Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 2  818
  • Week Visit: 14  125
  • Month Visit: 55  707
  • Years Visit: 421  811
  • Total Page Views: 706

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ

 Жалпы мәлімет

Мемлекеттік органның атауы: «Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ

Пошталық мекенжайы: индексі: 041300, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129

Электронды поштасы: alf_bal@mail.ru.

Байланыс телефондары: 8(72831) 5-06-40


Азаматтарды қабылдау кестесі 

Апта күндері Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
Cәрсенбі 10.00 – 12.00 13.00-14.30

 


Бөлім басшысы – Аубакиров Эрик Мұратбекұлы

IMG_4182 (1)

1987 жылы 10 ақпанда Талдықорған облысы Панфилов қаласында дүниеге келді. 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және есеп» факультетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы У.А. Джолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясыны «Құқық» мамандағы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2010 жылы ҚР ҰҚК шекара қызметінің Алматы облысы Панфилов ауданы Хоргос ауылында 2088 әскери бөлімінде каржы бөлімшесі басшысының көмекшісі ретінде офицер лауазымынан бастады.

04.12.2014 – 05.06.2015 жж. «Панфилов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы

05.06.2015 – 09.12.2015 жж. «Панфилов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заң, мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас маманы

09.12.2015 – 01.11.2016 жж. «Шолақай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман

02.11.2015 – 03.11.2017 жж. «Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметтерін атқарды.

2017 жылғы 06 қарашадан «Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.


Бөлім қызметкерлері
Т.А.Ә. Лауазымы Байланыс телефондары
Бас маман 8(72831) 5-49-38
Мұсабеков Қуандық Тұрлығазыұлы Бас маман 8(72831) 5-49-38
Жетекші маман 8(72831) 5-49-38


 «Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже


Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

           Бөлімнің миссиясы: Бөлімнің миссиясы: кәсiпкерлiк саласында мемлекеттiк          саясатты жүзеге асыру

  1. Міндеттері:

1) кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

2) мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

3) кәсіпкерлік қызметті қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету.

  1. Функциялары:

1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу;

2) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру;

3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;

4) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға талдау жүргізу;

5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмекті ұйымдастыру;

6) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

2) өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдау;

3) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау;

4) Бөлімнің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.