Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  144
  • Week Visit: 17  558
  • Month Visit: 56  658
  • Years Visit: 501  210
  • Total Page Views: 1  128

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ

 Жалпы мәлімет

Мемлекеттік органның атауы:  «Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ

Пошталық мекенжайы: индексі: 041300, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129

Электронды поштасы:  ardan_kz_13@mail.ru

Байланыс телефондары: 8(72831) 5-14-60, 5-19-86 (факс)


Азаматтарды қабылдау кестесі

 

Апта күндері Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
Сәрсенбі 15.00-16.00 13.00 – 14.30

%d0%be%d0%b2%d0%bf-%d0%bd%d0%b0%d1%87Бөлім басшысы –  Илипов  Марат  Тайлақұлы

     Илипов  Марат  Тайлақұлы 1964 жылы 12-ші қаңтарда Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылында дүниеге келген.1985-1990 жылдары Семей зоотехникалық мал дәрігерлік институтын зоотехник, 2005-2007 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Гвардия ауданы, Калинин ауылында Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі  болып бастаған. 1982-1984 жылдары Кеңес Әскері қатарындағы әскери қызметті болды. 1984-1985 жылдары Панфилов ауданы  «Бірлік» колхозы  тауарлы  сүт фермасының сауын аппаратының механигі, 1990-1991 жылдары Панфилов ет комбинатының жабдықтаушысы, 1991-1992 жылдары Ақсу ауданы Қосағаш совхозының тауарлы сүт фермасының зоотехнигі, 1992-1995 жылдары Панфилов  ауданы Киров колхозының №1 тауарлы сүт фермасының меңгерушісі 1995-1996 жылдары Қызыл крест қоғамының уәкілі, 1996-2002 жылдары Панфилов ауданының мәслихат аппараты мемлекеттік құқықты қорғау және жалпы ұйымдастыру бөлімінің кеңесшісі, 2002-2005 жылдары Панфилов аудандық аумақтық басқармасының жетекшісі, бас  маманы мемлекеттік ветеринарлық инспекторы, 2006-2007 жылдары Панфилов аудандық мемлекеттік  санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас  маман заңгері, 2008-2014 жылдары  «Алматы облысы әкімдігі, бюджеттік  және  банктік  құрылымдар  қызметкерлері»  Кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі  Панфилов аудандық филиалының төрағасы, 2014- 2016 жылдары Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі.

2016 жылы  9 маусымда Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды.                                  Үйленген, төрт  баласы бар.

   


Бөлім қызметкерлері

Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
Мұхаметжанов Ардан Болатұлы Бас маман 8(72831) 5-19-86
Мұқатай Гауһар Нусупқанқызы Инспектор 8(72831) 5-19-86
Қапал Мәрия Аманбайқызы
Инспектор 8(72831) 5-14-60

 


Бөлімнің ережесі


Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Бөлімнің миссиясы: Панфилов ауданында ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функцияларын жүзеге асыру
  2. Міндеттері:

1) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) ауданда Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

3) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік  және саяси зерттеулерді жүргізу.

  1. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс әкімі мен аудан әкімінің қаулы, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

2) саяси және стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру, ішкі саясат сұрақтары бойынша мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру, бірыңғай іс-әрекет жоспарын әзірлеу;

3) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, діни бірлестіктермен,   кәсіподақтармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

4) әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;

5) Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясы хатшылығына ақпараттық-ұйымдастырушылық көмек көрсету;

6) мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша аудан аумағында акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер ұйымдастыру және өткізу;

7) қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық шараларды идеалогиялық қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;

9) мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдану тәжірибесін талдау, ақпараттарды өңдеу мен жинауды жүзеге асыру, осы саладағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

10) «Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдармен қызметтік хат-хабарлар алмасуды жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

2) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

     Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын аудан тұрғындары арасында түсіндіру және насихаттау бойынша аудандық, қалалық, ауылдық округтердің ақпараттық-насихат топ саны – 15, топ құрамындағы мүшелерінің саны – 144.

 

2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша өткізілген іс-шаралар

іс-шара 2016 жылы 2017 жылы
Кездесулер 93 95
Дөңгелек үстелдер 54 62
Баяндамалар мен лекциялар 61 75
Газетке жариялғандар 103 115

Мәлімет

Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәлімет 

Аудандық этномәдени орталықтар туралы мәлімет

Діни бірлестіктер туралы мәлімет

Саяси партиялар туралы мәлімет

Панфилов ауданының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәлімет


БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА