Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 2  815
  • Week Visit: 14  122
  • Month Visit: 55  704
  • Years Visit: 421  808
  • Total Page Views: 1  292

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62
Жалпы мәлімет

 Азаматтарды қабылдау кестесі
Рет саны Лауазымы Аты-жөні Қабылдау жүргізетін орны, кабинет нөмірі Қабылдайтын уақыты, күндері
1. Бөлім басшысы
Рамазанова Сәуле Қасымқанқызы Аудан әкімдігі, 1-қабат, 112 кабинет

Әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін

2. Бөлім басшысының орынбасары Бакирбаева Гүлназира Сәлімбайқызы Аудан әкімдігі, 1-қабат, 112 кабинет

Әр аптаның бейсенбі күні сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін


Бөлім басшысы – Рамазанова Сәуле Қасымқанқызы

     IMG_3518 - копия      

  Рамазанова Сауле Қасымқанқызы 1970 жылы 26 шілдеде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында дүниеге келген. 1993 жылы  Алматы қаласындағы халық шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Панфилов ауданының қаржы бөлімінде бас маман болып бастады. 2005-2010 жылдар аралығында Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары, 2010-2012 жылдар аралығы Панфилов ауданының экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімінің бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі, 2012-2013 жылдар аралығында Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары болып еңбек етті. 2013 жылдың 20-наурызынан бастап Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметінде. Тұрмыста, үш баласы бар.


Бөлім қызметкерлері

Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
Бәкірбаева Гүлназира Сәлімбайқызы Бөлім басшысының орынбасары 8(72831) 5-21-58
Медетбекова Света Илясқызы Сектор меңгерушісі 8(72831) 5-38-78
Байділдаева Зухра Нұрлыбекқызы Сектор меңгерушісі 8(72831) 5-06-47
Кембаева Гүлнұр Жайлаубекқызы Бас маман 8(72831) 5-38-78
Жанұзақова Назерке Сапарғалиқызы Бас маман 8(72831) 5-13-65
Тленчиева Айгерім Мұратқызы Жетекші маман 8(72831) 5-13-65

Бөлімнің ережесі 


Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Бөлімнің миссиясы: Панфилов ауданының аумағында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттiк басқарудың функцияларын іске асыру.
  2. Міндеттері:

1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;

2) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара қарым-қатынаста бюджеттік және инвестициялық саясатты іске асыру;

3) өңірлік даму саласындағы саясатты іске асыру.

  1. Функциялары:

1) аудан аумағын дамыту бағдарламасын және оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу, түзету және мониторинг жүргізу;

2) Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;

3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын іске асыру, мониторинг жүргізу;

4) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму серпіні мен деңгейіне талдау жүргізу;

5) жергілікті бюджет түсімдерінің көлемін болжау;

6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін және бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастыру және қарастыру;

7) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражаттарын жұмсаудың басым бағыттары, бюджеттің жоспарлы кезеңге арналған тапшылығы көлемі негізінде жаңа бастамаларға арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығындары лимиттерін, жергілікті бюджет лимиттерін айқындау;

8) Панфилов ауданының бюджеттік инвестициялық жобаларын, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларын қарастыру және таңдау;

9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ауылдық жерлерге тұру және жұмыс істеу үшін келген мамандарға, әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жұмыстарын ұйымдастыру;

10) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне мониторинг және талдау жүргізу;

11) аудан әкіміне, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына, аудан әкімдігінің жиналыстарына, отырыстарына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы материалдар дайындау және ұсыну;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

3) Бөлімнің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.


Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары


«Панфилов ауданыныэкономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың 1 қазанына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмету туралы есебі


БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА