аудандық маңызы бар жалпы пайдаланылымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру;

5) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) олардың филиалдары мен өкілдіктерінің  жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарау;

6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

7) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекіту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу, маршруттар бойынша жүру кестелерін бекіту;

8) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

3) Бөлімнің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік  құқықтық  актілерінің жобаларын дайындау;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

Өңірлік даму бағдарламасын орындау туралы есебі:

«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050″ стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
  2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
  3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.07.2016 № 449 қаулысымен.

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.07.2016 № 449 қаулысымен.

  1. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру кезінде қолданыстағы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, облыстар мен аудандардың аумақтарын дамыту бағдарламаларын қаржыландыру тетіктері пайдаланылатын болады. Бұл ретте ауылдық аумақтарды дамыту бойынша барлық бюджеттік инвестициялық жобалар (бұдан әрі – БИЖ) өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті органмен және басқа мүдделі орталық мемлекеттік органдармен кешенді дамыту жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларына сәйкестігі тұрғысынан келісілуі тиіс.

 Бағдарлама халықтың өмір сүру сапасын арттыруға (тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды – энергия және жылу көздерін, газбен, жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға), өңірлердің экономикалық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ өңірлерді функционалдық типологиясына және экономикалық әлеуетіне сәйкес дамытуға бағытталған, олардың нарықтық бастамада ішкі шоғырлануына, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі дамытуға көшуіне ықпал ететін әкімшілік-құқықтық және экономикалық сипаттағы шараларды айқындайды.

      Тұтастай алғанда, республика бойынша жыл сайын республикалық бюджет есебінен өңірлерге инженерлік инфрақұрылымды дамытуға шамамен 300 млрд. теңге бөлінеді.

      Осыған орай, инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі барлық жобаларды өңірлерді дамыту саласындағы уәкілетті орган арқылы орталықтандырылған түрде қарау қажет.

      Жобалар мемлекеттік органдардың қолданыстағы бюджеттік бағдарламалары шеңберінде, өңірлерді дамыту саласындағы уәкілетті органның, оның ішінде материалдардың, жабдықтар мен технологиялардың қолданылуы тұрғысындағы келісімімен іске асырылатын болады.

      Осы құжаттармен бір кешенде Бағдарлама 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады.

  1. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту

      Қойылған міндетке қол жеткізу мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) шекара маңындағы аудандардың ірі қоныстарының әкімшілік маңыздылығын арттыру;

      2) перспективалы елді мекендерді – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерін және оларды дамыту бойынша шараларды айқындау;

      3) шекара маңы ынтымақтастығы елді мекендерінің инфрақұрылымын дамыту және жайластыру;

      4) шекара маңындағы аумақтардың экономикасын әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту.

      Аталған бағыттарды іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шекара маңындағы ынтымақтастықтың инфрақұрылымын дамыту, өндірісті әртараптандыруды жүзеге асыру, шағын бизнестің қалыптасуын ынталандыру, жергілікті инвестициялық ахуалды жақсарту мен әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту арқылы бекітілген мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Шекара маңындағы аудандардың ірі қоныстарының әкімшілік маңыздылығын арттыру.

      Шекара маңындағы аумақтардың ірі қоныстарының әкімшілік маңыздылығын арттыру мақсатында:

      1) көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, қолданыстағы көліктік және транзиттік дәліздер арқылы жүк ағындарын ұлғайту;

      2) туристік-рекреациялық объектілерді, туристік инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) және пайдалану бойынша бірлескен кәсіпорындарды құру, туризм саласындағы өңірлік және шекара маңындағы ақпараттық жүйелерді дамыту және өзара іс-қимыл жасау;

      3) өнеркәсіпті, жаңа технологияларға негізделген экспортқа бағдарланған және импорт алмастырушы өндірістерді дамыту, сауда және экспорт көлемдерін ұлғайту, озық басқарушылық тәжірибені енгізу бойынша шаралар қабылданатын болады.

  1. Перспективалы елді мекендерді – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерін және оларды дамыту бойынша шараларды айқындау.

      Осы елді мекендерде жаңа өндірістерді, тиісті көліктік инфрақұрылымды құру, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасалады.

      Перспективалы елді мекендердің – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерінің тізбесін облыс әкімдіктері айқындайды және өңірлік даму саласындағы уәкілетті органмен келіскеннен кейін жергілікті атқарушы орган бекітеді.

