Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  139
  • Week Visit: 17  553
  • Month Visit: 56  653
  • Years Visit: 501  205
  • Total Page Views: 748

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Панфилов ауданының қаржы бөлімі» ММ

 Жалпы мәлімет 

Мемлекеттік органның атауы:  «Панфилов ауданының қаржы бөлімі» ММ

Пошталық мекенжайы: индексі: 041300, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Масанчи көшесі, 17 а

Электронды поштасы: panfilovfin_j @mail.ru

Байланыс телефондары: 8(72831) 5-14-43

 


 Азаматтарды қабылдау кестесі

Апта күндері Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
Дүйсенбі 14.30– 17.00  13.00 – 14.30
Сейсенбі 9.00 – 16.00
Сәрсенбі 9.00 -11.00

 


Бөлім басшысы – Мусахметова Гаухар Ақылбекқызы

DSC_4794

 

          Мусахметова Гаухар Ақылбекқызы 1973 жылдың 6 желтоқсанында Алматы облысы, Көксу ауданы Көксу станциясында дүниеге келді. 1990 жылы Алматы халық шаруашылық институтына оқуға түсіп, 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын “Бухгалтерлік есеп және аудиторлік” мамандығы бойынша бітірді.

       Еңбек жолын 1994 жылы өндірістік кооперативте есепші болып бастады. 2002-2007 жылдары Алматы облысының қаржы басқармасында әртүрлі деңгейде қызметтер атқарды.

           2007 жылдан 2012 жылға дейін Алматы облысы, Кербұлақ ауданының қаржы бөлімі бастығы қызметін атқарды. 2012 жылдың 14 қарашасынан Панфилов ауданы қаржы бөлімінің басшысы қызметінде.

 


 Бөлім қызметкерлері

Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
Мухаметбекова Гулнара Несіпбайқызы Бюджетті орындауды       ұйымдастыру секторының меңгерүшісі 8(72831) 5-14-84
Касимбекова Райхан Тұрлаоджақызы      Бас маман 8(72831) 5-25-44
Жүнісақын Ақжан Серікқызы
     Бас маман 8(72831) 5-48-61

Бөлімнің ережесі


Функциялары мен міндеттері

Бөлім заңдарда белгіленген тәртіппен төмендегі функцияларды орындайды:

1) міндеттер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың және түсімдердің жинақтау жоспарларын жүргізу;

2) аудан бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік қаражатты уақытылы және тиімді пайдалану мониторингін жүзеге асыру;

3) Панфилов ауданы бюджеттік бағдарламаларын тиімді орындауына бағалауды жүзеге асыру;

4) аналитикалық материалдарымен мемлекеттік сатып алу бойынша жинақтық есеп беруді жүргізу және мониторингті жүзеге асыру;

5) Панфилов ауданының бюджетін атқару саласындағы қызметтерді жүзеге асыру, Панфилов ауданы бюджетін атқару бойынша бюджеттік есеп пен есеп беруді жүргізу;

6) аудандық бюджеттің түсімдері мен қаржыландырудың жинақтық жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекіту және оларға өзгерістер енгізу;

7) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен ақшалай қаражатты игеруіне мониторингті жүзеге асыру;

8) аудан бюджетінің атқарылуы барысында бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне бағалауын жүзеге асыру;

9) республикалық бюджеттің қаражаты есебінен несиелерді мақсатты қолдануға қызмет көрсету және мониторингін жүзеге асыру, олардың есебін және қайтарымын қамтамасыз ету;

10)   жоғары деңгейдегі бюджеттерден түсетін нысаналы трансферттердің  мониторингін жүзеге асыру және қолданылғаны туралы есебін ұсыну;

11) аудан бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектердің мониторингін жүзеге асыру;

12)  жергілікті   атқарушы  органның   резервіндегі  қаражаттың  жұмсалуы, есепке алу және талдауды жүргізуді жүзеге асыру;

13) коммуналдық меншікті пайдалану мәселесі бойынша тәжірбиеге талдау және жинақтау жүргізу, оның құзіретіне жататын мәселелерді реттейтін актілерді жасауына қатысу, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;

14) коммуналдық меншікті сақтау және пайдалануына бақылауды қамтамасыз ету;

15) коммуналдық меншікті тиімді басқаруды арттыру бойынша аудандық бағдарламаларды әзірлеу;

16) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу;

17) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға беру;

18) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;

19) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүлікті еспке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;

20) сенімгерлікпен басқарушының коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауына бақылауды жүзеге асыру;
       21) коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде үдерісті ұйымдастыру үшін делдалды, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету объектісін сатып алу-сату шартын әзірлеу мен жасауды және сатып-алу шарттары талаптарының сақталуын жүзеге асыру;

22) коммуналдық мүліктік жалға (жалдауға), туралы шешімдер қабылдау;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Панфилов ауданының  қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Бөлімнің негізгі міндеттері

1) аудан бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету;

2) аудан бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына ұсыну;

3) аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік сатып алудың мониторингін жүргізу;

4) аудандық коммуналдық меншікті басқару.


Нормативті-құқықтық база


ЖАЛЫҚТАР

Шекара маңындағы ауылдық округтер бойынша жылжымайтын иесіз мүліктердің тізімі