Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  133
  • Week Visit: 17  547
  • Month Visit: 56  647
  • Years Visit: 501  199
  • Total Page Views: 715

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

 Жалпы мәлімет 

Мемлекеттік органның атауы:  «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

Пошталық мекенжайы: индексі: 041300, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы,Головацкий көшесі, 129

Электронды поштасы: didar.sembek@mail.ru.

Байланыс телефондары: 8(72831) 5-12-47, 5-12-53, 5-02-14.

 


 Азаматтарды қабылдау кестесі

 

Апта күндері Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
Сәрсенбі 10.00 – 12.00 13.00 – 14.30

 


 

Бөлім басшысы – Тазабеков Арман Қасымұлы

 img_9134

           Тазабеков Арман Қасымұлы 1974 жылы 15 қарашада Алматы облысы Панфилов ауданы Кішішыған ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін бітірген, машина жасау технoлогиясы, инженер-механик. Еңбек жолын 2001 жылы Панфилов ауданындағы «АвтоЖар LTD»-ің инженер-механигі, 2007 жылы Панфилов ауданының «Тұрғын үй комуналдық шаруашлық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінде жетекші маман, 2010 жылы бас маман болып бастады. 2013 жылдан бастап аудандық «Панфилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бөлімінің басшысы қызметінде.

           2016 жылдың 20 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы

            Үйленген, төрт баласы бар.


Бөлім қызметкерлері
Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
Қырықбаев Сәлім Бәзілұлы Бас маман 8(728-31) 5-12-53
Мухаметжан Дидар Сембекұлы Бас маман 8(728-31) 5-12-53
Нургазиева Гульмира Иляасқарқызы Есепші 8(728-31) 5-02-14
Қожаханова Айгерім Қизатқызы Инспектор 8(728-31) 5-02-14


Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Бөлімнің миссиясы: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
  2. Міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде аудан аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту;

3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңділіктерін және кезектілігін айқындау;

5) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;

6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау;

8) кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелерi өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғын тексеруді жүргізу;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Функциялары:

  1. 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық коммуналдық меншік объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болу;
  2. 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның су
  3. құбырларын, жылу мен электр желілерін салуды және пайдаланудыұйымдастыру;
  4. 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіруді ұйымдастыру;
  5. 4) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
  6. 5) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
  7. 6) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
  8. 7) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
  9. 8) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген тәртіпте кондоминиум объектiсiне техникалық паспорттар дайындау жөнiндегi шығыстарды өтеудi бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз ету;
  10. 9) бюджеттік саланың мекемелері мен тұрғындар алатын коммуналдық қызметтер сапасының деңгейін тұрақтандыру және одан әрі өсіру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету;
  11. 10) кондоминиум объектісіндегі үй-жай (пәтер) меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылау;
  12. 11) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына мемлекеттік бақылау;
  13. 12) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына мемлекеттік бақылау;
  14. 13) тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруғамемлекеттік бақылау;
  15. 14) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауғамемлекеттік бақылау;
  16. 15) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау;
  17. 16) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және істерді қарау;
  18. 17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Құқықтары мен міндеттері:

1) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кездетексерілетін объектіге бару;

2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұрату, тексеру

нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысу;

3) тексеруді «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес жүргізу;

4) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу;

5) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;

6) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасау;

7) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқама шығару;

8) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

9) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

10) Бөлімнің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;

11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттын және регламентін бекіту туралы

 стандарт  регламент