Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 25
  • Week Visit: 13  457
  • Month Visit: 54  884
  • Years Visit: 420  202
  • Total Page Views: 20

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының Мәдениет күндері

20160928105100 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Жаркент қаласындағы орталық алаңда «Егеменді елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» тақырыбында Панфилов ауданының Мәдениет күндері өтті. Мәдениет күндеріне орай аудандағы ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Мәдениет күндерінде әр ауданға барлық бағыттағы даму көрсеткіштерін көрсетіп, көркемөнерпаздардың әртүрлі жанрдағы есепті концертін беруге барынша мүмкіндік туындайды.  Сондай-ақ аудандағы бес саусағынан өнері тамған қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан төл туындылар жарыққа шығып, ауылдық жерлердегі таланттардың өз өнерлерін халыққа ұсынуына жол ашылады.

20160928113652Мәдениет күндерін бағалауға келген әділқазылар алқасын жергілікті ақындар арнаумен қарсы алып, Мәдениет қайраткері, Панфилов ауданының Құрметті азаматы Шәріпхан-қажы Нұржанұлы ақ батасын берді. Содан кейін қазылар алқасы орталық алаңға қойылған көрсемен танысты. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жасалған көрмеге Ә.Қастеев галереясындағы суретшілердің туындылары, «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер мұражайының, Даңқ мұражайының экспонаттары, славян, ұйғыр, дүнген мәдениет орталықтарының, ауылдық округтердегі қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан теріден, сүйектен, мүйізден жасалған түрлі туындылары, қазақ-қытай шекарасында құрылысы жүріп жатқан Нұркент қаласы бас жоспарының макеті, аудандық аурухананың жаңа технологияларға сай құрылғылары, «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС-нің, «Ирада» ЖЖШС-нің, «Мәдина», «Оспанов Ә» шаруа қожалықтарының өнімдері, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жетістіктері бейнелернеген стендтер, жеке кәсіпкерлердің нан және кондитерлік өнімдері және т.б. жетістіктер қойылды.

20160928101748Мәдениет күндерінің салтанатты бөлімін құттықтау сөзбен аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ш.Курбанов ашты. Концерттік бағдарламаның шымылдығын Д.Рақышев театрының әртістері жерлестеріміз Е.Сыпатаев пен Л.Асанованың бейнесін сомдап, желтоқсан оқиғасының бір сәтін бейнелейтін театрландырылған көрініспен ашты. Аудан көркемөнерпаздарының концерті кезінде бүлдіршіндердің «Еркеназ» би ансамблінің гимнастикалық биін көрермендер ерекше ықыласпен қарсы алды. «Жаркент әуендері» халықтық ән-би ансамблінің әншілері Халық әртісі Д.Рақышевтің репертуарынан әндерді орындап, көрермендерді тәнті етті. Сондай-ақ 2091 әскери бөлімінің «Шекара жүректері» вокалды-аспапты ансамблі, «Жаркент әуендері», «Шатлық», «Пәрвәз» халықтық ән-би ансамбльдері, Көктал орта мектебінің балалар хоры, «Айжанқыз» бишілер тобы, «Айқабақ» әжелер ансамблі асқан шеберлікпен өз өнерлерін көрсетті.

20160928113746 20160928111014 20160928105630 20160928102856 20160928102850 20160928102725 20160928102651 20160928102352 20160928102204 20160928101232 20160928100527 20160928100505 20160928100417 20160928100351 20160928095523

Пікірлер қалдыруы жабылған.