      Перспективалы елді мекендерді дамыту жөніндегі шаралар экономикалық белсенділіктің өсуін және инвестициялық тартымдылықты ынталандырудың әртүрлі тетіктері арқылы, оның ішінде қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуға арналған мемлекеттік инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады.

      Перспективалы елді мекендерді – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерін дамыту мақсатында:

      1) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріне және басқа елді мекендерге еркін және жылдам жүруге мүмкіндік беретін шекара маңындағы жолдар желісін құру;

      2) пайдалы қазбалардың трансшекаралық кен орындарын бірлесіп пайдалану, халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қолда бар өндірістік қуаттарының жүктемесін арттыру;

      3) перспективалы елді мекендердің – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерінің әлеуеттік сыйымдылығын арттыру мақсатында осы елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.

  1. Шекара маңы ынтымақтастығы пункттерінің инфрақұрылымын дамыту және жайластыру.

      Осы бағыт шеңберінде көршілес мемлекеттермен шекара маңы ынтымақтастығының инфрақұрылымын бірлесіп салу және пайдалану жөніндегі шараларды қоса алғанда, оларды дамыту (шекарадан өту орындарын, бақылау-өткізу, кеден бекеттері және басқалар) жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

      Шекара маңы ынтымақтастығы пункттерінің инфрақұрылымын дамыту және жайластыру мақсатында:

      1) кедендік және шекаралық инфрақұрылымды дамыту, шекарадан өту орындарын, бақылау-өткізу және кедендік бекеттерді, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, фитосанитариялық және басқа бақылау органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру;

      2) шекаралық, кедендік, иммиграциялық, экологиялық, фитосанитариялық және бақылаудың өзге түрлерінің рәсімдерін жетілдіру;

      3) өткізу қабілетін арттыру мақсатында Мемлекеттік шекарадан өткізуді ұйымдастырудың технологиялық схемасын жетілдіру;

      4) экспорттық және импорттық операцияларды ресімдеу мерзімдерін қысқартуға ықпал ететін жағдайлар жасау, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін электрондық құжат айналымы жүйесімен және автоматты сәйкестендіру жүйесімен жайластыру, кеден қоймалары мен терминалдарын жаңғырту бойынша шаралар қабылданатын болады.

  1. Шекара маңындағы аумақтардың экономикасын әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту.

      Шекара маңындағы аумақтардың экономикасын әртараптандыру мақсатында:

      1) шекара маңындағы аумақтарда қолда бар резервтер мен пайдаланылмайтын шаруашылық активтерді (айналымнан шығарылған тоқтап тұрған өндірістерді және басқаларды), пайдалы қазбаларды экономикалық айналымға тарту және қолданыстағы инженерлік және көліктік инфрақұрылымды тиімді пайдалану;

      2) өңірлерде бар ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді (егістіктер, оның ішінде суармалы жерлер, жайылымдар, шабындық, көпжылдық екпелер, тыңайған жерлер) экономикалық айналымға тарту;

      3) мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуіне, оны дайындауды және сақтауды ұйымдастыруға бағытталған нақты жобаларды іске асыру;

      4) халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қолда бар өндірістік қуаттарының жүктемесін арттыру;

      5) шекара маңындағы аумақтардың шаруашылық субъектілері арасындағы өңіраралық өзара тиімді байланыстарды белгілеу, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кооперациясы, құрылыс, қаржы, технологиялармен алмасу салаларына және заңнама мен іргелес мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарының режимдеріне қайшы келмейтін басқа да салаларға инвестициялар тарту мақсатында шарттар жасасу;

      6) іргелес елдердің озық технологияларын, заманауи машиналары мен жабдықтарын пайдалану арқылы шекара маңындағы сауданы, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.

      Іс-шараларды қаржыландыру көзделген бағдарламалық құжаттар шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, сондай-ақ жеке инвестицияларды тарту есебінен жүзеге асырылады.

      Көрсетілген бағыттар бойынша шекара маңындағы аумақтарды дамытуды мемлекеттік қолдау мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, сондай-ақ облыс аумақтарын дамыту бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері мемлекеттік органның қызметі туралы

Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар

  1. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
          1) ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) құрылыс және сәулет саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
          2) елді мекен – азаматтардың шаруашылық және өзге де қоғамдық қызметтері нәтижесінде қалыптасқан республиканың аумағында жинақы қоныстанған, кемінде 50 адам саны бар, заңда белгіленген тәртіппен есепке алынған және тіркелген әрі жергілікті өкілді және атқарушы органдар басқаратын бөлік;
          3) жарнама – адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;
          4) жарнама берушi – жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
          5) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің және өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі;
          6) мемлекеттік қызмет көрсету регламенті – мемлекеттік қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейтін және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
          7) сыртқы (көрнекі) жарнама – жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама.

