Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 891
  • Week Visit: 10  682
  • Month Visit: 48  565
  • Years Visit: 538  096
  • Total Page Views: 25

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

ПАНФИЛОВ АУДАНЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІ

ҚР ІІМ Жоғарғы оқу орындарына үміткерлерді іріктеу туралы

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы, Қостанай, Ақтөбе және Қарағанды академиялары бюджеттік негізде үміткерлерді оқуға  қабылдайды. Академия күндізгі оқыту факультетінде «Құқық қорғау қызметі» (тергеу-криминалистикалық, жедел-криминалистикалық, жедел-іздестіру, әкімшілік-құқықтық мамандандырулары және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша кәсіби мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Оқыту мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі. Академияда оқу мерзімі 4 жылды құрайды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе Заң институтына бюджеттік негізде үміткерлерді оқуға  қабылдайды. Үміткерлерге қойылатын талаптар: жасы 25 жастан аспаған жоғары білімі бар (заңгер, құқықтану мамандығы болмауы тиіс), Қазақстан Республикасының азаматы қабылдана алады. Оқу мерізімі 2 жыл.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің оқу орындарына оқуға қабылдау ережесіне сәйкес, академияға арнайы орта және жалпы орта білімі бар, ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, оқуға және әскери қызметке денсаулығы жарамды, 17 жасқа толған және 25 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Кешендік тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде және негізгі пән (дүниежүзі тарихы мен математика) бойынша көрсетілген мамандықтар тізіміне сәйкес жүргізіледі. ІІМ-нің білім беру мекемелерінде күндізгі оқу түрі бойынша толық курсты бітірген тұлғалар үшін, оқу мезгілі шұғыл әскери қызметті өтеумен тең болады.

Қазақстан Республикасы ІІМ Академияларының тыңдаушылары оқу кезінде казармалық үй-жайда тұрады, республикалық бюджет есебінен тамақтанады және киінеді, шәкіртақы алады. Алматы облысы Ішкі істер департаменті ІІМ Академияларының түлектерін ІІД-нің қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдеріне қызметке орналастыруға кепілдік береді.

001 002 003 004

Панфилов ауданы ІІБ бастығының

орынбасары Б.Бералиев

Пікірлер қалдыруы жабылған.