2. Жалпы ережелер

  1. «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті – (бұдан әрі – регламент) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру тәртібін белгілейді.
          3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңының 1117-2-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» N 121 қаулысына сәйкес көрсетіледі.
          4. Мемлекеттік қызмет ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен, «Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімімен», «Ауданның жол полициясы бөлімшесімен» келісім арқылы көрсетіледі (бұдан әрі – мүдделі мемлекеттік органдар).
          5. Елді мекендерде (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға жергілікті атқарушы орган берген рұқсат болған кезде беріледі.
          6. Жергілікті атқарушы орган сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің болжанған мекен-жайын, орналасқан жерін, типін (нысанын, түрін), жарнаманың жұмыс режимін, рұқсат қолданысының басталу және аяқталу мерзімдерін, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісіне және оны техникалық пайдалануға қойылатын талаптарды көрсете отырып, шешімнің жобасын дайындайды.
          7. Жергілікті атқарушы орган өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді не негізгі түрде бас тарта отырып, жазбаша жауап қайтарады.
          8. Рұқсат 1 жыл мерзімге беріледі.
          Рұқсаттың қолдану мерзімі 1 жылға ұзартылуы мүмкін, бұл ретте өтініш беруші ақпаратты және құжаттарды көрсете отырып жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
          9. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің талаптары

  1. Мемлекеттік қызмет, регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мүдделі мемлекеттік органдардың, бөлімнің мекен-жайларында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі.
          11. Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға ниеті бар адам жергілікті атқарушы органға жазбаша өтініш жібереді.
          Өтініште:
          1) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекен-жайы (болса – телефоны, факсы), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
          2) заңды тұлғалар үшін – ұйымның атауы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, басшының тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекен-жайы (болса – телефоны, факсы), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
          3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің мақсаты мен негізгі параметрлері;
          4) өтініш беруші таңдаған орынға орналастыруды негіздей отырып сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің болжалған орнының мекен-жайы көрсетіледі.
          12. Рұқсат алуға арналған өтінішке:
          1) жер учаскесіне немесе сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған объектіге құқық белгілейтін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі не өтініш беруші сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға ұсынылатын объектінің меншік иесімен (меншік иелерімен), кондоминиум объектісін басқару органымен немесе өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттар;
          2) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға ұсынылған объектінің күндізгі және түнгі бейнесін қамтитын нобай, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс істеуін инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі шешім қоса беріледі.
          13. Өтініш бланкілері бөлімде арнайы тағанға орналастырылады немесе бөлімнің жауапты маманында болады.
          14. Рұқсат беру рәсімдері:
          1) жарнама беруші рұқсат алу үшін осы регламенттің 11-тармағына сәйкес құжаттарды жергілікті атқарушы органға өткізеді. Бөлімнің арнайы кіріс журналында тіркеліп, «Жарнама туралы» Заңының талаптарына сәйкес нөмір беріледі;
          2) бөлім қабылданған құжаттарды тексереді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде рұқсат беруге келісім алу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жолдайды;
          3) мүдделі мемлекеттік органдар 1 (бір) жұмыс күні ішінде рұқсат алуға келісім береді. «Жарнама туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, құжаттар сол күні қайта қайтарылады;
          4) келісім берілген рұқсатына бөлім 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды рәсімдеп, басшы (немесе басшының міндетін атқарушы) қол қояды, елтаңбалық мөрмен растайды, арнайы журналға тіркейді;
          5) жарнама беруші арнайы журналға қолын қойып және қойылған үлгідегі рұқсат құжатын алып кетеді.
          15. Бөлім рұқсат беру бойынша қызметін тегін көрсетеді.
          16. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет күнделікті мерекелік және демалыс күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсанындағы Заңына, регламентке 1-қосымшадағы мүдделі мемлекеттік органдар, бөлімнің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес ұсынылады.

«РД портал»  Алматы облысының  «Жер жұмыстарын жүргізуге Ордер»

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 61) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі;
      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы өзге де көрсетілетін қызметтер тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б.Қазанғап):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.